Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАҒЫ ЖАНҒАН КҮН

28.06.2024
ЖАНСАРАЙ
БАҚ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАҒЫ ЖАНҒАН КҮН

Журналист ол қоғамның шынайы бет-бейнесін көрсететін, жалған мен ақиқаттың аражігін бажайлай алатын құрметті кәсіп иесі. Оның кәсібіне адалдық танытуы, мемлекетшіл азамат болуы аса маңызды. Қаламды қару еткен қаламгерлердің еңбектерінің еленгенін күллі жұрт қаламайды емес, қалайды. Осы ретте облыс орталығындағы Б. Римова атындағы драма театрында тілшілер қауымының мерекесі аталып өтті. 


Салтанатты шара шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түрді. Журналистерді айтулы мерекесімен құттықтап, алғаусыз алғысын жеткізіп, арнайы марапаттады.

– Қай кезде де журналистика саласының жүгі ауыр. Бүгінгідей әлемдік ақпараттар ағыны тасқындаған кезеңде кәсіби журналистерге артылатын міндет бұрынғыдан да еселене түсуде.   Қазіргі таңда адам өмірі ақпаратқа толы.  Соның ішінде жағымдысы да, жағымсызы да, ақиқаты да, жалғаны да, дұрысы да, бұрысы да жетерлік. Әлеуметтік желіде жел сөзге дем беріп, жалаулатып әкететін жандар аз емес. Осындай сәтте қандай ақпарат болсын, нақты дерекке сүйеніп, шынайы жеткізу – журналистің қоғам алдындағы азаматтық борышы екенін айтқым келеді. Ашық ақпараттық кеңістік құра отырып, ел тәуелсіздігін сақтау, мемлекеттігімізді қорғау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін де ұмытпауымыз керек. Барша БАҚ өкілдеріне мықты денсаулық, толайым табыс, берекелі ғұмыр, отбасыларына амандық тілеймін. Еліміз өсіп-өркендей берсін, жазатын жақсы жаңалықтарыңыз көп болсын, – деді ол.

Аймақ тілшілері облыс көлемінде ғана емес, республика деңгейінде де өз бағасын алуда. Биыл «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Әміре «Құрмет» орденімен, «Казахстанская правда» газетінің Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Дина Боранбаева, «Жетісу» телеарнасының редакторы Надежда Белова, режиссері Айдар Құсаинов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталып отыр. Бұл туралы салтанатты жиында айрықша аталып өтті.

Шара аясында әріптестеріміз Мырзағали Нұрсейіт «Еңбек ардагері» медалімен, Мәди Алжанбай «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, Дастанбек Садық ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен,  Гүлжан Тұрсын облыс әкімінің құрмет грамотасымен, Серік Қантаев Жетісу облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Осындай марапатқа өзге де БАҚ өкілдерінің  журналистері иеленді.

БАҚ өкілдері арасындағы «Самғау» байқауы биылдан бастап «Құлагер» деп  өзгертілді. Журналистер күніне орай байқаудың да қорытындысы жарияланды. «Үздік мақала» номинациясы бойынша әріптесіміз, «Jetisý» газетінің бөлім редакторы Асыл Сұлтанғазының мақаласы топ жарды. «Ардагер журналист» номинациясымен Нүсіпбай Әбдірахым марапатталды. «Үздік телесюжет» номинациясын республикалық «Хабар», «24 KZ» телеарналарының Жетісу облысындағы меншікті тілшісі Гүлнар Жантасова жеңіп алды. «Жетісу» телерадиокомпаниясының таспагері  Жасұлан Шынкенже «Үздік оператор», «Жетісу» телерадиокомпаниясының бейнедизайнері  Ілияс Сапарбекұлы «Үздік бейнедизайны» номинацияларының иегері атанды. Ал, «Үздік баспа дизайнері» «Вестник Жетісу» газетінің  дизайнері Галина Абильдиноваға бұйырды. «Әлеуметтік желідегі өзекті мәселе» номинациясын блогер Дина Балхашқызы еншіледі. Бейсен Құранбек атындағы «кәсіби шеберлігі үшін» номинациясын «Жетісу» телерадиокомпаниясының тілшісі Гүлжан Қызайбай жеңіп алды.

Мінберге көтерілген ҚР құрметті  журналисі Мейрам Базарұлы журналистерді айтулы мерекемен құттықтады. Тілшілер қауымын ақпарат аламанында үздіктердің қатарынан көрінуге, істерінің табысты болуына тілек білдірді.

Ардагер журналистен кейін артынша сөз алған «Jetisý» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Жұматай Әміре барша БАҚ өкілдеріне бақ тілеп, ізгі тілегін арнады.

– Жетісу жеріне Астанадан алып ұшқан көңілмен келіп қонғаныма аз ғана уақыт болды. Сол керемет көңіл-күймен өз әріптестерімнің ортасына келіп, әрқайсысының жеткен жетістігіне бірге қуанып отыру шынымен де  үлкен бақыт. Мұндай марапаттар біздерді масайратпайды, керісінше, шабыттандырады. Мемлекет басшысы өзінің сөзінде былтыр журналистерге  60 пәтер берілгендігін, биыл соны 67-ге жеткізетіндігін атап өтті. Астанадан басталған ақжолтай жаңалықта алдағы уақытта өңірлердегі тілшілердің де сондай құрметке ие болатындығы айтылды. Болашақта осы сахнада басшылардың қолынан жеке үйдің де кілтін алып жатуға жеткізсін дегім келеді, – деді ата басылымның басшысы Жұматай Әміре.

Журналистер күніне орай ұйымдастырылған шара әрмен қарай концерттік бағдарламамен жалғасты.

Медет ЖҰМАБАЙ
 

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.