Талдықорған: +36°C
$ 512.44
€ 593.15
₽ 6.52
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ТҰҒЫРЫНАН ТАЙМАҒАН

18.04.2022
ЖАНСАРАЙ
ТҰҒЫРЫНАН ТАЙМАҒАН

Халық үшін қарымды қабілеті мен күш-қуатын сарқа жұмсап, пайдакүнемдік атаулыға аяғын аттап басуға ары мен ұжданы жібермейтін тұғырлы тұлға, ел жүрегінен берік орын алған жандардың қатарына Хантәңірінің баурайынан қанат қағып түлеген, қас қырандай Меліс Рамазанұлы Бұғыбаевты толығынан жатқызуға болады.

Енді бір сәт қол бұлғап артта қалған Меліс ағаның өмір белестеріне тереңірек ой жіберіп, оның ашылмай жатқан беттерін парақтауға тура келеді. Онда біздің мектеп қабырғасында жүрген кезіміз. Өмірге деген құштарлық пен іңкәрліктен болар, ауылдың аумағында болып жатқан, елді елең еткізерлік жан сүйсінтер жақсы істерден «саққұлағымыз» қалт жібермей хабардар болатын. Соның өзін төбеміз көкке жеткендей аса мәртебе санайтынымыз да бар еді. 
 «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деген қағидалы қанатты сөзге құлақ аспас адам жоқ болар арамызда. Расында да мақала кейіпкері Меліс ағаның әкесі, оқ пен оттың ортасынан аман келіп, еліне елеулі еңбегі сіңген майдангер  Рамазан атамызды ауыл жұртшылығы «тектіліктің төресі» деп әрдайым шетінен құрақ ұша сыйлап тұратын. Ол кісінің өмірлік қосағы Жамбы апамыздың да көпті көргендігі, адам баласына жақсылықтан басқа қылдай қиянаты болмағанын аспанға көтере айтып жатқанын талай естідік. Мелістің әкесінің де, шешесінің де өн бойына адамгершілік асыл қасиеттер жаратылысынан ұялағаны бірден көзге ұрып тұрады. Тәлім-тәрбиенің алтын бесігіне айналған мұндай ата-анадан ұлағатты ұрпақ өсіп-өнгеніне халықтың көзі анық-қанық жеткенінің куәсіміз. Марқұмдардың рухтары шат болып, қалдырған өнегелі өмірлері ұрпақтарымен бірге жалғаса берсін.
 Шынында да «тектіден текті туады, тектілік жолын қуады» деген аталы сөздің астарында қандай терең мағына жатыр десеңізші?! Меліс осыны өз өмірінің берік ұстанымына айналдыра білді. «Болар бала алғашқы қадамынан, болмас бала түйілген қабағынан» деген сыни көзқарастың ара-жігін ажыратып, алдында тұрған кемел келешегіне нар тәуекелмен бекем бел буып, таудай талабынан тартынбай батыл қадамдар жасады. Ол мектепте орысша оқып жүрген кезінің өзінде-ақ топжарғандар қатарынан орын алып үлгерді. Оқу озаты ғана болып қоймай пионер, комсомол ретінде қоғамдық жұмыстардан да ешқашан шет қалып көрген емес. Әсіресе, сымдай тартылған сымбатты келбетімен спорт жарыстарынан қалмайтын. Оның қайсыбірін айтайық, аудан намысын қорғауға атсалысудан аянып қалған жері жоқ. 
 Онысы аздай фотоаппаратпен кәнігі суретшілердей өзіндік талғамымен таңдап сурет түсіруде де аудан көлемінде алдына жан салмады. Соның нәтижесі болар, сурет түсіруден «Бүкіл дүниежүзілік жастар фестивалі – 53» аудандық байқауында жеңімпаз атанған Меліске жоғары сыйлық ретінде Мәскеу олимпиадасынан арнайы жасалып шыққан фотоальбом салтанатты жағдайда тапсырылды. Сонда: «Меліс қандай еңбегімен ерекшеленіп, жүзден жүйрік шығып еді?», деген сұрақтың төбе көрсетуі әбден мүмкін. Бұған берер жауап та дайын. Ол Аспантаулар аясындағы