Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

Мемлекет және қоғам қайраткері, білікті де беделді басшы болған Серік Үмбетов бүгінде 75 дейтін биік белеске шығып отыр. Кезінде қаншама лауазымды қызметтер атқарып, өңіріміздің, жалпы еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына өзінің қомақты үлесін қоса білген абыройлы азамат осы уақыт аралығында өмірдің жарқын жолдарымен жүріп өтті. Оның ғибратқа толы ғұмыры замандастарымен қатар бүгінгі жас ұрпақ өкілдеріне де үлгі-өнеге.

17.06.2025
ЖАНСАРАЙ, КҮНДЕРЕК
ЖАНЫНАН ІЗГІЛІКТІҢ ЛЕБІ ЕСЕДІ

Серік Әбікенұлы жұртшылық арасында «Ақындар мен батырлар елі» аталатын Жамбыл ауданының Аққайнар ауылында көпбалалы отбасында туып-өсті. «Тау баласы тауға қарап өседі» дегендей, жастайынан асқақ Алатауға қарап бой түзеді.

Сұрапыл соғысқа қатысып, қан майданда көрсеткен ерліктері үшін екі бірдей Даңқ орденімен марапатталған әкесі Әбіке қария мен Ардақты ана Көкен апаның тәлімді тәрбиесін алып өскен жасөспірімнің алға қойған мақсаттары да асқақ болатын. Сол мақсаттарына жету жолында табандылық пен қажырлылық таныта білді. Кейіннен қимас мекеніне айналған Күрті өңірінде еңбек жолын қарапайым бригадир болып бастаса, содан кейінгі жерде өзге де лауазымдық баспалдақтардан өтіп, шаруашылық директоры, аудан, облыс әкімі, Ауылшаруашылығы министрі, Президенттің Іс басқарушысы лауазымдарында абыроймен жұмыс істеді. Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде де өз міндетін мінсіз атқарды.

Қай қызметте де қарақан басының қамын ойлап, дауға шатылған, көлденең сөзге іліккен кезі болған жоқ. Керісінше, жұртшылық мүддесін бәрінен жоғары қойып, мүмкіндігінше сүрінгенге сүйеу, тарыққанға демеу бола білді. Жұмыс барысында туындаған дау-дамайды парасаттылықпен шешіп, тығырыққа тірелген жандардың қарғысын емес, дәйім алғысын алып жүрді.

Серік Әбікенұлының бұл орайдағы адамгершілік асыл қасиеттері, лауазымды қызмет атқарған кездеріндегі игілікті істері, басшы ретіндегі біліктілігі жайында бұған дейін де кеңінен жазылды, алдағы уақытта да жазыла бермек деп ойлаймын. Соған орай мақаламда мен оның мінезінің бір ғана қырына – достық сезімін айрықша қастерлейтініне, жолдастыққа деген айнымас адалдығына тоқталып өтпекпін.

Адал достық – өмірлік нұсқа

Қазақ атамыздан сөз қалған ба? Сондай даналық сөздердің бір парасы адамзат баласының асыл сезімі – достық жайында айтылады. Ұрпақтан ұрпаққа ауысып, күні бүгінге қырланып, түрленіп жеткен ондай сөздерді естігенде «Па, шіркін, қалай дәл айтылған?!» деп еріксіз таңғаласың.

«Байлықтан артық достық бар, достықтан артық байлық жоқ» деген даналықты оқығанда осындай таңғалысты бастан өткердім. Расында солай-ау. Құндылықтың бәрін қат-қат ақшамен, зәулім үймен, қымбат көлікпен ғана өлшейтін бүгінгі ұрпақ мұны түсіне де қоймайтын болар.

Осындай достық жайлы әңгіме айтылғанда жарты ғасырдан астам уақыт бойы жақын араласып, сыйлы әріптес, адал дос болып келе жатқан Серік Әбікенұлы бауырым ең алдымен ойға оралады. Сол сәтте өзіме осындай асыл дос сыйлаған Жаратқанға, осындай жақсы жандармен қатар жүріп, тірлік кешуді маңдайыма жазған тағдырыма шүкірлік етемін.

