Талдықорған: +16°C
$ 485.55
€ 563.38
₽ 6.81
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

Қазақ тілі: Өткеннің аманаты, болашақтың кілті

28.05.2026
ҰЛТ ҰЯТЫ
Қазақ тілі: Өткеннің аманаты, болашақтың кілті

ЖИ

WhatsAppTelegramFacebook

«Тіл үшін күрес неге жүріп жатыр? Қазақ тілінің арғы жағындағы мәселе – жер. Біз мына жерді қазақ  болып, қазақша сөйлеп қана қорғай аламыз».

Ұлт көсемі Әлихан БӨКЕЙХАН

Бірінші оқиға:

Музей түні. Қызметкерлер балаларға арнап түрлі ойын ұымдастырып, екі топқа бөліп, ойын шартын түсіндіре бастады. «Ойын қазақша ма не?» деген үлкен кісінің даусы естілді. «Девочки, сендер қазақша түсінбейсіңдер ғой. Жүріңдер» деп қыздарын ерте кеткен орта жастағы ана қызметкерге қарап: «Тате, олар орыс сыныбында оқиды. Қазақша сөздерді түсінбейді. Неге орысша ойын ұйымдастырмадыңыз?» деді.

Ана тілімізді қазақтың қара домалақ баласы керек етпегені нағыз қасірет емей немене? Осыдан кейін біз өзгелерне не айта аламыз?

Екінші оқиға:

«Ұлым қазақ тілі сабағынан 3 алыпты. Бірақ орыс тілінен 5. Болашақта бәрі орыс және ағылшын тіліне көшеді. Әзірге 4-сыныпты аяқтағанша оқи тұрсын. Кейін орыс сыныбына ауыстырамын». Дәл осындай ойда жүрген аналар қатары жыл сайын артып келеді. Көпшілік «Бала орыс, ағылшын тілін білсе болды. Қазақ тілін кейін де үйренеді» деп топшылайды. Ана тілін үйретуге құлықсыздар көбейген заманда өмір сүрудің өзі қорқынышты көрінеді кейде.

Өз алдымызға азат ел болып, шаңырағымызды көтергелі биыл – 35 жыл. Біз тілге тиек еткен тақырып та күн тәртібінен ешқашан да түскен емес. Тіпті, мемлекеттік тіл туралы көп айтылып, көз майын тауысып, жанарын жасытып жазып, биік-биік мінберлерде тілдің болашағы жайында салмақты пікір айтып жүрген жанашыр жандардың қатары жыл сайын азайып бара жатқаны алаңдатады.

Тәуелсіздік алғалы бері мемлекет тарапынан тіл туралы талай-талай қаулы қабылданды, Жарлыққа қол қойылды, түрлі бағдарлама іске қосылды. Бәрін оқыдық, көрдік, аз да болса атсалыстық. Бірақ  не өзгерді? Қандай жетістікке қол жеткіздік? Бұл сұрақ қойылғанда нақты жауап бере алмай, абдырап қалатынымыз рас-ақ.

АНА ТІЛІ. Жалпы, осы тілдің кешегі мен бүгінгі тарихын саралағанда, болашағы жайлы ой қозғағанда санаулы бір топқа ғана керектей көрінеді. Ал діні, ділі қазақ болса тұра санасы орыстанған, еуропаланған шала қазақтарға бұл мәселесің бес тиын.  Тіпті, оларды тілдің  болашағы жайлы ой мазалайды деп айтудың өзі қиын. Олардан туған балаға да «ана тіліңде сөйле, айналайын» деп айта алмаймыз ғой. Сондықтан болар, өзге ұлттың қазақша тақылдап тұрғанын көрсек айналып, толғанып, төбемізге көтереміз. Біз осындай үйреншікті сүрлеуден шыға алмай, сүйретіліп жүрген кезде қасиетті ана тілімізді біржола жоғалтып алмасақ болар еді?

«ҚАЗАҚ ҚАЗАҚПЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕССІН». Біраз жыл бұрын дәл осындай тақырыпта мемлекеттік бағдарлама болғанын ұмытпаған боларсыз? Бір қарағанда тәуір бағдарлама дерсің. Алайда қазақ пен қазақты ана тілінде сөйлету үшін мемлекеттік деңгейде мәселе көтерілгені әрине, ұят тірлік. Ел болып осыған атсалыссақ та жақсы нәтиже көре алмағанымыз елдігімізге сын. Осы бағдарламаны көрген өзге ұлт өкілдері алдына жан салмай, қазақ поэзиясын да, әнін де, жырын да айтты. Тіпті, ұлттық киімдерді де үлгі етіп, үстіне ілді. Ал біз тағы да солардың әрекетін ерлікпен пара-пар көріп, төрдің төрінен орын ұсындық.

Ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейтеміз десек,  ең алдымен мемлекеттік қызмет қазақ тілінде көрсетілуі керек. Қай ортада, қай салада болсын мемлекеттік тілге басымдылық берілгені жөн. Ал бізде бәрі керісінше жүзеге асады. Мәселен, мемлекеттік қызметкер жиында: «Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Мен бәріне түсінікті болуы үшін баяндамамды орыс тілінде жасасам» деп орысша баяндаманы судыратады.Ал сол жиынға қатысып отырған қауымның 90-95 пайызы қазақ. Олардың да еті үйренген ешқайсысы орнынан тұрып, «қазақша айтыңыз» деуге жарамайды. Себебі – дәл осындай көрініске еті үйреніп кеткен. Сонда жиылған көп қазақтың бір-бірін қазақ тілінде түсінбейтіндей бастарына не күн туды?

