Талдықорған: +18°C
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАС ҚАЛАМ

Ақылды технология — ақылды алаяқтар: Алаяқтар ЖИ-ді қалай пайдаланады?

19.02.2025
ЖАС ҚАЛАМ
Ақылды технология - ақылды алаяқтар: Алаяқтар ЖИ-ді қалай пайдаланады?

Жасанды интеллект (ЖИ) қазіргі заманның ең маңызды технологиялық жетістігінің бірі. Ол адам өмірінің барлық саласында қолданысқа еніп, жұмыс процесін жеңілдетуге, медицинаны, білім беру мен бизнесті дамытуға көмектесуде. Алайда ЖИ тек оң мақсатта ғана пайдаланылып жатқан жоқ. Соңғы жылдары алаяқтар осы технологияның мүмкіндіктерін өз мүдделеріне қолданып, жаңа схемалар ойлап тапты.

Бұрын айланы жүзеге асыру үшін адам факторы басты рөл атқарса, бүгінде ЖИ арам жолмен ақша табатындарға жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік берді. Жалған бейнелер мен дауыстарды жасау, сенімді алдау схемаларын құру, адамдардың жеке және қаржылық деректерін алу – мұның бәрін ЖИ арқылы автоматтандыруға болады.

Алаяқтар ЖИ-ді қалай пайдаланады?

Айлакердің басты мақсаты – адамдарды алдау арқылы ақша табу. Жасанды интеллекттің көмегімен алаяқтар бұрын мүмкін болмаған деңгейде сенімді алдау схемаларын жүзеге асырып жүр. Олардың қолданатын негізгі әдістеріне мыналар жатады:

1. Deepfake технологиялары

Deepfake – ЖИ арқылы жасалған жалған бейне немесе аудио контент. Бұл технология адамның бейнесі мен дауысын өзгертуге мүмкіндік береді. Танымал тұлғалардың атынан жалған видеолар жасау арқылы адамдарды шатастырып, қаржылық немесе саяси алаяқтық мақсатта жалған мәлімдеме таратады. Қала берді, адамның түрін өзгертіп, оны басқа әрекет жасата алады. Deepfake технологиясын анықтау қиын, өйткені ол адам көзіне өте сенімді болып көрінеді.

2. Фишинг және жалған хаттар

Фишинг – ЖИ көмегімен жасалған, алушыны сендіруге бағытталған жалған хаттар. Зейнеттегі, егде жастағы адамдарға бұл әдіс жиі қолданады. Оларға алаяқтар банк, мемлекеттік орган немесе белгілі бір компанияның атынан хат жіберіп, жеке деректерді сұрайды да, артынан несие заңдастырып, үйін сатқызып, қарызға белшесінен батырып кете салады. Осы сынды хаттың тағы бір түрі былай басталады: «Жүлде ұтып алдыңыз» немесе «Шотыңыз бұғатталды» Адамдар мұндай хаттарды ресми деп қабылдап, өздерінің жеке ақпараттарын ұрлатып алып жатыр.

3. Жалған инвестициялық схемалар

Нейро желілерді қолданатын алаяқтар сенімді көрінетін инвестициялық жоба жасап, адамдарды ақша салуға итермелейді. Олар жалған инвестициялық компания құрып, қарапайым халықты жоғары табысқа сендіреді. Екінші кезеңінде танымал адамдардың атынан инвестициялық ұсыныс жасайды. Нәтижесінде адамдар адамдар бұл табыс көзін сенімді деп ойлап, ақшаларын бейтаныс алаяқтарға береді.

4. Жасанды интеллект негізіндегі автоматтандырылған қоңыраулар

Алаяқтар ЖИ арқылы адамдардың дауысын көшіріп, шынайы қоңыраулар жасай алады. Банк немесе құқық қорғау органдарының атынан қоңырау шалып, жеке мәліметтерді талап етеді. Отбасы мүшелерінің дауысын қолдану арқылы бопсалап, автоқоңыраулар арқылы жаппай алаяқтық әрекеттер жүргізеді. Адамдар өз жақындарының немесе ресми мекемелердің атынан келген қоңырауларға сеніп, жеке деректерді, мекен-жайын, карта номерін де айтып қояды.

5. Бизнестегі жалған шолулар мен пікірлер

ЖИ арқылы автоматты түрде өнімдерге, қызметтерге немесе компанияларға жалған пікірлер жазуға болады. Бизнестегі бәсекелестік азаймаса, көбеймейді. Осы тұста алаяқтарға қара пиар жасау үшін ЖИ көмекке келеді. Олар бәсекелестерді қаралау үшін теріс пікірлер жазады, өз өнімдерін танымал ету үшін жалған оң пікір қалдырады. Әлеуметтік желілерде адамдардың көзқарасын өзгерту үшін манипуляция жасайды. Соңында адамдар жалған пікірлерге сеніп, сапасыз тауар немесе қызметті таңдайды.

Алаяқтықтан қалай сақтануға болады?

1. Ақпараттың дұрыстығын тексеру

Егер қандай да бір ұсыныс немесе жаңалық күмән тудырса, оны бірнеше сенімді дереккөзден тексеріңіз.

Банк немесе мемлекеттік ұйымнан қоңырау түссе, ресми нөмірге қайта хабарласып, оның рас екенін анықтаңыз.

2. Фишинг шабуылдарынан сақтану

Электронды пошта немесе SMS арқылы келген сілтемелерге бірден өтпеңіз.

Банк ешқашан сізден құпия сөз немесе карта мәліметтерін сұрамайтынын есте сақтаңыз.

3. Жалған deepfake бейнелерді тану

Егер бейнежазбадағы адамның сөйлеуі немесе мимикасы табиғи көрінбесе, deepfake болуы мүмкін.

Бейненің түпнұсқасын тексеру үшін басқа ақпарат көздерін іздеңіз.

4. Күдікті қоңыраулар мен чат-боттардан сақтану

Егер банк немесе құқық қорғау органдарынан қоңырау түссе, алдымен ресми нөмірге қайта хабарласып, оның рас екенін тексеріңіз.

Жеке мәліметтерді телефон арқылы ешкімге бермеңіз.

5. Киберқауіпсіздік шараларын сақтау

Күшті және бірегей парольдер қолданыңыз.

Антивирус бағдарламаларын орнатып, құрылғыларыңызды қорғаңыз.

Екі факторлы аутентификацияны (2FA) қолданыңыз.

Жасанды интеллект алаяқтарға жаңа мүмкіндіктер ашып, әрекеттерін жетілдіруге көмектесуде. Бірақ, адамдар ақпаратты мұқият тексеріп, сақтық шараларын ұстанса, ЖИ арқылы жасалатын қауіптен қорғана алады. Технология дамыған сайын киберқауіпсіздікке деген жауапкершілік те арта түседі. Сондықтан әр адам алаяқтық схемаларын біліп, өзін және жақындарын қорғауды үйренуі қажет.

Мақпал Әділханқызы
Фото: ЖИ көмегімен жасалынды

 

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғандықтарды тәнті етті

Талдықорғандықтарды тәнті етті

18.05.2025
Жанкүйерін қуантпай тұр

Жанкүйерін қуантпай тұр

18.05.2025
Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

Тұрлымбеттің тұғыры: Сары биді жеңгені

18.05.2025
Сот шешімін орындамасаң  жаза бар

Сот шешімін орындамасаң жаза бар

18.05.2025
ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

ЖЕТІСУЛЫҚТАР ЖЕҢІМПАЗ

18.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.