Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ҒАСЫР ТОЙДЫҢ КЕРУЕНІ

03.05.2024
ЖАНСАРАЙ
ҒАСЫР ТОЙДЫҢ КЕРУЕНІ

Қасіреті қою түскен кешегі ғасырдағы алапат оқиғалардың негізін бір ғана ұлттың тарихына таңып қою қателік болар. Семей ядролық полигонының зардабын тартқан елдің ұрпағы ретінде осынау жан түршігерлік сынақты адамзатқа ортақ трагедия демеске шара жоқ. Аңыраған ананың, қаңыраған даланың сәбиі мен төлінде де болмыстық кемшілік көзге ұрып тұрды. Көзі, құлағы, аяғы мен қолы жоқ шақалақтар дүниеге қайғы еміп, қасірет шегіп келді. Одан өткен зор зобалаңын термелеуге тіпті тілдің де құдіреті аздық етер-ау…


Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында сахналанған «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасын тамашалаған жетісулық жұртшылық жанарынан жас үзді. Кірпіктен сөгілген көздің кермек жасы кеудені көмді. Көрермен қойылым соңында қасіретті жылдардың қаншалықты салмақты екенін түсініп-тұшынып қайтқандай көрінді.

Иә, қасиетті Жетісу жеріне ат басын бұрған М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 4 күнге жалғасар гастрольдік сапардың беташарын Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасымен бастады. 

Театр өнерінің тарландары мен қазақ халқының мақтаныштарын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов бастаған зиялы қауым ықыласпен күтіп алды. Өз кезегінде журналистермен баспасөз-конференциясын өтіп, онда іссапар барысы, керуен тартқан өнер көшінің мәні мен мазмұны айтылды. 

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев бастап, жетісулық көрермен тебірене тамашалаған «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасы алдында сахнаға Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов пен М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық  драма театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек  көтерілді. Ұлт мақтанышы Асанәлі Әшімов «Абай» қойылымындағы хакімнің шәкірті Айдардың монологын оқыды. Осыдан 67 жыл бұрын театр сахнасында оқыған бұл монолог өмірлік мәнге ие парасатты пайымдардың, жүрек толқындарының, жан тебіреністерінің ұшқыны екенін айшықтап, Жетісу еліне ақ батасын берді. Өрендер мен өнерге сусаған өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбиеден, ата ділден, ана тілден нәр дарытыңдар деп тіледі. Өз кезегінде сөз алған театр директоры Еркін Тілеуқұлұлы:
– Енді екі жылдан кейін, яғни 2026 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық  театрына 100 жыл толады. Ғасыр ғұмырға аяқ басып келе жатқан ұлы өнердің ошағы сол қуанышты күні бұрын бастап, ел-жерді аралауды мақсат етті. Облыс әкімі Бейбіт Өксікбайұлымен ақылдаса отырып, торқалы тойға орайластырған өнер көшін жер жаннаты Жетісудан бастауды жөн көрдік. 4 күн бойы бекзат өнердің берегей туындыларын назарларыңызға ұсынатын боламыз, – деп тебіренді.

Жанарға жас ұялатқан қойылымды күрсініп, аһ ұрып көрмеске дәрмен бар ма?! «Қайран, қазақтың дарқан даласы-ай. Қайран, Алаштың ақкөкірек, ғазиз жүрек анасы-ай. Сенің өскінің мен төліңнен тартып, түгелі қасірет шегіп, қара жамылыпты-ау. Құтты құрсағыңды айлар бойы тепкілеп жарық ғаламмен жанар суарғысы келген шақалақтың өзі дүниеге мүсәпір, жарымжан болып келген соң ядролық сынақтың трагедиясын тағы немен мысал етейін?», – деп тебіренген жүрегіміз шын езілді.

Әйгілі режиссер Болат Атабаевтың сахналауымен сырбаз жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қасіретнамасы осылайша жорғары деңгейде өрнек тапты. Адамзат баласына тілемейтін қасіретті 30-дан жаңа асқан біз, тәуелсіздік жылдары туған ұрпақ бір қойылыммен-ақ терең түсіндік. Тебірене сезіндік. 

Айта кетерлігі, М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық  драма театры 4 күн бойы жетісулық көрерменді өнермен сусындатып, «Қоштасқым келмейді», «Қожанасыр тірі екен», «Жан әке» спектакльдерін ел назарына ұсынатын болады.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.