Талдықорған: +21°C
$ 521.57
€ 601.01
₽ 6.65
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

25.06.2024
ЖАНСАРАЙ
КӨНЕДЕН ЖЕТКЕН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРЛЕР

Әр адам өмірді жақсы, жәйлі күйде сүргісі келеді. Тілегені болып, абырой-дәрежемен ғұмыр кешіп, дүниеден өткеннен кейін де ел есінде қалуды аңсайды. Бұл процесс көбіне екі деңгейде көрініс тауып жатады – алғашқысы, ғұмырында дүниелік байлықтан гөрі рухани мол азықтанған адамдардың тіршілігі, олар ілімім, түйгендерім кейінгіге сабақ болсын деп қамданады. Екіншілері, дүниенің қамын ойлап, дәм-тұзы таусылғанша «жиған-тергенімді қайда қалдырсам?» деп уайым кешіп өтеді.


Белгі қалдырудың, ақпарат таратудың ежелгі тәсілі – тасқа жазылған таңбалар (петроглифтер) мен тастан қашалған мүсіндер (балбал тастар). Алғашында аңшылық өмір сүргендерін көрсетіп, тас бетіне түрлі аңдардың, оларды аулаушылардың бейнесін қалдырып кетсе, уақыт өте келе тастан мүсіндер қашау басталған. Адамзат жаратылғаннан бастап бүгінгі күнге дейін түрлі кезеңдерден өтіп, мәдениет пен ғылымның дамуын қоспағанда, адамдардың киімі, тіпті түр-әлпеттерінде де өзгерістер болып жатады. Алайда, кезеңге қарамай бүкіл саналы жаратылыстарды байланыстыратын бір ғана сұрақ бар, ол: «Бізді кім жаратты?», «Құдай қайсы?». Адамзат даму жолындағы осы сауал жарысында талай діни ағым пайда болды. Оған дәлел, ежелгі адамдардың суреті деп саналатын петроглифтердің өзінен біз тек аңшылық өмір салтын емес, сол кезеңдердегі адамдардың табынушылық дәстүрін де байқай аламыз. Оның бәрі, әрине, табиғи құбылыстарға тосырқай қарап, табиғат апаттарынан қорқудан басталған. Яғни, қандай да бір Жаратушының барын білген. 

Өмір өзені аға келе тасқа жазылған суреттердің мазмұны да, стилі де жаңа деңгейге ауысты. Осылайша, балбал тастар дүниеге келді. Әрине, олардың да әр уақытқа сай айтар ойы, жасалу мақсаты болды. Соған сай оларды зерттеуші ғалымдар екі топқа бөліп қарастырады — біріншілері, ол тастарда жеңген жауларының бейнесі қашалған десе, екінші топ сол жауды жеңген батырлардың өздерінің бейнесі деген нұсқаны ұстанады. Логикаға жақын келетіні, әрине, екінші нұсқа. Алайда, бүкіл тастарды тек осы екі нұсқаны басшылыққа алып зерттеу аса дұрыс шешім болмас. Себебі, тастар арасында әйелдердің де, балалардың да бейнелері кездесіп жатады. 

Бәрімізге белгілі, тарихта аты танымал көптеген көне қалалар Жаркент өңірінің аумағында орналасқан. Оған Ұлы Жібек жолы керуен базарын, салтанатты жеңіске ие Орбұлақ шайқасының осы аймақта өткенін қосыңыз. Осы тізімдерге сай Жаркент өңірі тарихи ескеркіштерге, археологиялық құнды қазба жәдігерлеріне толы мекен. Бұл өңірде тас мүсіндер мен петроглифтердің әлі зерттелмеген үлгілері өте көп. Дәл осындай жәдігерлерді қорғау, сақтау жұмыстары, өкінішке қарай, жоғары деңгейге көтеріле алмай отыр. Мұны жалпы ғаламдық проблема деуге болады. Себебі, табиғат бұзбай, сақтап жеткізген тарихи ескерткіштердің адам қолымен (варварлар) қиратылып жатқаны қынжылтады. Мәселен, ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілетін құндылықтарға қойылатын талаптарының бірі – түпнұсқа қалпында, адам қолымен өзгертілмей жетуі екен. Тіпті, тау биігіне, тастарға ойып жазып кететін «Н+Ж» секілді жазулар да аталмыш тізімге енбей  қалуға себеп болады. 

Ерте кезеңде жауының не өзінің болсын сұлбасын тасқа қашап орнатуы тарихқа таңба қалдырудың амалы болса, қазіргі таңда бұл арнаулы өнер түріне айналды. Шыдамдылықты, ептілікті, суреткерлікті талап ететін бұл өнер түрінің мамандары біздің өлкеде жоқ емес. Шығармашыл адам бірнеше жұмысқа икемді келетіні себепті әрі мүсінші, суретші Ақан Оймауытов шынайы адам бейнесін көне нұсқаға негіздеп дәстүрімізді жалғастырып келеді. Ол кісінің қолынан шыққан туындылардың бір парасы «Жаркент мешіті көркем-сәулет мұражайында» көрермендер назарына қойылған. Бұл да болса  құнды ескерткіштерді сақтау мен қорғау мақсатында жасалған игі қызметтердің бірі деген сенімдеміз.

Айнаш ҚАДЫРОВА,
«Жаркент мешіті» көркем-сәулет мұражайының» 
қызметкері

Қатысты жаңалықтар

Уанас батыр

Уанас батыр

22.06.2025
Жайсаң жан еді

Жайсаң жан еді

22.06.2025
Әлия апа

Әлия апа

22.06.2025
«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

«Жарығың сөнбесін» дейді жаны нәзік электрик

22.06.2025
Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

Дәуір уыты: есірткіге еліткендер азаяр емес

22.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.