Хантәңірі шыңы мен оның сілемдері болып тізбектеліп кете беретін Ақбұлақ, Талдысай, Қайшы сайлары және Байынқол өзенінің алуан түрлі көріністерімен бірге, ауылда еңбегімен ерлеп жүрген Бейқұтбай Дембаев, Қасым Айтбаевтардың жұмыс үстіндегі динамикалық іс-қимылдары еді. Осы жерде айта кету керек, оның қайнаған өмір өріндегі ұйымдастырушылық ұтымды ұтқырлығы да ешқашан ескерусіз қалмапты. Осының бәрі де оның сегіз қырлы, бір сырлы іскерлігінің, табиғат сыйлаған тазалығының, адамгершілігінің биікте тұрғанын көрсетеді.
 Мелістің мектеп бітіргеннен кейін «алдыңда толған мақсат, толған таңдау» деген сұраққа толымды жауап іздеуі де оның іште тынған жұмбағын шешкендей болды. Бұған ол мың ойланып, жүз толғанып жүріп, ауыл балалары көп бет бұра бермейтін құрылысшылық мамандықты жан-тәнімен сүйгендіктен, жүрек әміріне жүгініп, Жамбыл қаласындағы гидромелиоративті құрылыс институтына оқуға түсіп, ойдағыдай бітіріп шығуымен өмірге жолдама алды. Жолдама демекші, ол кезде қолында дипломы бар мамандар жолдама арқылы тиісті жерлерге жіберілетін. Бұл жағынан Мелістің де жұлдызы оңынан туып, астана болып, атағы жер жарып тұрған Алматыдағы кәп-кәдімгідей үлкен құрылыс нысанындағы екінің бірінің қолы жете бермейтін лауазымды қызмет те бұйырады. Алайда бұл қызмет оның көңілінен шықпады. Ала бұлттай аунақшыған алаң көңілі жан жүйесіне ырық бермей, аңсары ауылға ауып тұрды. Оның да себебі жоқ емес. Сенім артқан жалғыз ұлы болғаннан кейін бе әкесінің: «Балам, қатырма қағазыңды алғаннан кейін еңбек жолыңды туған ауылыңнан бастағаның дұрыс. Анаң екеумізді алакөңіл етіп қалай жұмыс істейсің. Біздің ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болып, күйбең тірліктің күйбеңінде қаламыз ғой. Бізге жаның ашыса, қайтсең де ауылға келуге күшіңді сал. Одан кейінгісін көре жатарсың. Біздің тілеуіміз сол», – деген өзектен шыққан өтініші Мелісті бей-жай қалдыра алмады. Әйтеуір, бармаған жері, баспаған тауы жоқ, жүгіріп жүріп ауылға келудің оңтайлы жолын тапты. Мелістің сондағы жас баладай қуанышын айтып жеткізуге тіл жетпейді. Әке-шешесінің де бөркін аспанға атқандары да солай. 
Ауылға келген соң қол қусырып қарап отырмай Нарынқолдың орталығынан орын тепкен аудандық «Колхозаралық құрылыс» мекемесіне әкесінің ақ батасын алып, ештеңеге алаңдамай жұмысқа кіріп кетті. Бастапқыда оған маман ретінде құрылыс мастері деген міндеттің жауапкершілігі тапсырылды. Уақыт өте келе аға прораб қызметін де мінсіз атқарып, қандай іске болса да қабілеті мен қауқарының жетерлік екенін дәлелдеді. Айналасы үш жылдың ішінде осындай еңбек сынақтарынан өткен Меліс Рамазанұлы бір күні ауқымы кең, аты дардай осы құрылыс мекемесіне басшы болып тағайындалды. Бұл кезде оның жасы 27-де еді. Орда бұзар 30 жасқа жетпей жатып, өзі істеп жүрген мекеменің тізгінін қолына алуы оған көрсетілген үлкен  сенімнің белгісі еді. Осындайда «сенім артсаң, сеніп арт» деген маңызы бар тәмсілге еріксіз иланасың. Ол мұның өзіне жүктелген зор жауапкершілік пен алды-артын айқындайтын тағы бір асқан сынақ екенін жақсы түсінді. 