Әкенің қанымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміз басқа ешбір елде қолданбайды. Мемлекеттік тіл мәртебесіне де ие бола алмайды. Бұл – АҚИҚАТ. Қазақ тілінің бір ғана ОТАНЫ БАР. Ол – ҚАЗАҚСТАН. Міне, біздің қасиетті тіліміздің салтанат құрып, мерейі асқақтайтын мекен дәл осы жер. Сондықтан ана тіліміз тек қазақ баласына керек екенін естен шығармасақ болғаны.

Жалпы біз марқайып, мақтанғанды жақсы көретін халықпыз. Шынымен әлемге жар салып айқайлап, бөркімізді аспанға атып мақтануға тұрарлық дүние көп. Мәслен, бірде-бір түркі тілдес халықта он томдық түсіндірме сөздік жоқ екенін кеудені ұрып айтуға болады. Мұндай құнды әрі бағалы, алтыннан да қымбат қазына, байлық тек ҚАЗАҚТА ҒАНА БАР. Сөзіміз дәлелді болуы үшін тағы да бір мысал келтіре кеткенді жөн санадық. Мәселен, қазақтың бір «ақ» деген сөзі 130 синонимдік мағынаға ие екенін бірі білсе, бірі білмес. Осыдан-ақ ана тіліміздің қаншалықты бай екендігін аңғаруға болады. Осынау бай, әуезді, ырғақты, мәнерлі, шұрайлы, құнды, сарқылмас бұлақтай таза, көркем тілді дамытамыз, мәртебесін асырамыз деуіміздің өзі үлкен қателік емес пе? Қысқасы, біз мақтанып жүрген қымбат тілді баянды ету үшін күнделікті өмірде қолданғанымыз жөн. Егер тілдің қоданыс аясын кеңейтсек, ол жетіле түседі, толыға береді. Ал, мемлекеттік тілдің қызметін сәл де болсын осалдандырсақ, тіл қолданыстан шығып, жойылады. Біз бірінші жолды таңдап, қазақтың қасиетті тілін өшірмей, өсіруге атсалысайық.

ТІЛШІ ТҮЙІНІ: «Күллі Қазақ даласы маған ән салып тұрғандай көрінеді». Белгілі этнограф ғалым Григорий Потаниннің осы бір-ақ ауыз сөзінің астарында терең мән де, мағына да жатыр. Енді қараңызшы, шетелдік ғалымдар біздің тілдің тереңдігін, шұрайлы һәм бай екенін тамсанып, таңдай қағып айтып жатқанда біздің бір-бірімізге «қазақша сөйлесейік» деп жүргеніміз ұят тірлік емес пе? Тегінде қазақ қазақ болғалы әй бастан-ақ қасиетті сөз қонған. Данагөйлеріміздің «Сөзде кие бар. Сөз – құдірет. Ауыздан шыққан әр сөзге терең мән беру керек» деуі де тегін емес. Ал сөзден кие кетсе, қазақтан қасиет те, құт та, береке де, байлық та кетеді. Сондықтан ҚАЗАҚ ТІЛІ –  өткеннің аманаты, болашақтың кілті екенін ұмытпайық. 

*Маман кеңесі

Әйгерім МОЛДАБАЕВА,

«Тіл» оқу-әдістемелік орталығы Ескелді аудандық филиалының меңгерушісі:

 – Мемлекеттік тілдің деңгейін көтерудің арнайы технологиясы немесе күрделі алгоритмі бар деп мәселені қиындатудың қажеті жоқ. Тілге деген құрмет әр азаматтың өзінен, өз отбасынан басталуы керек.

Жүрегі қазақ деп соққан әр азамат күнделікті өмірде қазақша сөйлесін, қазақ тілінде қызмет көрсетіп, қазақша қызмет алуға ұмтылуы қажет. Отбасында қазақы құндылықтарды дәріптесін, ұрпағын ана тілінде сөйлеуге тәрбиелесін! Сонда ғана тілге деген қажеттілік пайда болады. Ал қажеттілік болған жерде тілдің қолданыс аясы кеңейіп, деңгейі де көтеріледі. Қажеттілік болған кезде ғана қазақ тілі ғылымда да, бизнесте де, әлеуметтік желі де салтанат құрады. Әр азаматтың мемлекеттік тілде әуезді сөйлеп, сауатты жазып, тілдік тұлға деңгейіне жетуге ұмтылуы – үлкен жетістік әрі елге деген құрметтің белгісі.

Мемлекеттік тілдің дамуына өзге тілді кінәлаудың да қажеті жоқ. Әлемде миллиондаған адам сөйлейтін тілдің барлығы да үздіксіз қолданыс пен сұраныстың арқасында дамып жатыр. Сондай-ақ мемлекеттік тілдің дамуына тек арнайы ұйымдар мен тіл мамандары ғана жауапты деген пікір қате. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру – баршамызға ортақ міндет. Оған қызмет етудің ең қарапайым жолы – күнделікті өмірде, кәсіби қызметіңізде қазақша сөйлеу. Тілдің болашағы үшін балаңызбен бір ауыз болса да қазақша сөйлессеңіз БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЫСЫЗ.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

Астанада V Еуразия экономикалық форумы басталды

28.05.2026
Қазақстан мен Ресей президенттері емен көшетін екті

Қазақстан мен Ресей президенттері емен көшетін екті

28.05.2026
«Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды

«Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағыты іске қосылды

28.05.2026
Бірегей жоба: Тарих түгенделіп, құндылық құнтталмақ

Бірегей жоба: Тарих түгенделіп, құндылық құнтталмақ

28.05.2026
Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Қазақстан мен Ресей президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

28.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.