Талдықорған: +13°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ҰЛТ ҰЯТЫ

ТАҚ ПЕН ТҰҒЫР ТАЛАСЫ…

10.11.2024
ҰЛТ ҰЯТЫ
ТАҚ ПЕН ТҰҒЫР ТАЛАСЫ...

Патшалардың тағы мен тұғырында шаруам жоқ, адами тұрғыда кім биік, кім аласа? Кім мадаққа, кім мазаққа лайық? Ойланатын сауал ма бұл?! Қатарынан айтылған үш ауыз сөзге сұрақ белгісін қойдық, яки бұлар кәдуілгі сауал ғой. Онда мұның жауабын қай данышпан берер екен. Белгісіз. Әйел мен еркектің, ана мен әкенің арасындағы сезімнен ауаша айтылар сөз бар, ол – қайсысы мықты, қайсысы парасатты, қайсысы құрметке лайық деген дүние-дүр. Ал маған бұл сауалдар түкке тұрғысыз…

Адамның болмайтын дүниеге шыр-пыр күйге түсіп, күйгелектеніп, өнбейтін нәрсеге өбектейтіні несі? «Бас қатырар тақырыпты таңдайға салсаң дәмі жоқ бірдеме болып шығарын осы біздің замандастар білмей-сезбей жүр ме?» – деп ойланасың кейде. Классик жазушы Ги де Мопассан да қарап жүрмей: «…Шын сүйе алатын әйел ғана» депті ғой адамды күйдіріп. Оны жылы қабылдаған бір ару: «Еркектер қауымы сүюді білмейді, оны мықтылар мойындаған» деп елпілдей жөнелгені.

Қарақұс тұсынан жыным бүріп сала берді. Сосын оған Ләйліні аңсап көзі ағарған, көңілі қарайған, саналы ғұмырын сұлуының саусағынан бір ұстасам ғой деп сарп еткен Мәжнүннің қиссасын толғадым. Ақыры Ләйлінің қабіріне барып жылап-жылап сол жерде жан тәсілім болатын, сүйегі ағарып топырақ бетінде жылға жуық жататын аңыздан ақпар бердім. Жыл өткен соң тірісінде қосылмаған ғазиз жандар қабірде бірге болсын, мақшарда қауышсын деп Ләйлінің «жер бесігін» ашып, жанына Мәжнүнді арулап көмгенін қоңсыттым.

Байқасам, Мәжнүн махаббатының көлеңкесіне күллі еркекті саялатып жіберген секілдімін. Біздің еркектер қауымында да жалған, шын, есеппен сүйетін, былайша айтқанда түрлі санаттағы махаббати науқастар бар ғой. Неге бәріне Мәжнүн ерлігін үлестіруім керек деп ойлап тұрып: «О, тоқтаңыз, мұндай алапат махаббат Зылиханың басынан да өткен», – дедім тағы бір қиссаны қиыстырып. Жүсіп пайғамбарды түсінде көріп ғашық болып, оны Мысырға іздеп баратын, 40 жыл алапат сезім отына өртенетін Зылиханың зар-запыранын толғап жаттым. Жүсіп-Зылиха дастанын термелеп біте бергенде қауашағыма тәтті түйін келді. «Сүю ер-әйелге тән. Бірақ махаббаттың ұлы болуы адамның жынысына емес, жүрегіне байланысты қалқатай», – дедім мидағы көрікті ойдың ауыздан шыға бере сұрын, сұрқын қашырып.

«Бәрібір еркектер опасыздау!» – деді дүрдиген ернін дүниеге тегіс сылп еткізе. «Қап, мына жүзі жылы, сөзі аяз аруды-ай» деп күйіндім.

«Сіз өзі кітап оқымайды екенсіз. Адамның адамдығы мен асыл қасиеті бабаларымыздың сөзінде тұр ғой. «Бабалар сөзі» 100 томдығының ең болмағанда алғашқы кітабын оқысаңыз «Сыршыл молда» дастанын көресіз, онда осы хәл баяндалған.

Бір елдің айдай сұлу ханшайымы алыстан іздеп келген ханзадаға: «Еркектер опасыз, өйткені мен оны еліктің оқиғасынан білем» дейді ханшайым. Сосын өзен тасып, сол тасқынға кеткен лағын құтқарамын деген аналықтың қоса тажалға жұтылғанын, аталығы қара басын қорғап қашып кеткенін айтады. Сонда ханшайымның сөзіне уәж айтқан ханзада: «Мен де әйелдердің опасыз жаратылыс екенін айғақтайтын дүниені көзіммен көргем. Сарайымның бақшасы отқа оранып, аналық құс балапандарын тастап жалынға шыдамай безіп кетеді. Аталық байқұс әлгі жұмыртқаны жаңа жарған балапандарын қорғаймын деп өртенеді. Содан мен де: «Егер ұрғашы жаратылысы осыншалық опасыздыққа бейім болса, мен ондай махаббатқа түкірдім», – деп түйгенін ханзада құйқылжытыпты дедім.

«Ал, содан… ханзада мен ханшайым не істеген?», – деді қиқар қалқатай. «Екеуі де дүние сырын аңдап, жаратылыстың жақсы-жаман, опалы-опасыз болуы жынысқа, нәсілге қарамайтынын, тек жүрекке байланысты екенін сезініп, некелесіпті», – дедім.

Әлгі дүрдек ерін тағы да сылп етті. Сосын: «Бәрібір ана махаббаты – ұлы» деді өзеуреп. «Таласыңыз тамамдалар емес қой», – дедім де ана махаббаты алапат екенін, оны Мұхаммет пайғамбар (с.ғ.с) хадисі арқылы айшықтағанын мақұлдадым. Десе де 10 ағасының опасыздығынан 40 жыл елден кеткен Жүсіп пайғамбарды сағынған, жоқтаған, іздей-іздей табаннан тозған Жақып пайғамбардың екі көзі жылаудан ағарып кеткенін, көрдей болғанын жеткіздім. Жақып пен Жүсіп қауышып жылағанда періштелер әке мен бала махаббатына тамсанып мадақ айтқанын да қалқатайдың қауашағына сыналап енгіздім. Сосын ана мен әке қашанда тұтас бір болмыс екенін, «екі жарты бір бүтін» сөзі сондықтан айтылғанын мақауға тура келді.

«Ананың құрметі, тұғыры биік бәрібір» деді қиқар қалқа. Әлбетте. Ең алғашқы құрметті, сыйды анаға көрсету керек деген хадисті еске салдым. Десе де, әкесімен танымастықтың салдарынан күрескен Мәғдидің ұялғаннан қара жерге кіріп кеткенін, әкесіне ат үстінде сәлем берген қателігі үшін Жүсіп пайғамбардың ұрпағынан пайғамбар шықпағанын атауға тура келді. Сосын барып: «Сіз айтқан шын сүю, опалы һәм құрметке лайық болу адамның өзіне, жүрегіне, адамдығына байланысты. Ананың орнын әке, әкенің орнын ана баса алмайды. Әркімнің өзіне лайық тұғыры бар шығар?» дедім жымиып.

«Мопассаннан түйсікті, сезімтал әрі ақылды емессіз», – деді де ерінін сылп еткізіп кете барды қалқатайым.

…Шындығында менің патшалардың тақ пен тұғырында таласым жоқ, ал еркек пен әйел тұрғысында да таласқым келмейді. Бірақ неге осы қотыр сауал төңірегін қоғам жиі төңіректейді, ә?!

Шыңғыс ШАХАН,
Талдықорған қаласы

Фото: avesta.tj 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.