 Ол аудан орталығынан тысқары Жаңа Текес ауылына қоныс аударатын мекеменің бірден тұрақты орнын жасақтауды іс жүзіне асыруға кірісті. Бұрын тыныштық құшағында үнсіз ғана мүлгіп тұратын алақандай ауыл қазандай қайнап жататын абыр-сабырдың орталығына айналды. Жан-жағы көгалдандырылып, екі қабатты кеңсе мен еңсесі биік тұрғын үйлер салынып, арлы-берлі өткен ел-жұрттың назарын аудара бастады. Мекемеге тағы да құрылысшылар қажет болғандықтан көршілес ауылдардан топ-топ болып келіп жатты. Мұның өзі бригадалардың санын арттырып, салынатын құрылыстың тоқтаусыз жүруіне көп септігін тигізді. Құрылысшылардың нысан басында жатып істеуіне де жағдай жасалды. Жұмыс та жүйелі түрде жүріп берді. 
 Аталмыш айтулы құрылыс мекемесі ғана Мелістің еншісінде болған жоқ. Бұған қосымша Нарынқол ауылының Жағатал өзенімен қапталдаса орналасқан кірпіш зауыты да оған қарасты еді. Мұндағы адам күші мен техника атаулының саны да құрылыс мекемесіндегіден кем емес. Зауыттағы жұмыста кідіріс деген болмайтын. Өйткені жұмыс кестесі екі ауысымға белгіленген. Күнделікті шығарылып жататын кірпіштің сапасына қатаң бақылау қойылып, қателіктерге жол берілмейтін. Әрине зауыттың қызу қарқынмен еңбек көрігін қыздырып жатқан құрылыс нысандарын жеткілікті өніммен қамтамасыз етіп отыру басты міндет болатын. Сондықтан да құрылысшылардың қол қусырып қарап қалмауына аса жауапты Мелістің ертеңгілік бірінші кезекте өз жұмысын кірпіш зауытынан бастайтыны тегін емес. Сегіз қырлы, бір сырлы деп жүрген оның тек басшы ғана емес, сонымен қатар экономист, бухгалтер, финансист жұмыстарына да жетік екенін екінің бірі біле бермейді. 
Сол аудандық колхозаралық құрылыс мекемесін басқарып тұрған жылдарында аудан орталығынан бастап, ауылдарға дейін үш қабаттан тұратын мектептер мен ауруханалар жаңа жоба бойынша салынып, халықты таң-тамаша қалдырғанын, оны көзімен көргендердің көңілдері көлдей тасып, ақ ниетті алғыстарын жаудырғанын өз құлағымызбен талай естіп едік. Олардың ашылу салтанатына қатысып, марқайып қайтқанымызды да жасыра алмаймыз. Сондай-ақ, мұның сыртындағы Мәдениет үйлерін, мекемелердің кеңселерін, қаздай тізіліп, самсап тұратын сәулетті де сәнді тұрғын үйлерді қоссаңыз, олардың есебінен жаңылып қаларыңыз сөзсіз. Осынау құрылыс нысандарына су құбырын жүргізу, жылу орталығын салу да Меліс ағаның басшылығы арқылы жүзеге асырылатын. 
«Біткен істің басына, жақсы келер қасына» деп ақпараттық насихат жасау үшін бара қалсақ, Меліс ағамыз өзін дәріптеуден ат тонын ала қашатын. Қайта сол жұмыстарды тындырымды орындаған бригаданың құрылысшыларын мақтаныш етіп, бетке ұстап шыға келетін. «Газетке жазсаңдар, осыларды жазыңдар. Төгілген маңдай тердің иелері осылар ғой», – дейтін. Бірінші кезекте ұжымын үлгі тұтатын, солардың сұраныстарын шешкен, талайын пәтермен қамтамасыз еткен, адам жағдайымен санасқан, ар мен ұяттан аттамаған, тазалығынан таймаған тау түлегі осы Меліс Бұғыбаев еді. 
