Талдықорған: +12°C
$ 447.14
€ 499.54
₽ 5.46
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР САЯСАТ

ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ

21 желтоқсан 2018
САЯСАТ
ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БАЯНДАЛДЫ
WhatsAppTelegramFacebook

Биыл ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті мен облыстық Кәсіпкерлер палатасы өзара бірлесіп «Жол картасы» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шара өткізді.

Осыған орай Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында өткен арнайы семинарға облыстық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері, әділет департаментінің, ауылшаруашылығы басқармасының, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мамандары, облыстық мәслихаттың депутаттары қатысып, атқарылған жұмыстың қорытындысымен танысты.

Атап айтқанда, сәуір айында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау бойынша 17 сыбайлас жемқорлық белгісі анықталғаны белгілі болды. Осыған орай сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде тиісті шаралар қабылданды. Сондай-ақ, 2016-2017 жылдары жергілікті атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне, мәслихаттардың нормативтік-құқықтық шешімдеріне, әкімдіктердің нормативтік-құқықтық қаулыларына, әкімдердің нормативтік-құқықтық шешімдеріне жүргізілген түгендеу жұмыстары бойынша облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына тиісті ұсыныстар енгізілді. Одан бөлек, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған және материалдық шығын келтірген лауазымды тұлғаларды қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тарту тәжірибесіне талдау жүргізілді. Талдау қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Қазақстан Республикасының қолданыстағы азаматтық және қылмыстық заңнамасын жақсарту бойынша ұсыныстарды тиісті органдарға берді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 16-бабына сәйкес мемлекеттік мекемелердің ақпараттық жүйелерінің ашықтығы мен қол жетімділігіне және мемлекеттік мекемелердің ресми сайттарына жасалған сараптама бойынша облыстың көптеген мемлекеттік мекемелерінің заңда көрсетілген талаптарды сақтамағаны анықталды. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының 16-бабының 14-тармағына сәйкес мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстағы ақпараттары қазақ және орыс тілдерінде берілуі тиіс. Алайда, көптеген мемлекеттік мекемелердің сайттарындағы ақпараттың қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқалары өзара сәйкес келмейтіндігі белгілі болды. Осыған байланысты мемлекеттік мекемелерге тиісті шаралар қабылдау ұсынылды.

Сымбат Исрапулова,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
облыстық департаментінің баспасөз хатшысы

Қатысты жаңалықтар

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

8 қараша 2026
Махаббат ол…

Махаббат ол…

8 қараша 2026
Кәсіби шеберлік бәсекесі

Кәсіби шеберлік бәсекесі

8 қараша 2026
Ел құрметіне бөленген

Ел құрметіне бөленген

8 қараша 2026
Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Көктұмада жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

8 қараша 2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.