Талдықорған: +20°C
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ер мінезді Зинашым деуші еді

22.12.2016
ЖАНСАРАЙ
Ер мінезді Зинашым деуші еді
WhatsAppTelegramFacebook

Иә, өмір шіркін зырғып ағып өтіп жатыр. Ақын Есенқұл Жақыпбековтің өмірден өткеніне де биыл үш жыл толды. Ақынның сырласы әрі мұңдасы болып жүрген жандардың бірі аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Зинаш Күштекова болатын. Есаға тәтемізді «Ер мінезді Зинашым» деуші еді. «Ауданның жігіттері бір төбе, Зинаш өз алдына бір төбе. Біздің елдің жігіттері сияқты көмектесіп, қол ұшын созып жүретін Зинашымнан айналдым» — деп отырушы еді көзі тірісінде. Соған орай назарларыңызға Зинаш Көпжасарқызының ақын туралы естелігін ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Есағаны еске алғанда көз алдыма Кеген ауданында қызмет етіп жүрген кездер келеді.  Қателеспесем, Қарқара көтерілісінің 80 жылдығына орай Қарқарада үш күн бойы республикалық айтыс өтті. Ол кезде мен сол ауданның СЭС мекемесінде бас дәрігермін, ал Түйметай Өзенбаева «Жылысай» кеңшарының директоры. Бізге «Қазір айтысқа Есенқұл Жақыпбеков деген ақын шығады, сол шыққанда сен екеуің қошеметтеп, қолпаштап, демеу көрсетіп отырыңдар» – деді. Біз Түйметай Алатайқызы екеуміз сол бұйрыққа бойсұнып, ағамыз сахнаға шыққанда, аты аталғанда орнымыздан атып тұрып: «Есенқұл! Есенқұл!» деп айғайлай жөнелеміз. Ол кісінің өнеріне құрмет көрсетіп отырғандардың қарасы көп болғанымен дәл біздей қолдау білдіріп отырған адамдар байқалмады. Залда отырған ел бізге қарап аң-таң. 
Сол айтыста Есаға талдықорғандық Айтақын Бұлғақовпен ақтық мәреге шығып, бас жүлдеге тігілген «Урал» деген мотоциклді ұтып алды. Айтыс біткен соң Түйметай тәте екеуміз бос уақыт тауып, Есағамен амандасуға, танысуға бардық. Бізді көре сала «Әй, сен екеуің кімсіңдер? Мен залға шыға салысымен орындарыңнан атып тұрып, аттандап отырдыңдар ғой. Екеуіңдей жанкүйер көрмедім залдан» – деп күліп жіберді. Біз өзімізді таныстырып, мән-жайды түсіндірдік. Айтыс біткен күннің ертесінде бәріміз жабылып жүріп жүлдеге берілген мотоциклді «КамАЗ-ға» тиеп, ақынды Кегеннің асуына дейін шығарып салдық. Бұл менің Есағамен алғашқы кездесуім еді. 
Содан кейінгі жерде мен Есенқұл Жақыпбековтің кім екенін біліп, кітабы шыға қалса дереу алып, оқуға тырысып жүрдім. Ол кісі сол ұтқан мотоциклімен әлі де жүр ме екен деп те ойлайтынмын.
1997 жылы Ұзынағашқа СЭС-тің бас дәрігері болып келгенде Есағам жас балаша қуанып қарсы алған еді. «Сенің келгенің қандай жақсы болды» – деп емен-жарқын сөйлесіп отырғанда мен бұрынғы мотоциклдің жайын сұрап: «Әлі мініп жүрсіз бе?» – деп едім, ағам «Жоға, ол мотоциклді  Ұзынағашқа алып келіп машинадан енді түсірейін деп жатқанда Қаныбек бауырым көріп: «Есаға, сізге мотоцикл мінген жарамас, мұны алмай-ақ қойыңыз, мен сізге су жаңа «Москвич» мінгіземін» – деп оны жүрдек көлікке айырбастап берген. Қаныбек маған көп жерде қолдау көрсетіп, көмектесіп отырушы еді ғой» – деп еске алды.
Ол кісі туралы айта берсе әңгіме көп қой, шіркін… Бірде маған қоңырау шалып: «Зинаш, мен Президент стипендиясының иегері атандым. Соған бару үшін қалаға теміржол вокзалына баруға көлік таппай отырмын. Көлігің болса мені апарып тастай аласың ба?» – деген өтініш білдірді. Мен ағамның сөзін жерге тастамай бірден жүргізушімді жіберіп, ағамды қалаға апарып тастауын өтіндім. 
Есенқұл ақын жүрегі кең, ақкөңіл жан еді. Кей кезде жаным жабырқап, көңілім босағанда, өзімді жайсыз сезінгенде ағамның өлеңдерін тыңдап рухани күш алып қалатынмын. Ағаммен жүрген әрбір сәт мен үшін бақытты шақтар еді ғой. 
Ақынның отбасымен араласып, бір-бірімізге өте жақын болып кеттік. Есаға мені той-томалақ пен үлкен жиындардан қалдырмай бірге алып жүретін. Бұл фәнимен қош айтыспай тұрып жары Меңсұлу жеңгем үшеуміз үлкен тойға баратын болдық. Мен ағамды көліктің алдына отырғызып, жеңгем екеуміз соңғы жағына жайғастық. Сол кезде маған бұрылып: «Зинаш, мен өліп қалсам, Меңсұлуға бас-көз бол, мен бара алмаған тойға жеңгеңді алып барып жүр. Мен жоқ болсам жеңгеңе қарайлас» – дегенді айтты.
Бұл сөзді естігенде біреу жүрегіме қанжар сұғып алғандай болды. Сөйтсем ағам байғұс өзінің өмір сүретін уақытының аз қалғанын сезіп, аманат айтқан екен ғой.  
Ағам қайтыс болғанда өз басым жаманат хабарға сене алмадым. Халқы ақтық сапарға шығарып тұрғанда, қазақ елі күңіреніп жылағанда барып ағамның келмеске кеткеніне көзім жетіп, қайғыдан қан жұтқандай болып, есеңгіреп қалдым.  
Есаға маған қарындасым емес, бауырым деп қарайтын.  Онымен жүрген әрбір сәт менің бақытты шақтарымның куәсі болатын. Бір өкініштісі, енді ол кісі арамызда жоқ… Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын! Ақынмен жерді бір басып, сүйгізіп, сүйіп, мұңдасып өткен ағайында арман жоқ шығар…

Жазып алған Елдар Еркінұлы.

Қатысты жаңалықтар

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

Қаржылық еркіндікке бастайтын жол: Ақша жинаудың ең тиімді 6 әдісі

01.05.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

01.05.2026
Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Тарихи оқиға: Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

01.05.2026
Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

01.05.2026
Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

Gemini-дан ақылды, ChatGPT-ден жылдам: Claude жайлы не білеміз?

01.05.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.