 «Бәрін айт та, бірін айт» дегендей сол жылдары елдің елеңдеп құлақ түргені Тұзкөл ауылының етегіндегі мал бордақылау кешені болды. Бұл мал шаруашылығымен айналысып отырған аудан үшін жан семіртер жақсы жаңалық еді. 18 мың қойға арналған осынау кешенді салуды колхозаралық құрылыс мекемесі қолға алып, бастан-аяқ барын салып жұмыс істеді. Айтқан ауызға оңай болғанымен, аумағы атшаптырым жерді алып жатқан кешеннің құрылысы күрделі екені ап-айқын көзге ұрып тұр. Оның құрылымы да бас қатыратын деңгейде екеніне ешкім де жеңіл-желпі қарай алмайды. Меліс үшін бұл таң болмай қалды. Жауапты мамандарының басын қосып, «келісіп пішкен тон келте болмайды» дегендей, аптаға жетпей жұмысты бастап жіберді. Ыстық ықыласты ынтамен бастаған жұмыстың баянды болатыны елге ежелден мәлім емес пе?! Осы құрылыс аяқталғанша облыс тарапынан бірнеше рет арнайы комиссия келіп, істің барысын бүге-шігесіне дейін қалдырмай қадағалап отырды. Кінәратты кілтипан таппаған олар Мелістің құрылысшыларын кәнігі кәсіпқойлар қатарына жатқызатын. Жапатармағай ризашылықтарын білдіріп, осы кешенді бақылауында ұстап отырған Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровқа ілтипатты ізгі тілектерін жеткізетінін айтып, аттанып жататын. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы құрылыс кешені уақытынан бұрын ойдағыдай аяқталып, тұсаукесер рәсімі де жасалды. Оған облыстың, аудандардың жоғары лауазымды адамдары қатысып, жылы-жылы лебіздерін білдіріп, Меліс басқарған ұйымшыл ұжымға сәттіліктер тілегенін осы салтанатқа қатынасқандар көпке дейін көңілдері шат болып айтып жүрді. Шынында да бұл айтатындай-ақ, құшақ сыймас қуаныш еді. Сол мал бордақылау кешені өз уақтысында тоқтаусыз жұмыс істеп,  ауылдың да, ауданның да атақ-даңқын шығарды.
 Сол уақытта қайсы ауылда болмасын ауызсудың азабы «жауыр» болған жаттанды тақырыпқа айналып кеткенін жақсы білеміз. Орталық болып отырған Нарынқолдың өзі ауыз суды атшаптырым жерден асып жығылатын Байынқол мен Жағатал өзендерінен тасып ішеді. Осы екі аралықта су алатын ыдыстарын даңғырлатып арлы-берлі ағылған халық та көп болатын. Көктем басталып, арнасынан асып тасыған кезде қара ботана лай суды кім ауызға алсын?! Осы жағынан келгенде, халық қайда барарын білмей қапаланып-ақ кетеді. Оның да кілті табылды-ау! Сонда ұжымшараралық құрылыс мекемесі тек құрылыс саласына қатысты жұмыстармен бірге, кірпіш өндіруді ғана місе тұтып қойған жоқ ауылдарды ауыз сумен қамтамасыз ету жағын да «бізге жүктелген тікелей міндет» деп, жауапкершілік тұрғысынан қарады. Алдымен Нарынқол ауылынан басталған жұмыстың жүйесі көпшіліктің көкейінен жол тапты. Ауыртпашылығы аз емес бұл жұмыстың басы-қасында мамандармен бірге Меліс Рамазанұлы жүрді. Көп уақыт өтпей-ақ көше бойларынан шошайған шойын шүмектер саны көбейіп, халықтың қажетін қанағаттандырды. Осы бір жақсы іс басқа ауылдарда да жалғасын тауып, көпшіліктің көсегесін көгертті. Халықтың айтыла беретін арыз-арманы да тынышталды. Бұқара халықтың ауызын «аққа» жеткізген Меліс Бұғыбаевқа деген алғысын ауызша жаудырып қана емес, газет басылымдары арқылы жеткізіп жатты.
