Талдықорған: +30°C
$ 520.93
€ 609.07
₽ 6.68
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ерлігі ел есінде

03.07.2025
ЖАНСАРАЙ
Ерлігі ел есінде

Бөрібай Асылбековтың суретіне қарап-ақ нағыз батырдың бейнесін көруге болады. Екінші дүниежүзілік соғысты еске алып, ескерткішке гүл шоғын қоятын атаулы күннің бірінде алдымда шашылып жатқан құжаттарға «бұл кісінің қандай ерлігі бар?» деп үңілдім. Деректер жеткіліксіз болып шықты. Орден кітапшалары үнсіз ерлік сырын шерткенмен қандай жерлерде соғысып, кімдермен майдандас болғанын нақтылау қажет. Ақыры айға жуық іздестіріп жүріп, Астанадан тың мағлұматтар алдық.

Бөрібай Асылбеков 1925 жылдың 7-ші қарашасында Ақсу ауданына қарасты Жаңалық ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебінен 7 сыныпты бітірді. Бұғанасы енді бекіген шақта Герман басқыншыларымен соғыс басталып кетті. Өз еркімен соғысқа сұранған оны 1943 жылы қарашада аудандық әскери комиссариат Қиыр Шығыс аймақтық әскери курсына оқуға жіберді. Алдымен 2 ай оқып, сержант атағын алған бозбала жігіт желтоқсан айының соңында атақты I-ші Беларусь майданынан бірақ шықты. Мель қаласы үшін кескілескен ұрыста ерлік көрсетіп, дивизия командирі Евгений Пономаревтің қолынан тұңғыш «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалін алды. Бұл соғысқа енді кірген жас жауынгер үшін айтарлықтай дәреже.

Келесі бір қанды қырғын Рогачев аймағында өтті. Ол жерде жаудың бақайшағына дейін қаруланған күшті құрамы тұрған болатын. Олар қаланы сыртынан танкімен, одан ауыр артиллериямен, ең соңында жаяу әскермен қоршауға алыпты. Жау шебін бұзып, қызыл әскерге жол ашу жөніндегі дивизияның штаб отырысында Евгений Васильевич: «Таңғы сағат 4-терде біздің әуе күші аспаннан шабуыл жасайды. Бірінші шабуылда ешкім оқ атпайды, тек ұрымтал сәтті пайдаланып жау шебіне жақындай түсу керек. Артынша іле-шала екінші шабуыл басталысымен 4 полк қаланың 4 жағынан бірдей уақытта тиісуі керек» – деген еді. Солай болды да. Бөрібайлар күнбатыстағы «Рогач» өзенінің жағасынан ұшақтар бомбалаудан қайтқанша екінші бетке өтіп үлгерді. Қым-қиғаш атыс басталды да кетті. Абырой болғанда оның тобына орманнан шыққан партизандар қосылып, дұшпанды әлсіретіп тастады. Олардың ішке сыналай енгенін көрген басқа полктар да қимылдарын ширата, шабуылдарын үдетіп, саздауыт аймақтың астаң-кестеңін шығарды.

Кеңес жауынгерлері фашистерді куғанымен шеткі үлкен ғимараттағы бекіністен қатты қарсылыққа ұшырады. Неге екенін, олар басқа жау әскері сияқты шегінбестен соғысты. Қоршауға мықтап алған бұлар есік-терезелерді бұзып кіргенде түсінді. Гитлердің одақтасы Муссолинидің ерекше сенім артқан офицері Хорчак ауыр жараланып, бекіністе қалып қойыпты.

Осы шайқастағы асқан ерлігі үшін Бөрібайға Бас қолбасшы Сталиннің қолы қойылған Алғыс хат пен Қызыл Жұлдыз ордені табысталды. Одан әрі даңқты жорық жолдары Минск қаласын азат етуде, Балтық жағалауындағы елдерді жау құрсауынан босатуда ерлікпен жалғасты. Әйгілі «Орман қожасы» атанған партизан жазушы Әди Шәріповпен майдан даласында кездескен сәттер қалай ұмытылсын?! Оларды еске алғанда жүрек қағысы жиілеп, көзі жасқа толатын. Амал не, 1944 жылы оң жақ аяғынан ауыр жараланып, Латвия жеріне кірген №39 Армияның әскери госпиталына түсті. Дәрігерлер оның денесіндегі оқты алдырмауға кеңес берді. Ота жасалып жатса ұрпақсыз қалуы мүмкін екендігін ескертті де елге қайтарды.