Қазір ойлап отырсам, Серік Әбікенұлымен таныстығымызға, жоғарыда айтып өткенімдей, дәл жарты ғасырдың жүзі болыпты. 1974 жылы жаңадан құрылған Күрті ауданының Тоқаш Бокин атындағы кеңшарында бригадир болып еңбек жолын бастаған азаматпен жолымыз сол кезде тоқайласты. «Адам болар жігіттің етек-жеңі кең келер» дегендей, білім-біліктілігімен, адамдармен тіл табыса білер ашық-жарқын мінезімен ерекшеленген ол бұдан кейінгі кезеңде сатылап өсіп, аталған шаруашылықтың ферма басқарушысы, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы тәрізді қызметтерді абыроймен атқарды.

Ол кезде мен аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы қызметінде болатынмын. Лауазымдық міндеттеріме өңірдегі белсенді жастарды анықтап, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесі де кіретіндіктен шаруашылыққа келген жас маманды бірден назарға алдық. Кеңшардағы қауырт жұмыстарына қарамай көпшілік шараларға да белсене араласып кеткен оны көп ұзамай аудандық комсомол комитетінің пленум мүшелігіне қабылдадық. Күнделікті жұмыс барысындағы қатынасымыз бірте-бірте жақын жолдастыққа ұласты.

Достық жайындағы мақал-мәтелдің тағы бірі «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген қалыпта айтылады. Бұл тұжырымды да өмірден алынған ақиқат демеске әддің жоқ. Олай дейтінім, нақ осы Серік Әбікенұлымен дос, жолдас болғанымның нәтижесінде өмірлік мұраттарымның да бірқатарына қол жеткіздім деп түйіндеуіме әбден болады. Туған ауылымыздай болып кеткен киелі Күрті жерінде ғана емес, республиканың басқа аумақтарында да бірге қызмет істей жүріп бірімізге біріміз сенімді серік, сыйлы әріптес ретінде ел игілігі жолында қоян-қолтық жұмыс істедік. Жүрген жерлерімізде абыройсыз да болған жоқпыз деп ойлаймын.

Басшы да, қосшы да бола білдік

Иә, Серік Әбікенұлымен өмір, еңбек жолдарымыз көп ретте қатар өріліпті. Соған орай бір-бірімізге дәйім тілектес, ниеттес болып жүрдік. Жақсылығымызға бірге қуанып, өмір болған соң кездеспей тұрмайтын кейбір сәтсіздіктерді де бірге еңсердік. Біріміз басшы, біріміз қосшы бола жүріп ортақ іске айтарлықтай қомақты үлесімізді қостық дей аламын.

Секеңнің «Желтораңғы» кеңшарын басқарып, менің «Құйған» кеңшарына жетекшілік етіп, қатар қызмет істеген кездеріміз де болды. Іскерлігі сол кезде де байқалып, аз уақыттың ішінде аудандағы алдыңғы қатарлы директорлардың біріне айналды. Содан кейінгі басшылық, қайраткерлік қызметіне осы жылдары жинақтаған мол тәжірибесінің негіз болғаны анық.

Күрті аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарып жүргенімде Тоқаш Бокин атындағы шаруашылыққа директор тағайындау мәселесі туындады. Ойыма бірден Серік Әбікенұлының кандидатурасы оралды. Өзінің де көкейінде осы азамат тұрған болуы керек, бұл ұсынысымды сол кездегі аудан басшысы Ызғарбек Бектұрсынов бірден қолдады.

Бұл кезде Секең Кеген аудандық ауылшаруашылығы басқармасының төрағасы болатын. Жаңа жұмыстың қызмет сатысында біршама төмендеу болып саналатынына қарамастан ол көп ойланбай келісімін берді. Алдағы уақытта бірге жұмыс істейтінімізге бәріміз қуанып қалдық.

