Талдықорған: +23°C
$ 532.74
€ 617.23
₽ 6.77
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Cырбаз азаматы һәм сөз сардары

Журналистика мен әдебиет дейтұғын қос арнаның жағасында жылт еткен бейнесі мен жұмбақ болмысы қатар жүретін санаулы саңлақ бар десек, соның бірі де, бірегейі де облыстық «Жетісу» радиосының жетекшісі Есболат Айдабосын. Иә, бұл кісіні көрген жан бірден түйсінеді: көпке беймәлім, бірақ бәріне қадірлі. Жарқылдап жанға түспейді, жалт етіп көзге ілікпейді. Жанынан бір өткесін, ішіңде бір дір етіп, «мына кісі тегін жан емес-ау» дейсің. Солай дегізетін де табиғи тектілігі.

28.06.2025
ЖАНСАРАЙ
Cырбаз азаматы һәм сөз сардары

Аға буынның өкілі ретінде біз секілді жастың алдына шырақ етіп ұстар тұлғасы бар. Бітімі бөлек. Сөзі – мір, ойы – терең, болмысы – байсалды. Жанына көп кісі жуый бермейді. Бәлкім, өзі де елге етене араласқанды ұната бермес. Мүмкін, жастау шағында (біз өмір көрмей тұрған шақта) ашық-жарқын болған шығар. Жоқ, бәлки, баяғыдан осы мінезімен томаға-тұйық, сырбаз күйде келе жатқан болар? Кім білсін?!

Бір білетініміз, Есағаңның сөзі де, өзі де дара. Қалам ұстаған қауымның ішінде тіліне «тіл біткен» аз адам болса, соның бірі осы кісі. Сөйлесе, ойды шегелеп айтады. Сөйлемесе, ол да бір себепті. Мүмкін, сөзінің сұйықтығынан емес, сыр тартар адамның салмағы аз болған соң шығар. Әлде, арзан әңгімеден арын алшақ ұстағаны ма? О жағын тағы кім білсін?!

Бірақ Есболат Айдабосынның жүрегі жылы. Бір рет мейірі түссе, өзіңді «бақытты» санайсың. Мен де сол маңдайыма біткен бақытты сәттің иесімін. Неге десеңіз, жас журналист ретінде маған Есболат аға сұхбат беруге келісім берді. Қалай десек те сол сұхбат, міне, алдарыңызда.

– Сұхбат беруге келіскеніңіз үшін алғысымды білдіремін. Алдымен әңгімені мына сауалдан бастасақ. Бүгінде журналистика саласына маман даярлайтын оқу орындарының саны күрт артты. Ал бір кездері бұл мамандық тек санаулы жоғары оқу орындарында оқытылатын. Сапа мен санның аражігін ажырату қиынға айналған қазіргі кезеңде бұл үрдіс сізге қалай әсер етеді? Кәсіби көзқарасыңыз қандай?

– Мен бұрынғы АлМУ, қазіргі ҚазҰПУ-дің филология факультетінің түлегімін. Біз оқыған жылдары қазақ тілі мен әдебиеті деген бөлім болатын. Сол бөлімнің жанынан 2000 жылдары қазақ тілі мен ағылшын тілі деген бөлім ашылды, бертін келе олар бірнеше бөлімге көбейді. Неге десеңіз, қоғамда ағылшын тіліне деген сұраныс артты. Сол себепті университет басшылары сұранысқа сай ұсыныс жасады. Журналистика бойынша да солай. Ұлттық университеттер бар, басқасы бар, журналистика факультетін ашып, маман даярлап келеді. Бұл, әрине, сапаға әсер етіп жатқаны да рас. Өйткені бес саусақ бірдей емес, барлығына бірдей білікті маман жете бермейді. Біліксіз мұғалімнен білімсіз шәкірт шығады.

– Енді әңгімені өзіңіз қызмет еткен телеарна төңірегіне бұрсақ. Ақпарат айдынында сараптамалық бағытта ойы терең, қаламы қарымды журналистер аз болмағаны анық. Осы орайда, сол ортада шеберлігімен ерекше көзге түскен аға буыннан, өзіңізбен қатар жүріп, бүгінгі күні биіктен көрініп жүрген замандастарыңыздан үш-үш әріптесіңізді атап өтсеңіз. Әрқайсысының ерекшелігін қысқаша сипаттап берсеңіз, тіптен керемет болар еді…

– Мен телеарнаның ақпараттық бағдарламаларында жұмыс істегем. Сол себепті сол бағытта сөйлейін. Алдыңғы буын ағалардан айтар болсам, бірінші – Ғалым Боқаш. Ол кісінің «Мезгіл» деп аталған сараптамалық бағдарламасын көпшілік әлі ұмыта алмай жүр. Екінші – Серік Әбікенұлы. «Сөз сойылы» деген қоғамның көлеңкелі тұстарын жіліктеп, таразылайтын тамаша жобасы бар еді. Үшінші Дина Төлекова. Ол аналитик-репортер адам. Екеуінің қай-қайсысына салсаң да қопарып алып шығады.

