Талдықорған: +30°C
$ 523.46
€ 600.04
₽ 6.69
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ДӘУІР КӨШІНДЕГІ ДӘСТҮР. КИІЗ ҮЙ ЖӘДІГЕРГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

03.08.2024
ЖАНСАРАЙ
ДӘУІР КӨШІНДЕГІ ДӘСТҮР. КИІЗ ҮЙ ЖӘДІГЕРГЕ АЙНАЛЫП БАРАДЫ

Қазақ мәдениеті мен өркениетінің түпкі бастауына бойлаудың, оның ғасырлық немесе дәуірлік өлшемін айқын айтудың, нақты жазудың өзі қиын дүние. Мәселен, әлемде жабайы жылқыны қолға үйреткен, сол арқылы үзеңгі, жүген, ер-тұрман жасаған елміз деп мақтанамыз. Мақтанарлық-ақ дүние. Байырғы бабалардың көрегендігі мен ұлы қабілетінің арқасында табиғаттың тарпаң мінезді тағысы (жануары) адамның ырқына көніп, айдағанына жүрген. Мінсе көлігі, жесе тамағы болған. Бұл шамада ой қорытсақ, заманында озық болған көліктің рөлін де, жүргізу тетігі мен құқығын да бабаларымыз адамзаттан алғашқы болып иеленген деп шабыттана, шалқи үн қатуға негіз бар.


Иә, тарихшылар мен қаламгерлердің жазбасында жылқы жануарын алғаш болып үйреткен бабаларға деген перзенттік мақтаныш, өркениеттің көшінде төбе көрсеткен кешегілерге деген сүйіспеншілік, тарих пен дәстүріміздің, жалпы өркениетіміздің кемел де кенен болғаны жөнінде асқақ байламдар жиі көрініс береді. Бір ғана жылқы жануарын үйрету арқылы «әлемде алғашқы болып шалбар ойлап тапқан да байырғы бабаларымыз» деген түсінік қалыптасқан. Ақ-қарасын ажыратуға құлшынып немесе оған күмән келтіріп тұрғанымыз жоқ. Солай деп біз де түйсікке мақтаныш сезімін ұялатқан жанбыз, кешегілердің ұрпағымыз. Алайда, өркениеттің көшінің басында тұрған бабалардың кемел ақылының жемісі тек жылқы жануарына ғана емес, дәстүрлі өмір салтынан да көрініс беріп жататынын жасыра алмаймыз. Оның алтын айғағы – киіз үй.

Ұлы Даланың дарқан төсінде құрылған киіз үй кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, табалдырық, маңдайша, таяныш секілді негізгі бөліктерден тұрады. Ал керегенің өзінің көптеген атауы бар. Атап айтсақ, керегенің қанаты (төрт, бес, алты, сегіз, тоғыз, он, он екі қанат), керегенің басы, қасы, көзі, сағанағы, аяғы, иегі, көгі. Сол сияқты шаңырақтың, уықтың, әр бөліктерінің көптеген атауының  бар екені зерделеген жанға айқын дүние. Жалпы бұларды «киіз үйдің сүйегі» дейді.

Біз неге дәстүр туралы толғамымыздың бір бөлігін «киіз үй» тақырыбында алып отырмыз. Оның бір ғана себебі бар. Ол – қазіргі жастардың өмірінен, жалпы қазақ қолданысынан шығып бара жатқан байырғы мұрамызды жаңғыртып, оның әр мүшесі мен бөлігін қайталай еске салып өту. Өйткені, көкірегімізде «Бүгінгі таңда кейбір малшылардың үйінде, болмаса наурыз секілді мерекелерде тігілмесе, жалпы өмірден сырт қалып, қолданыстан шығып бара жатқан киіз үйдің салмағы мен өркениеттегі орнын, киесі мен жүйесін қарапайым қазақ баласы ұмытқанның үстіне ұмыта түсе ме?» деген алаңдаушылық бар.

Қазір жайлауда өмір сүріп жатқан шопандардың кейбірі қаңылтырдан қиюластырған, вагондардан құралған баспаналарда, кірпіштен, шымнан жасалған үйде күн кешетін болған. Бұл көшуге ыңғайлы, құрауға тиімді қазақ жәдігерінің шын мәнінде жылдар жылыстаған сайын қолданыстан кетіп бара жатқанын аңғартады. Сол арқылы киіз, текемет басу, алаша тоқу, уық, шаңырақ жасау секілді мұраларымыз да келмеске кететіндей көрінетіні жасырын емес. Бір ғана киіз үйдің бойында қазақтың шеберлігі, ісмерлігі мен өркениетте қалдырған қаншама мұрасының көрінісі жатыр десеңізші?!