Жалпы өмір дегеннің өзі де көп ретте қуанышты кездесулер мен қимай қоштасулардан тұрады емес пе? Өз кезегінде мен Жамбыл ауданындағы Ақсеңгір тұқым-тәжірибе шаруашылығына директор болып кеткенімде Серік бауырым мені жаңа қызметіме қимай шығарып салды.

Иә, мұндай шығарып салулар мен қайта жолығысулар өмірімізде көп болды. Әйтсе де қызмет барысында іскерлік қарым-қатынасқа достықты араластырған кезіміз болған жоқ. Тиісті талап та қойылды, кемшілік жібергендей кезіміз болса қатаң сұралды да. Ол үшін өкпе-реніш болуға тиіс еместігін жан-жүрегімізбен ұғынатынбыз.
Бұл жайында сөз болғанда Жамбыл облысында бірге қызмет атқарған кездер алдымен ойға оралады. Сонда Серік Әбікенұлының маған алдымен Тұрар Рысқұлов ауданына, содан кейінгі жерде өзім туып-өскен Жуалы ауданына басшылық қызметке тағайындалар алдында айтқан сөзі есімнен кетпейді.

– Ержанбек Ормаханұлы, туып-өскен еліңе келдің, енді сол еліңе қызмет істеуің керек. «Туған жерге туыңды тік» деген әңгіме де осыған орай айтылған ғой, саған сенемін. Экономикалық-әлеуметтік жағдайы нашарлап кеткен ауданды көтеру сенің қолыңнан келеді, – деп үлкен сенім артты.
Жай кезде де жауапкершілікпен жұмыс жасайсың ғой. Дегенмен мұндай үлкен сенім артылып тұрған кезде оны ақтау үшін бар күшіңді салмауға, ынта-жігеріңді барынша ұштамаса болмайтын еді.

Бұл жерде облыс басшысымен бұрыннан таныстығың мен дос-жолдастығың артықшылық қана емес, үлкен жауапкершілік жүктейтін жайт та болатын. Өйткені әлдебір шаруаларды атқаруға біліктілігің жетпей жатса, сол себептен де іс алға жүрмей қалса «Мынау басшының жанында жүргенде ғана мықты екен ғой, қолынан ештеңе келмейтіні байқалып қалды… Мұны тағайындап отырған облыс әкімінің де жайы белгілі болды…» дегендей сөзге, ұятқа қалуың да мүмкін еді. Содан кейін де, шындығына көшкенде, намысқа тырысып жұмыс істедім. Ең алдымен, Серік Әбікенұлын ұятқа, жаңағыдай сөзге қалдырмауға тырыстым.

Бұдан кейінгі жұмысым негізінен осы бағытта болып, осынау басты мақсатқа арналды. Соған орай аз ғана уақыттың ішінде аудан облыс бойынша алдыңғы қатарға шығып, тек қана жақсы жағынан атала бастады. Өңіріміз алдыңғы үштікке ілініп, кейде бірінші, кейде екінші кезекте аталып жүрді.

Мұны айтып отырған себебім – Серік Әбікенұлының адамдармен жұмыс істей білетінін, қарамағындағы мемлекеттік қызметкерлерді қай кезде де түпкі нәтижеге құлшындырып отыратынын көрсету болатын. Бұл жолда ол жанында жүрген жақын досымен қатар қарамағында жұмыс істеп жүрген өзге басшыларға да бірдей талап қоятын. Осылайша көпшілікті ортақ мақсат жолына ұйыстыра, ұйымдастыра білетін.

