Талдықорған: +21°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ӘНМЕН АТҚАН ТАҢДАР-АЙ!

29.01.2025
ЖАНСАРАЙ
ӘНМЕН АТҚАН ТАҢДАР-АЙ!

Жан толқытқан әсем ән мен тәтті күйдің көңілге түрлі ой салған керім кешіне көзайым болдық. Сан талантты тоғыстырған Дәнеш Рақышев атындағы облыстық филармонияның өнерпаздары жетісулық жайсаң жұртқа дәуір күмбірін шертіп, көрерменнің көңілін көкжиекпен астастырған «Әнмен атқан таңдар-ай!» атты дәстүрлі ән кешін ұсынды.


Сан ғасырлық мехнат пен тартқан азап, қуаныш пен қайғы, шаттық пен шерді ұлт аспабының қасиетті шанағына қондырып, қобызының қыл пернесі, домбырасының қос ішегінен саз қылып ұшырған елдің күйі киелі. «Елім-ай» деп әндете ұлан-ғайыр даладан тыныштық пен береке, бақ тілеген елдің дәуір соқпағындағы дамылсыз күндеріне әсем әні дәру. Ал, сол ән мен күйдің тәттісі, мың жылдық бояуы қанық өміршеңі тыңдарманды еліктірмей, елітпей қойсын ба? 
«Әнмен атқан таңдар-ай!» ән кешін тамашалаған жетісулықтардың тебіренісі мен толқынысы ерекше көрінді.

Арнайы қойылым арқылы өрбіген концертте Кенен, жыр алыбы Жамбыл, Әсет пен Дәнештердің образы сомдалып, асқақ әндері орындалды. «Қайран жастық», «Саясында алманың», «Қысмет», «Көкшолақ», «Ой, бұлбұл», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Игигәй» секілді авторлық, халық әндері шырқалған ғажайып кеште Жамбыл мен Айкүмістің айтысынан да үзінді айтылды. «Той думан» секілді би биленіп, Абылай Қармысов, Қанат Түндебаев, Сәбинұр Қаһарман, Бақберген Асқарбеков, Сая Есенгелдинова бастаған филармонияның талантты ұжымы тұтасымен өнер көрсеткен рухани шарада тебіренбеген көрермен қалмағандай әсер етті.

Ұлы тұлғаларымыздың, қазақ өнеріне өлшеусіз үлес қосқан әншілердің образы сомдалған кеште күйбең тірлік ұмыт болып, мың жылдық өнер керуенімен бір тербелгендей болдық. Осынау кештің соңы филармония өнерпаздарының «Әриайдай» халық әнін шырқауымен мәресіне жеткенін де айта кеткен жөн.

Арда БИ

Қатысты жаңалықтар

Қазақы қалжың

Қазақы қалжың

14.05.2025
2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.