Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылы әу бастан ынтымағы жарасқан ауылдар қатарынан. Елді мекеннің ақсақалдары да көпке үлгі. Өйткені олар мұндағы тұрғындардың бірлігін жарастырып отыр.
Соның бір айғағы елді мекендегі №174 және №175 сайлау учаскелерінде ауыл тұрғындары «Бір ауыл – бірлікпен» ұранымен Құрылтай сайлауына бір мезетте қатысып, өз таңдауларын жасады. 450-ге жуық тұрғынның бір уақытта дауыс беруі – ауыл халқының ұйымшылдығы мен ел өміріне деген белсенді азаматтық ұстанымының жарқын көрінісі. Бұл бастама тұрғындардың ортақ іске жұмыла қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын аңғартты.
– «Береке- бірлік бар жерде өркен жаяды» деген көнеден жеткен сөз бар. Ауылдың аға буындары қай кездеде жастарға үлгі көрсетеді. Өйткені жастар айтқанды емес, көргенді істейді. Ел болашағы таңдалар тұста аға буын бастап, жастар қостап, Құрылтайға дауыс бердік. Жарқын болашақ үшін! – дейді ауыл ақсақалдары.
Бірлікті ту еткен ауыл тұрғындары осылайша сайлауда да бірлікпен дауыс берді.