Сайраған ізі жатыр жер бетінде

Серік Әбікенұлының білікті басшылық іскерлік, ұйымдастырушылық қабілетіне Президенттің іс басқармасында, Алматы облыстық әкімдігінде бірге қызмет істеген кездерде де айқын көз жеткізіп жүрдім. Халық шаруашылығының әр саласына сол жұмыстың қыр-сырын жақсы білетін білікті кадрларды тағайындап, олардың тиімді жұмыс атқаруына мол мүмкіндіктер жасады. Ұтымды деген ұсыныстардың ешқайсын жерге тастамай қаншама игілікті істердің жүзеге асуына ұйтқы болды. Өзгесін айтпағанда Талдықорғандағы Тілдер сарайы мен Достық үйі, спорт кешендерінің бой көтеруі тікелей Серік Әбікенұлының есімімен байланысты. Ел тәуелсіздігі жолында арыстандай алысып өткен баһадүр батыр Қаракерей Қабанбай мен айтыс өнерінде өшпес із қалдырған ақын Сара Тастанбекқызына, күй падишасы Нұрғиса Тілендиевке қойылған ескерткіштер де қайраткердің ізгілікті істерін айғақтайды. «Сайраған ізім жатыр жер бетінде» деп ақын Қасым Аманжолов айтқандай, мұндай ғимараттар мен ескерткіштер Секең қызмет еткен аймақтар мен өңірлерде ондап емес, жүздеп саналады. Жүріп өткен жолына өшпес із қалдырған дегеніміз де осы емес пе?

Досымның жаман әдеттерге бой алдырмақ түгілі шарап пен темекі деген нәрсені бір рет те қолына ұстағанын көрмеген екенмін. Имандылықты мұрат тұтатын ол көпшілік арасында саламатты өмір салтын кеңінен насихаттап жүреді. Насихаттап қана қоймай ісімен үлгі көрсетіп, Алматы, Жамбыл аймақтарына әкім болған кездері облыс орталығы мен өзге де елді мекендерде қымызханалар мен шұбатханаларды көптеп ұйымдастырды. Ұлттық нақышта өрнектелген мұндай орындарда сол кездері құдалық пен туған күн, тұсау кесу мен сүндет тойлар секілді ұлттық іс-шаралар мен қуаныштар жиі аталып жүрді. Жұрт шын мәнінде емдік қасиеті мол ұлттық сусындарымыз бен тағамдарымызға ден қойып, саламатты өмірге бет бұрды.

Талдықорған мен Тараздың зиялы қауымы Серік Әбікенұлы басшы болған кезеңді ризашылықпен еске алады. Осы кезеңде жолы ашылмай жүрген қаншама жас таланттың алғашқы жинақтары облыс әкімінің демеушілігімен жарық көріп, қалам иелеріне әкім стипендиясы тағайындалды. Аға буын қаламгерлер де құрметтеліп, абыройлары асқақтап жүрді. «Қайда сапар шексең де ізіңе ылғи, жақсылықтың тербеліп гүлі өседі», – деп көрнекті ақын Рафаэль Ниязбек жырлағандай, жанына ылғи жақсылық ілесіп, қай кезде де шынайы алғыс қана арқалап жүрді.

Жамбыл облысына әкім болып барғанында ондағы Мәдениет үйлері мен кітапханалардың, ауылдардағы медициналық мекемелердің көпшілігінің қысқарып қалғанын көріп, бұл олқылықты түзетуге күш салды. Оңтайландырудың жөні осы екен деп жауып тастаған бірқатар ауылдық әкімшіліктерді қайта ашты. «Өзім білемін, бәрін өзім шешемін» деп өркөкіректікке салынбай алдындағы аға ұрпақ өкілдерімен, зиялы қауыммен жиі бас қосып, кеңесіп отырды. Қазына қариялардың ақыл-кеңестеріне құлақ салып, оны алдағы уақытта атқарылар игілікті істерге өзек етті. Экономикасы тұралап, әлеуметтік жағдайы да келіспей тұрған өңірдің шаруасы осындай жемісті жұмыстардың арқасында түзеліп, аз уақыттың ішінде ел алғысына ие болып, үлкен абырой арқалады.

