Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

Ерлік даңқы өшпейді

15.06.2025
ЖАНСАРАЙ
Ерлік даңқы өшпейді

Адамзат тарихында Екінші дүниежүзілік соғыс деп аталған 1939-1945 жылдардағы қанқұйлы қақтығыс миллиондаған адамның жанын қиды. Күллі әлемді дүрліктірген сұм соғыстан Қазақ елі де сырт қалмады. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен аттанған 1 миллион 200 мың сарбаздың тең жартысы қайтып оралмады. Майдан даласын жастанып, жастығын ала құлағандардан бөлек, мыңдаған адам із-түзсіз жоғалды. Солардың қатарында 1923 жылы Панфилов ауданының Қоңырөлең ауылында дүниеге келген Стамшал Жетенов бар.

1942 жылы 19 жасында әскерге алынған Стамшал туралы дерек ұзақ уақыт бойы табылмапты. Тек арада ұзақ жылдар өткен соң, турасын айтқанда, 70 жылдан кейін ғана Стамшал Жетеновтың 1945 жылы кезекті шабуыл кезінде ерлікпен қаза тапқаны анықталған. Оның да өз тарихы бар.

Стамшалдың туған ағасы Белғожа Асқарбеков 1943 жылы майданнан ауыр жарақат алып, елге оралады. Қоңырөлең ауылында партия комитетінің ұйымдастырушысы (парторг), жұмысшылар комитетінің басшысы (рабочком), аудандық тұтынушылар одағының (райпотребсоюз) басшысы сынды қызметтерді абыроймен атқарған Белғожа соғыс біткенде ешқандай дерек табылмаған бауыры Стамшалдың аты өшпесін деп қызы Клараның тегін «Клара Стамшалова» деп жаздырады. Жастайынан әкесі Стамшал туралы естіп өскен Клара жылдар бойы із-түзсіз кеткен майдангерді іздеумен болады. Тек 2020 жылы ғана немересі Мейіржан интернеттен әкесі туралы мәліметтерді табады. Мәскеудің орталық архивінде сақталған құжаттарда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылы 7 ақпандағы №017/н бұйрығында 263-атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан Жетенов Стамшалдың неміс басқыншыларымен соғыс кезінде көрсеткен ерлігі үшін ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталғаны жазылыпты. Сондай-ақ, КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1943 жылғы 13 қыркүйектегі Орталық майдан әскері 81-атқыштар дивизиясының 467-атқыштар полкінің №24/и бұйрығы бойынша 3-ші миномет ротасының бөлім командирі, сержант Стамшал Жетеновтың минометпен жаудың 30-дан астам сарбазы мен офицерін жойып, 2 атыс нүктесін қиратқаны үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталғаны әскери құжаттармен бекітіліпті. Тіпті, оның 1945 жылы 20 ақпанда қайтыс болғаны тіркеліп, Шығыс Пруссияның Блядау елді мекеніне жерленгені анық жазылған.

Бұл деректер туралы Стамшалдың інісі Рахымбектің бел баласы Нұрланбай көпшілікке жеткізуді өзіне міндет санапты. Биыл соғыстың аяқталғанына 80 жыл. Осындай айтулы жылдың ішінде атасы Стамшал Жетеновтың ерлігі мен ғибратты ғұмырын кейінгі ұрпақ танысын деген оймен редакциямызға келіпті. Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының орталық көшесінде орналасқан ескерткіш тақтаға аты-жөні жазылған Стамшал Жетеновтың есімі көшеге берілсе деген ұсынысы бар. Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақ атаусыз қалмаса екен дейді. Ерлік даңқы өшпейтіні осы болса керек.

Мәди Әсетұлы

Қатысты жаңалықтар

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

Цифрлық теңге: Бюджет қаражатын бақылауға арналған жаңа кезең

11.07.2025
Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

Жетісу облысында ветеринарлық станцияларға автокөліктер берілді

11.07.2025
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 23 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

11.07.2025
«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

«Боялған ақша»: Айналымға 257,5 млрд цифрлық теңге шықты

11.07.2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

11.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.