Талдықорған: +30°C
$ 518.34
€ 607.91
₽ 6.66
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАНСАРАЙ

«Жетісудың» жүрегі

15.06.2025
ЖАНСАРАЙ
«Жетісудың» жүрегі

Жұмабай Мұсабеков

Жетісудың жүрегі лүпіл қақты… Бұл – табиғаттың емес, тарихтың дүрсілі. Ел руханиятының елең қағар шағында Талдықорған топырағы тағы бір мәрте алтын діңгегін тіктеп, сөздің сәруары, ойдың миялас шежірешісі Жанкүміс Жәмеңкені жетпіс атты асуға оздырды. Бұл – жай ғана мерейтой емес, бір дәуірдің рухани жиыны, көшелі жұрттың кие тұтар сәті.

Жанкүміс апай – көне сөздің күмбірін көкірекке тұмарғып байлаған, ақ қағазға елдің мұңын, жердің зарын, адамның арын түсірген қалам иесі. Оның қаламынан туған дүние – қаңқасы кәрі тарихтан, қаны бүгінгі болмыстан жаралған. Көне көмбеден жеткен қанатты сөз секілді, әрбір мақаласы сүбелі шындықтың шырайы.

Баспасөздің берекесі қашқан шақта, бұқараның үнін еститін құлақ қалмаған кезде де Жанкүміс Жәмеңке тасқа тамған таңбадай сөзден жаңылған жоқ. «Jetіsý» газетінің алтын дәуірінде есімі еленген санаулы тұлғаларының бірегейі болды. Репортаждың романтикасын, очерктің ойлы өзегін, сараптаманың салмағын шебер ұштастырған қаламгер – бүгінгі қазақ журналистикасының қайнар көзі, тұнбасыз тұнығы.

Талдықорған төріндегі облыстық Мұхамеджан Тынышбаев атындағы өлкетану музейінде өткен салтанатты кеш – бір адамның құрметі ғана емес, тұтас елдің еңсесі көтерілген рух ордасы болды. Тарихи-мәдени кеңістікке айналған сол мүйісте өткен салиқалы басқосу – рухты тірілтіп, зердені селт еткізген тебіреністі сәт еді.
Жақсылар жиналған жиынды жүргізген, Жанкүміс Жәмеңкенің шәкірті, «Jetіsý» газетінің бас редакторы, «Құрмет» орденінің иегері Жұматай Әміреев мағыналы басқосудың мазмұнын арттырды.

«Janr» әдеби клубына тың серпіліс әкелген оқылым (читка) форматында тыңдалған Жанкүміс Жәмеңкенің «Өмір» әңгімесі келген қонақтарды елең еткізді.
Кеш төрінде қазақ әдебиетінің қара нары ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, көкейкесті поэзияның көшбасшысы, ақын, «Құрмет» орденінің иегері Қуат Қайранбаев және көне сөздің көзіндей болған Қазақ-станның Құрметті журналисі Жұмахмет Жайлаубай сынды қаламгерлер бас қосты. Олар – жалғыз қаламгерді емес, тұтас бір рухтың биік екенін атап өтті.

Кезегімен сөз алған сөз зергерлері Жанкүміс Жәмеңкенің қаламынан туған шығармалардың өміршеңдігіне тоқталды. Әсіресе кеште оқылған «Өмір» атты әңгімесіне жоғары баға беріп, шынайы тағдыр, қайшыласқан пікір, оқыған адамға терең ой салатан туынды екенін жеткізді.

Кеш соңында Жанкүміс Жәмеңкенің «Жетісудың жүрегі» атты жаңа жинағының тұсауы кесілді. Бұл – оның қаламының ғана емес, ғұмырының жемісі. Замана мен зауалдың, тағдыр мен таңбаның тоғысында туған туынды. Онда зейінге салмақ салатын парасат бар.

Аталған кітаптың қызыл лентасын қиған – Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, ҚР Мәдениет саласының үздігі Жангелді Немеребай және «Janr» әдеби клубынының басшысы, жазушы Есболат Айдабосын.

Жанкүміс апайдың жолы – таспадағы із емес, тұтас бір ұрпақтың ұстанымы. Баспасөзде жүргенде бір ғана журналистиканың шеңберінде жүрмей талай шәкірттің шыңдалып шығуына тәлімгер, ұстаз бола білді. Ұстаздың шекпенінен шыққан шәкірттері бүгінде қазақ журналистикасының бір кірпіші болып қаланып, ұстаз үмітін ақтауда.

Жанкүміс Қабдолқызы «жақсының шарапаты жеті рулы елге ортақ» деген тәмсілді дәлелдеген тұлға.

«Сөз киесі – ел киесі» дейді жұрт. Сол киені арқалаған Жанкүміс Жәмеңке – Жетісудың жүрегіне айналған, журналистиканың жұлдызын жаңғыртқан жан. Оның мерейтойы – тек өмір белесі емес, ел есінің жаңғыруы. Сондай-ақ, жас ұрпақтың темірқазығы. Бүгінгі мерейтой – соның дәлелі.

Санжар Сұлтанғазы

Қатысты жаңалықтар

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

Ветеринария мамандары спорт алаңында бақ сынады

10.07.2025
Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

Смартфонға өміріңіздің неше жылын арнайсыз: шындықты көрсететін тест

10.07.2025
Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

10.07.2025
Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

Жетісуда мал дәрігерлеріне жаңа автокөліктер мен марапаттар табыс етілді

10.07.2025
Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

Қарбызды дәнімен бірге жеуге бола ма? Дәрігер кеңесі

10.07.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.