Туған жерге оралған ол ауылдың ауыр тірлігіне тез араласып кетті. Әйелі Қания екеуі ел қатарлы дән сеуіп, егін өсірді. Астық жинап, масақ терді. Ақсаңдап жүріп арманға айналған жеңісті жақындатуға жанын салды. Күндіз шөп шауып, түнде мал жемін сақтайтын қойманы күзетіп жүріп, Жеңісті де қуанышпен қарсы алды. Денсаулығы оңала бастағанда халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдары басталды. Жем қоймасының бастығы, жанармай құятын бекеттің меңгерушісі қызметтерін атқарды. Сөйтіп жүріп әке атанды да, соғыс кезінде денесіне қадалған оқты алдыртты. Қанша жыл денесінде жүрген оқты оташылар кесіп алғанда құмша үгітіліп кетіпті.

Балаларының бәрі абыройлы болып ержетті. Үлкені Серік өмір бойы туған ауылында зоотехник болып істеді. Ерік Қапалда прораб болып, бұрынғы аудан орталығындағы құрылыс мекемелерінде талай нысан салды. Берік мұғалім болса, Гүлнар балабақша басқарды. Күләй есепші, Жанболат мал дәрігері. Ал Бекболат Талдықорған қаласындағы мектепте дене тәрбиесі пәнінен сабақ берді. Гүлнар медицина институтын бітірген, өз мамандығының хас шебері. Есболат жеке шаруасын дөңгелетіп отыр. Нұрболат қайтыс болды.
* * *
Құрдастар тегін жүре ме, тірісінде олар Бөрібайға қылжақтай:

– Батыр екеніңді де, күшіңді де білеміз. Әйтсе де бізге Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін әскери шеруге барғанда әмияныңды ұрлатқаныңды айтшы, – десіп қағытатын көрінеді. Сонда ол үндемейді екен. Қызыл алаңда алаңсыз кетіп бара жатқан оның қалтасындағы ақшаны бір жігіт «сып» еткізіп ала қашады. Кемтар аяқпен қалай қусын, орнында тұрып қалады. Соны байқаған Кремльдің есігін күзеткен 2 матрос әлгіні ұстап алып, көтеріп тұрып қызыл тасқа ұрғанда есінен біржолата танып қалыпты. Қапелімде аузына сөз түспей қалды ма, жоқ, жаңағы жетесіз немеге ашуы келгендіктен бе, әйтеуір 2 матрос ұрыны жазалап жатқанда ештеңе деместен кете барған. Артынан: Ит те болса неге ажырата салмадым?» деп ойлаған.

Соғыстан кейін ағзадағы оғын алдырмай жүріп көрген балаларының бәрін еңбекқор, ізетті етіп тәрбиелеуге тырысты. Ешкімнің ала жібін аттамай адал еңбек етіп, елдің алғысын алуға баулығаны да, жоғары немесе арнайы оқу орындарында оқытқаны да сол.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран». Бөрібай ақсақал да кезінде жоңғарларға ойсырата тойтарыс беріп, исі Матайдың ұранына айналған Бөрібай бабасының атына лайық ерлік туын көтеріп артына өшпестей із қалдырды. Оның КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен алған I-ші дәрежелі Отан соғысы ордені мен басқа да медальдары соның айғағы болса керек. Ендеше оның есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында туған ауылынан бір көшенің атауын берсе нұр үстіне нұр болар еді.

Кезінде бөлімше басшысына дейін сәлемдеме жолдап «қамыс беріп ауру малдардың ішегін тесіп шықсын дейсіңдер ме, мал өлсе бастығыңның мойынына жазамын?!» деп жұмыскерлерге реніш білдірген ауылдағы бақылау комитетінде істейтін Бөрібай ақсақал партком отырысында кеңшар директоры Әбдіжәлел Жұмахановқа: «Барлық ауылда соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш бар. Ақсу мен Сағабүйенде монумент орнатты. Біздің ауылда неге жоқ?» деп шүйліксе керек. Директор аудан орталығынан Мәскеудің сәулет-графикасын бітірген Жолдасбек Қаниевті алдыртып, құрылысты бастап кеткенін ел аңыз қылып айтады.

Соғыста да, одан кейін де ел қамын ойлап, дәйім алғы шептен көрінген, еңбек жолында адалдығымен көзге түсіп, өзі басқарған әр саланы абыроймен атқарған азаматтың есімін ұлықтау бүгінгі ұрпақтың парызы.

Қали Асқар

Қатысты жаңалықтар

Атажұрт рухын асқақтатқан

Атажұрт рухын асқақтатқан

11.07.2025
Міндетті әлеуметтік  сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі қалай жұмыс істейді?

11.07.2025
Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Жетісу облысында су шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

11.07.2025
Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

Қазақстанда 85 мың теңге күнкөріске жетпейді – сарапшы

11.07.2025
Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

Жетісулық жас робототехниктер халықаралық аренаға жолдама алды

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.