 Осы жұмыста 13 жылдан астам тұрақты отырған, орнықты істің иесі атанған Мелістің тасы өрге домалап, облыстық ұжымшараралық құрылыс мекемесінің бастығы болып тағайындалуы халықтың пейілі мен ниетін тасытып, оған деген ниетін көл-көсір етті. Меліс болса сонда өзін шынайы халықтың адамы екенін сезініп, елдің аманатын қастерлеумен жаңа қызметке жолға шықты. Облыстың аты облыс қой. Оның терезесі ауданмен теңеспейді. Берік сенімін серік еткен, тал бойын да, атқаратын қызметін де, адалдықпен, әділдікпен, асқан шеберлік деңгейінде тазалықпен ұстауға дағдыланған Меліс бұл жұмысты да аяғынан тік тұрғызып, дөңгелетіп әкетті. Облыс көлеміндегі құрылысқа қарасты жұмыстардың қарқыны бәсеңдемей, атына заты сай болып атқарылып жатты. 
 Сол уақытта халықтың айнасы атанған қайраткерлер облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаров пен облыстық Совет атқару комитетінің төрағасы Кеңес Аухадиевтерден ескерту емес, жиі-жиі мадақтауға толы жылы сөз естуінің өзі Меліске жауапкершілік болып, жүктеліп, қайраты мен қабілетін одан әрі қайрақтай жанып жіберді. Ол облысты жаңа құрылыстармен жаңғырту және тәжірибе алмасу мақсатында Балтық жағалауындағы мемлекеттерде, Ресейдің Дондағы Ростов, Братск, Иркутск қалаларында және тарихта қалған атақты БАМ құрылысына барып, ондағы елеулі өзгерістерді облыстағы құрылыс нысандарына енгізуге қол жеткізді. Сол сияқты Арменияның Спитак қаласында 1988 жылы болған алапат жер сілкінісінің зардабын жоюға қазақстандық құрылысшыларды бастап апарып, айрықша ауқымды жұмыс атқарып келді. Және де Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы жер сілкінісінен келген зардаптарды қалпына келтіруге де құрылысшыларға бас-көз болып барып қайтты. Мелістің облыста құрылыс бағыты бойынша орасан жұмыстарды ойдағыдай іс жүзіне асырғаны аумақ халқының жүрегінде қатталып та, жатталып та қалды. Оның «Қазақстанның үздік құрылысшысы» атануы тегін емес. 
Қазақ тарихынан ойып тұрып орын алған Шоған абыз туралы айтылып жүрген аңыздар аз емес. Шоқтығы биік тұлғаның көрегендігі мен көсемдігі, даналық жағынан даралығы оған бас қойған адамды ойландырмай, толғандырмай қоймайды. 1998 жылы оның ұрпақтары бас қосып, бабаларының артында қалған мұрасын жинастырып, шежіре шығару жөнінде үлкен жиын өткізді. Қорытындысында бәрі бір ауыздан бұл жауапты істі ұйымдастырушы әрі бас-көз болып атқарып, алып шығатын адам деп Меліс Бұғыбаевқа үлкен сенім артып, түпкілікті де түйінді шешім қабылдады. Ол көпшіліктің бұл ұсынысын қалай жерге тастасын, қарсылықсыз қабыл алды. Орысша оқыса да салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты, салт-сананы жан-жақты жақсы білетін оның уақытпен санаспай, күндіз-түні жұмыс істеуіне тура келді. Бұл міндеттің айтарлықтай ауыртпалығы бар екенін бірден сезінген көзі ашық, көкірегі ояу жан-жары Түймен бір жағына шығады. Қазақстанның түкпір-түкпірі емес, бір қиырда жатқан Қытайдағы қазақтарға дейін адам жібереді. Бұл жұмыс біраз уақытқа дейін созылады. «Бір жағадан бас, бір қолдан жең» шығарудың арқасында көп материал жинақталады. Ақырында «Албан шежіресі энциклопедиясына» көлемі көп-көрім «Шоған абыз шежіресі» де енгізіледі. Меліс пен Түйменнің көз майын тауысып, табандылықпен атқарған абыройлы жұмысын халық аса жоғары бағалады.
