Талдықорған: +14°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ЕСЕРСОҚ ҰРПАҚ, ЕСІҢДІ ЖЫЙ!

10.11.2024
ҰЛТ ҰЯТЫ
ЕСЕРСОҚ ҰРПАҚ, ЕСІҢДІ ЖЫЙ!

«Ел болам десең бесігіңді» демей «экраныңды түзе» дейтін заманда отырмыз. Ал ол жерден не көрсетіп жатырмыз? Мен теледидар мен үлкен кинотеатрларды ғана айтып отырғаным жоқ. Күллі экран атаулыдан нені «азық» қылып отырмыз? Міне, мәселе сонда.

Әгәрәки көшеде келе жатып бір топ жастың аузына не келсе соны айтып отырғанын естісеңіз, сол жерде үлкееен бәле жатыр деп есептей беріңіз. Олар кетіп қалған соң орнын көрсеңіздер түсінесіздер. Ауыздары ғана қоқыс емес, отырған жері де дәл сондай болып жатады. Темекі тұқылы, шемішке қабығы, қақырық, сыра мен арақ шишалары, «булбулятор», тіпті, шприц тауып алуыңыз да ғажап емес. Осы сорақылықтың бәрінің басында қалай болса солай сөйлеу, яғни боқтық тұр десем сенесіздер ме? Құй сен, құй сенбе бұл дәлелдеуді қажет етпейтін дүние! Ал бұл боқтық бесіктен белі шықпаған балаларға қайдан жұқты? Әлбетте экраннан. Біз тіпті, топалаңы шыққан 90 жылдар тоқырауында да экранымызды таза ұстаған болатынбыз. Айнала қаптаған сұрқай заманның өзінде біздің киноның тілі «армысыздармен» басталып, «ғафу етіңіз, мархабат, о не дегеніңіз, оқасы жоқтармен» өрнектелуші еді. Тіпті, түрлі боқтығын өнерге балайтын орыс ұлты таза бандитизмді көрсеткен «Бандитті Петербург» пен «Бригадасының» өзінде асқан боқтық сөз қоспаған. Ал біз олардың аузын ұрып кеттік. Біздің кез келген киномызда боқтық қосу сәнге айналды. Енді сәннен мәнге көшіп бара жатқандай. Ол аз болса тілді шұбарлау яғни, қазақша-орысша түсіруді қолға алдық. Ал бұл онсыз да күні қараң қазақ тілін құрдымға кетірудің бірден бір жолы. Осы ретте өз принциптерінен айнымаған саусақпен санарлық актерлардан басқасының бәрі сол шылаудың ми ортасында қалды.

Бұл проблеманы Мақпал Мыса қарындасымыз депутат кезінде күн тәртібіне қойып, мәселе қып көтеріп, депутаттық сауал жолдап жап-жақсы бастап еді, су аяғы құрдымға кетті. «Цензура қажет емес» деген сөз аузыңа не келсе соны отта деген сөз емес екенін ақша қуғандар анық түсінбесе, оларды заңмен қысу керек деп ұсыныс айтам. Ақыры «штрафстан» атанған екенбіз, экраннан боқтық айтқан, айтқызған, жазып берген, жазғызған бәрі-бәрі түгел айып-пұл төлесін. Екі-үш рет айып төлегеннен кейін кейін тоқтатпаса маған кел. Тик-ток та, олардың жұлдыздары да екі елілеріне төрт елі қақпақ қояр еді.

Өткенде бір қаракөз қарындас пен бір қояншықтың «батлын» көзім шалып қалды. Анандай сөз айтып отырған надандар шыға сала адам өлтіре алады деп сендіре аламын. Сұмдық анау. «Біздің жастар хайуаннан бетер бетімен кетті, не болды бұларға?!» деп таңқалатындар оның себебін аузындағы сөзінен іздеуі керек. Кешегі Шерзаттың өлімінің көлеңкесінде адам шошырлық тағы бір қылмыс қалып қойды. Астананың бір топ жастары өз достарын алдап-сулап несие алдырып, кейін биік ғимараттың төбесінен лақтырып жіберіп өлтірген. Солтүстікте бір топ бала бір итті өлімші қылып сабап, қинап, құлақ қуысына петарда салып жарып өлтірген. Ертең адам өлтіре салу олар үшін еш қорқынышсыз дүние болары анық. Бұл дабыл қағатын, жедел шара қолданатын шаруа, ағайын! Шынымен ел тағдырын ойласақ, осыны дереу қолға алайық! Ертең есерсоқ ұрпақ өзімізді есекше тепкілемей тұрғанда есімізді жинайық, халайық!

Нартай Сауданбекұлы,
тетар және кино актері
Астана қаласы

 

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.