Талдықорған қаласындағы №468 сайлау учаскесінде қазақ күресі мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия шеберлері ойындарының алтын медаль иегері Бекзат Манасбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.
Ел намысын талай байрақты бәсекеде абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрініп жүрген спортшы сайлау учаскесіне келіп, өз азаматтық ұстанымын білдірді.
Бекзат Манасбаевтың айтуынша, спорттағы жауапкершілік пен тәртіп өмірдің кез келген саласында маңызды. Бүгін ол өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасады.
Осылайша, талай додада ел мерейін үстем еткен спортшы бұл күні азамат ретінде өз пікірін білдірді.