Достығымыз туыстыққа ұласты

Жаңа бастаған достық жайлы әңгімемізді жалғастыратын болсақ, ел аузындағы мына бір әңгіме ойға оралады.

Ертеректе ел ішінде Әйтімбет деген сөзге шешен кісі болыпты. Бірде замандастары шешеннен достық жайында сұрапты деседі:

– Достық нешеу?
– Достықтың екі түрі болады. Бірі – адал достық, екіншісі – амал достық.
– Дұрыс-ақ, енді оларды қалай ажырата аламыз?

Сонда Әйтімбет шешен:

– Адал достық – өмірлік нұсқа, ал енді амал достықтың өрісі қысқа келеді, – деген екен.

Мұндай ғибратты әңгімеге не алып, қосуға болады? Расымен де амал достықтың өрісі қысқа, оның мысалын күнделікті өмірімізден де көріп жүрміз. Ал адал достықтың мысалын біздің өмірімізден байқай аламыз. Нақтырақ айтатын болсам, біздің азды-көпті жарты ғасырдан астам уақыт бойы жалғасып келе жатқан достығымыз бен сыйластығымыз бүгінде біздің ізімізді жалғастырған ұлдарымыз Дәурен мен Асқарға да жұғысты болып, екеуі араларынан қыл өтпестей дос болып жүр. Ең сүйінетінім – екеуінің балалары, яғни Секең екеуміздің немерелеріміз де бір-бірін іздеп тұратындай күйге жетіпті.

Отағаларының сыйластықтары жарасымды жалғасқаннан кейін ыдыс-аяғымыздың да араласып кететіні белгілі жайт емес пе? Сол айтқандай, өмірлік жарларымыз Ермекгүл мен Күләштің көңілдері де құп жарасқан. Жасымыздың арасында көп алшақтықтың жоқтығына қарамастан Ермекгүл бізді қай кезде де «аға, тәте» деп сыйлап тұрады.

«Жетістікке жеткен әрбір ер азаматтың тасасында әйел тұрады» деген даналық бар ғой. Сол қисынға сүйенсек, Секеңнің өмірде асқар асуларға көтеріліп, ел ағасы атануына Ермекгүлдің қосқан үлесі көп. Екеуі Қордай ауылшаруашылық техникумында оқып жүргенде танысып, отау құрғаннан бергі жерде ол өмір бойы лауазымды қызметтер атқарып келе жатқан жарының қамын ойлап, соның жағдайын жасауды басты міндет санап келеді. Ұл-қыздарына қалай көңіл бөлсе, бір баласы қатарындағы өмірлік жарына да сондай қамқорлық жасаудан танған емес.

Қазіргі кезде 70 дейтін мерейлі жасты алқымдап қалған Ермекгүл о баста меңгерген бухгалтерлік мамандығы бойынша біраз уақыт жемісті жұмыс атқарды. Табиғатынан мейірбан, қарапайым да көпшіл жан туған-туыс пен абысын-ажын, жалпы ағайынға да сыйлы. Ұя мен қияға қонған ұл-қыздары мен олардан тараған немере-шөберелері де аяулы аналарын, қамқор әжелерін айрықша ардақ тұтады.

Дана бабаларымыз «Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ер көгереді» деген даналықты бекер айтпаған. Сол айтқандай, Серік Әбікенұлы да қаншама жанның, қалың жұртшылықтың алғысын арқалап, батасын алған, шын мәнінде батамен көгеретін, көгерген азамат. Ендеше сол көпшіліктің батасымен Жамбыл атаңыздың жасына жетіп, сол жаста Ермекгүл екеуіңіз көздеріңізге көрінген ұрпақтарыңыздың – ұлағатты ұл-қыздарыңыздың, немерелеріңіз бен шөберелеріңіздің қызықтарын көре беріңіздер дегім келеді.

Ержанбек НҰРБЕКОВ

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.