Киіз үйді қазақ халқы сыртқы келбеті мен көлеміне қарай ақ үй, боз үй, қоңыр үй сынды өзге де аттарымен атаған. Бұлай аталуы оның сыртынан жабатын киізіне тікелей байланысты болған. Мұндай жапқышты халқымыз «туырлық»  деп атаса, осы сөзден «киіз туырлықты ел» деген түсінік қалыптасқанын айта кеткен жөн.

Хош, жаһанданудың жедел үрдісі бабалар қалдырған жарқын ізді біршама көмескі етіп жатқаны жасырын емес. Соның нәтижесін жоғарыда айтып өттік. Қолөнер бұйымдары мен ұлы құндылығымыздың біршамасы тарихи жазба, мұражайлардағы жәдігер ретінде ғана көрермен назарына ұсынылатын болады. Қолданыстан мүлдем қалады. Алайда киіз туырлықты ел санатындағы қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, моңғол халықтары киіз үйді әлі күнге дейін қолданып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, қарақалпақтар үйінің ауласына киіз үй тігіп, оны қыста қойма есебінде пайдаланса, өмірінің денін бақташылық тірлікпен жалғаған моңғол халқы киіз үйді заманға сай жаңғыртып, жайлау мен қыстауда қатар қолдануда. Алайда жылқысын, малға мінер атын мотоциклмен алмастырған қазақ жаһандану кезеңі тудырған игілікті дүниені тез меңгеру, ыңғайлы дүниеге әуестену арқылы байырғы мұраны қолдануға енжарлық танытуда. Бұған қарап «заманға икемделген, ыңғайына, қолайына қарай тірлік кешкен қазақ азаматтарын сөгіп отыр, бабадан қалған жәдігерден жерінді дегенді айтқаны» деген түсінік қалыптаспаса екен дейміз. Дегенмен ханның өзі босағасынан иіліп кіретін киелі үйдің қасиетін, бөлшегі мен сүйегін ұмытпағаны жөн екенін еске салғымыз келеді.

Рас, киіз үйді малмен тірлік жалғаған елдің дені қолданған. Әсіресе Орта Азия халықтары кие тұтқан. Киіз үй қазақ даласында да табиғи жағдайға қарай әртүрлі құрылған. Мәселен, желі ұйытқып, бораны есіп тұратын аймақтарда киіз үйдің уығын иіп жасап, шаңырағын жатаған етіп көтеретін болған. Ал, елдің онтүстігі мен Жетісу жерінің табиғатына қарай уық көп иілмей, киіз үй шаңырағы биік етіп тігілген. Табиғат қолайлы демекші, киіз үйдің айырмашылығын да осы ретте айта кеткен жөн. Мәселен, қазақтың бай дәстүрін зерделеген Уахит Хамзаұлы: «Ертеден келе жатқан Орталық Азияның бір мүшесі моңғол халқы. Олардың киіз үйі біздікіне ұқсас, бірақ шаңырағы жап-жалпақ болады. Шошаймайды. Төрт бағанмен шаңырағын ұстатып тұрады. Бұл шөлдегі қатты желге шыдайтын болғандықтан солай тегіс етіп жасалған. Олардың киіз үйінің құрылымы желге шыдамды. Ішіне ауаны көп сақтайды» – деп дерек келтіреді. Осының өзінен әр елдің киіз үй құрылымы әртүрлі келетінін аңғаруға негіз бар.

Сөз соңында қазақтың киіз үйі көлеміне қарай, төрт, алты, он, он екі қанатты болып бөлінетінін айта кеткен абзал. Сәні мен салтанаты, дәулеті мен даңқына қарай құрылатын қанатты үйлердің он екі қанаттысын оңайлықпен құра алмайсың. Мұны кешегілер тек атпен жүріп құрған. Ал киіз үйдің жабдығы мен ішкі сән-салтанаты да адамдардың дәулетіне байланысты болған. Десе де, әрбір бұйымы қазақтың қолөнерінің бай екенін көрсететін сан түрлі элементтен тұратын осынау киелі дүниемізді жасайтын шеберлер де, сұраныспен алдыратын азаматтар да тым қатты сирегені қынжылтпай қоймас. Бұл жазба да осы ниетте, ішкі алаңдаушылықтан туған жалқы ойдың сығындысы деп айтар едік…

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ
 

Қатысты жаңалықтар

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңістері

23.06.2025
Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

Құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуға шақыру туралы

23.06.2025
«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

«Қиындықтар туындауы мүмкін»: СІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

23.06.2025
Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

Алаяқтықпен күрес – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті – Тоқаев

23.06.2025
Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

Мүгедектігі бар адамдар жұмыс істейтін кәсіпорындар қосымша құн салығынан босатылмақ – Салық кодексі мәжіліске қайтарылды

23.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.