Ал өз буынымнан Айбек Қобдабайды жоғары бағалаймын. Қазақы тіркестердің қоймасы іспетті адам. «Абай» телеарнасын басқарып отырған Еркін Таңатқанұлы да бір мықты. Ол әбжіл тілші ғана емес, терең сарапшы маман. Думан Мұхамедкәрім де осал емес. Думан таза репортер. Репортаж жасаудың шебері болды. Сараптама жасауда малтығып қалатын, ал оқиға орнынан репортажды жақсы жасайды. Бізде журналистерді жұмсауда қабілет-қарымына мән бермейді. Репортерлерге сараптамалық материалдар беріп қояды, ал сарапшылар арнайы репортаж жасап терлеп жүреді. Жазатын журналистер болады, орысша айтқанда пишущий, сонымен бірге сөйлеуге құмар, шешен журналист болады. Жазатындар сөйлей алмауы мүмкін, ал сөйлегіштер жаза алмауы мүмкін. Сол себепті әрқайсысын өз ыңғайына қарай бағдарламаларға салған ләзім. Елдің бәрі Бейсен Құранбек емес қой, қай салаға салсаң да жол табатын.

– Ол кісі қандай еді?

– Бейсекең бесаспап. Ақпараттық бағдарламада ұшқыр журналист болды, ток-шоу жанрында да топ жарды. Тіпті ойын-сауық хабарларын берсе де іркілмес еді деп ойлаймын. Бейсен Құранбек телеарнада төңкеріс жасаған тұлға. Ол қоғамдағы мәселені телебағдарлама арқылы шешуге болатынын дәлелдеген журналист. Бұрын бізде «телеарнаның міндеті мәселені көтеру, қоғамдық пікір туғызу. Ал оны шешу құзырлы, өкілетті органдардың міндеті» деген түсінік болатын. «Айтуға оңай» мен «Қарекет» сол стереотипті жоққа шығарды. Телеарна арқылы талай адамның мәселесі шешілгенін ел біледі. Бейсекеңнен кейін осы бағыттағы, осы мақсаттағы жобалар көбейді.

– Көпшілік сізді кәсіби журналист, ойлы жазушы ретінде жақсы таниды әрі қадір тұтады. Біреулер үшін қаламы қарымды қаламгерсіз, енді біреулер үшін өткір ойлы сарапшы, ал кейбіреулер үшін үнсіз тұңғиықтың ішіндегі тұтас бір әлемсіз. Дегенмен, өз-өзіңізге сырт көзбен қарап, ішкі «меніңізді» бір ауыз сөзбен сипаттап берсеңіз… Сіздің автопортретіңіз қандай болар еді?

– Өзімен-өзі алысып жүрген адам. Оның жауы жоқ, досы да аз. Жауы да, досы да өз ішінде. Осы менің портретім. Мен біреудің «сен әлсізсің» дегеніне төмендеп қалмаймын, сол секілді «сен мықтысың» дегеніне асқақтап кетпеймін. Өйткені өз орнымды білемін. Өз орнын білген адам ешкімге сенбейді. Абай атамыздың «сенбе жұртқа» дейтіні сол. Өзінің кім екенін таныған, өз орнын тапқан адамға сырттың ықпалы болмайды, ал сырттың ықпалымен жүріп-тұратын, өшіп-жанатын адамдар өз орнын әлі таппаған пенделер.

– Нақты жауап беріңізші, сіз кімсіз?

– Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!, – деп Міржақып Дулатұлы өзін ойпаңдағы ағашқа теңейді. Бәлкім, біз сол ағаштың төңірегінде жатқан жұдырықтай тас шығармыз. Тұлпарлардың тұяғында тапталып жатсақ та құрт-құмырсқалар үшін алып тау болып көрінерміз. Бәлкім, бір түп жусан, бір тал шыбық болармыз, өзінің көктеп-көгеріп, жеміс берер сәтін күтіп жүрген. Әйтеуір өмірге босқа келіп, босқа кетпесек болғаны. Елге зиянымыз тимей, титей де болсын пайдамыз тисе деген адамбыз.

 

Санжар СҰЛТАНҒАЗЫ

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

Қазақстанда туберкулезді 2 сағат ішінде анықтайтын жаңа әдіс енгізілді

17.07.2025
Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

Елімізде жаңа 43 қоқыс полигоны салынбақ

17.07.2025
Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

Президент ауқымды заңға қол қойды: 8 маңызды бағыт айқындалды

17.07.2025
Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

Балқаш көліне бағыт алған жолда «ecoBalqash» экологиялық акциясы өтті

17.07.2025
Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

Жетісуда биыл су үнемдеу технологиясын қолданатын алқапты 55,2 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр

17.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.