Талдықорған қаласындағы №462 сайлау учаскесіне қаланың белсенді велошабандоздары қауымдастығы «BikeTeam» мүшелері бірге келіп, Құрылтай депутаттарын сайлауда өз таңдауларын жасады.
Күнделікті қала көшелерін велосипедпен аралап, салауатты өмір салтын насихаттап жүрген қауымдастық мүшелері бұл жолы да ұйымшылдық танытып, сайлау учаскесіне команда болып келді.
Велосипед олар үшін жай ғана көлік құралы емес, қозғалыс пен белсенді өмір салтының бір бөлігі. Қалада веломәдениетті дамытуға үлес қосып жүрген «BikeTeam» мүшелері бұл күні де азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
– Бізді велосипедке деген қызығушылық қана емес, ортақ құндылықтар да біріктіреді. Қала өміріне белсенді араласып, маңызды қоғамдық үдерістерден шет қалмау әрқайсымыз үшін маңызды. Сондықтан бүгін команда болып келіп, өз таңдауымызды жасадық. Бұл да біздің ортақ бағытымыздың бір көрінісі, – деді «BikeTeam» велоқоғамдастығының мүшесі.





