Талдықорған: +23°C
$ 517.45
€ 598.59
₽ 6.58
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

КӨҢІЛДІҢ ШУАҚ КӨКТЕМІ

21.05.2024
ЖАНСАРАЙ
КӨҢІЛДІҢ ШУАҚ КӨКТЕМІ

Есімде сол шақ, алаңсыз, албырт сәттерім,
Бала едім, қазір ойласам көп-ау әттеңім.
Ұялшақ па едім, қызғаншақ па едім, кім білсін,
Жасырып жүрдім көңілдің шуақ көктемін.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бастамасымен облыстық халық шығармашылық орталығы  ұйымдастырған «Жыр жауһары» поэзия сағаты ақын, Қазақстан Жазушылар, Журналистер одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахымның шығармашылығына арналды. Поэзия сағаты көпшілікке етене таныс дәл осы «Сары қыз» өлеңімен басталды. Нүсіпбай Әбдірахымның поэзиясы тұтас бір әлем. Өлеңнің әр тармағында шындық, қуаныш, бақыт та бар. Қаламын қару етіп, талай жырды түлеткен ақынға арналған поэзия сағатында оның өлеңдері оқылып, әсем әндері шырқалды. 

Поэзия – руханияттың мәйегі  мен маңызы.  Ол алдымен ұлттың абыройына мөр, арманына жол болатын құнды жәдігер. Сондықтан  өлеңді құрметтеу әркімге парыз.  Өлең  жазу  үшін  адам алдымен  өмірдің  жақсы  жақтарын, сәулелі  сәттерін  көре білуі тиіс.  Ал  оны көру  үшін  ақынға  үлкен  парасат, жылы  жүрек, адами биік болмыс керек. Қаламын қару еткен біздің кейіпкеріміз Нүсіпбай Әбдірахымның бойында осы аталған қасиеттің бәрі де бар. Сондықтан да арда ақынның жүрегінен шыққан жырлары халық жүрегінен орын алатыны сөзсіз. 

Қасиетті қара сөздің қадірін терең түсінетін жырсүйер қауым шуақты жырмен сусындау үшін облыстық С. Сейфуллин кітапханасына жиналды. Көңілі таза, ниеті түзу ақынның саф көңіліне шомған зиялы қауым өкілдері, туған-туыс, дос-жарандары, әріптестері мен ақын мұрасын қадір тұтқан жалынды жастар келіп әдемі кештің көзайымы болды. Жыр сүлейі Сүйінбай, жыр дүл­дүлі Жамбыл, тау суындай тасқындаған Сарбас, «өлеңнің қара жорғасы» Үмбетәлі ақынның шығармаларымен сусындап, тәлім-тәрбиесінен өнеге алған, кешегі өмірден өткен Есенқұл Жақыпбековпен сырлас дос болған Нүсіпбай Додабайұлы жайлы бұл кеште көптеген жылы естелік айтылды. Көксу аудандық Мұқыры халық театрының өнерпаздары ақынның жақұт жырларын оқып, көрермен ықыласына бөленді. 

Тағдыр табыстырған адал досы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін ақынның адами қасиетін, азаматтық болмысын, кескін-келбетін, әсерлі естеліктерін тебірене әңгімеледі. Ардагер қаламгер Әли Ысқабай ақынның шығармаларына тоқталып, ақ батасын арнады.  

Облыстық «Jetisý» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы қасиетті қара шаңыраққа тілші болып келгенде ағаның қақморлығын көріп, жанашырлығын сезінгенін тілге тиек етті. Бас редактордың орынбасары, журналист Ришад Тұрғанбай сөз сөйлеп, қаламгердің еңбекқорлығын, асыл қасиеттерін жас ұрпаққа үлгі етті. Шырайлы шығармалары әр қазақтың жүрек төрінен орын алуын тілеп, ғасырдан асқан тарихы бар атабасылым «Jetisý» газетінің ақсақалына алғыс айтып, журналистика саласындағы шәкірттері Нүсіпбай Әбдірахымнан жауапкершілікті, тазалықты, адалдықты, тиянақтылықты үйрену керектігін сөз етті. 

Ақын, қарымды қаламгер, шындықты ғана дерек пен дәйекке сүйене отырып жазуға бейім ақынға арналған поэзия сағаты ғажайып әнмен аяқталды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Қатысты жаңалықтар

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ «J LEAGUE» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖЕҢІМПАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

17.06.2025
Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

Қытай тарапынан шынайы қызығушылық байқалады

17.06.2025
Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

Туризм – достық көпірі: Қазақстан мен Қытай байланысының жаңа белесі

17.06.2025
Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

Қытаймен экономикалық әріптестік Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік

17.06.2025
Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

Биыл Балқаш көлі жағалауында жарық пен су беріле бастайды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.