«Ойды ой қозғайды» демекші, Шоған абыз ұрпақтарының қасиетті бабаларының алдындағы парызы мен қарызы осымен ғана шектеліп қалмады. Ендігі жерде екі аяқты тең бастырып, ескерткіш орнатудың жайы күн тәртібіне қойылып, ұзын-сонар ақылдасу жиындары өріс ала бастады. Қызу пікірталасқа айналған алқаның ақырғы қояр нүктесінің соңғы салмағы да Меліске келіп тірелді. Кәнігі құрылысшы ретінде ескерткіш жұмысын басынан аяғына дейін мойнына алу оған жүктелінді. Бұл ескерткіштің жөні мен жобасы да бөлек болуы керек. Өйткені, Шоған абыздың асқақ мүсінінің алдында артынан ерген төрт баласының да мүсіндері қамтылып, қаусырып тұруы тиіс. 
Ол осы идеяны Қазақстанға белгілі, әйгілі Райымбек батыр сияқты талай ескерткішті сомдаған мүсінші Құрақбай Егізбаев бауырына айтады. Құрақбай бұл ұсынысты қуана қабыл алып, ескерткіштің бар жұмысы сәтті аяқталды. Баба ескерткіші артындағы төрт баласымен көптің ойлағанындай болып, құтты орнына жайғастырылды. Шоған абыз ескерткішінің салтанатты жағдайда ашылу рәсімі өтіп, қарасы көп болған дүйім жұртқа дүркірете ас берілгені қатысқандардың есінде қалды. Осынау айтулы қуаныштың үстінде ақсақалдардың ұйғарымымен Меліс Бұғыбаевқа «Шоған абыздың перзенті» деген құрметті атақ берілді. 
Осы жерде Мекеңнің өмірлік қосағы Түймен тәтеміз жайлы аз да болса айта кеткен артық болмас деп ойлаймын. Отасқандарына 60 жылдай болған екеуінің махаббатына берік, қос аққудай болып бақытты ғұмыр кешіп келе жатқанына халық қызыға қарайтын. Бар өмірін ұстаздықпен өткізген Түйменнің ұлағатын оның педагогикалық ұжымы мен тәлімді тәрбиесін көрген шәкірттері емірене еске алып жүреді. Біз оның ілгері басқан игілікті істерін көзімізбен көрдік. ҚР Білім беру ісінің үздігі атанған Түймен жай мұғалім емес, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жүріп, мектебінің жан сүйсінтер жақсы істеріне жанашырлықпен қарады. Мектептен мемлекет және қоғам қайраткері Нұрбапа Өмірзақов жайлы мұражай ұйымдастырып, Шұбартал жайлауында өткен «Үш ұрпақ кездесуіне» апарғаны талайды таң-тамаша еткені бар. Түйменнің ақындығы мен сазгерлігін де халық жақсы біледі. Шығармаларының бәрі де жүрегін жарып шыққан шынайы туындылар. Ел арасында айтылып жүрген әндері қаншама. 
«Әттең, тонның келтесі-ай» дейтініміздей, өмірдің өкініштен де тұратынын басымызға түскенде бірақ біліп жатамыз. Меліс Бұғыбаев 83 жасқа қараған шағында бақилық болды. Өмірден өткеніне де жыл толды. Жаны жәннатты болғыр ағамызға деген сағынышымызды осылай бөлісуді жөн көрдік. 

Қанат ТӘКЕБАЕВ,
Қазақ журналистикасының қайраткері,
ҚР Мәдениет саласының үздігі,
Райымбек ауданының Құрметті азаматы

Қатысты жаңалықтар

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

17.06.2025
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

17.06.2025
Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

Көлік терезесінен қолды шығарғаны үшін айыппұл салына ма? ІІМ түсіндірді

17.06.2025
Жанға жайлы саябақ

Жанға жайлы саябақ

17.06.2025
Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

Монополияға қарсы органның нұсқамасы орындалды

17.06.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.