Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАС ҚАЛАМ

Есік күзетушінің естеліктері (Әңгіме)

28.01.2025
ЖАС ҚАЛАМ
Есік күзетушінің естеліктері (Әңгіме)

Жатақханадағы өмір қызыққа, ұмытылмас естеліктерге толы. Балалық шағымыздың ең тәтті кезеңінің қызығы мен шыжығын теңдей бөлісетін де осы жатақханадағы жандар. Қарнымыз аш болса да, көңіліміз әрдайым тоқ болатын. Қайта оралмас, қайырылмас студенттік шағымды осы кезден бастап сағынамын.   Талдықорғанға табан тірегелі үш түрлі жатақхананың өмірін көрдім.  Әрқайсысы менің жүрегімде жылы естеліктермен сақталып қалды. Балалығым болар, жатақханада тұра алмаймын деп кесіп айтқанмын. Алдымда талай қызық кезең,  бақытты сәттер мен жанашыр жандар күтіп тұрғанын білгенде бірден келісер едім. Қазір енді өмірімдегі бақытты шақтардың бірі болып саналады. Себебі, ең алғашқы махаббатымды да жолықтыруыма себепші жатақхана еді. Махаббаттың буына масайып, есімді жоғалтқандай күйге түстім. Нағыз достарымды да дәл осы жерден кезіктірдім. Еліміздің түкпір – түкпірінен  келген студенттер бір шаңырақта тұрып, түрлі шытырман оқиғаларды бастан кешеді. Алғашқы қүндер қобалжумен, толқуға толы. Жаңа танысулар, кешкі жиналыстар, асханадағы бірігіп жасаған ас осының бәрі керемет бір әсерге бөлейді. Бөлмедегі көршіңмен бір нанды бөлісіп, қуанышта да, қайғыда да қасыннан табылатын солар еді.  Ауылдан сәлемдеме келсе, ішіндегі тамақ бір күнде жоқ болатын. Тексеріс кезінде ғана, улап-шулап бөлмені айнадай жарқыратып қоямыз. Жатақханадағы өтетін түрлі іс-шаралардан ұрсысып, қырылысып жүріп алынған орындар-ай.Топырлап “Би кеші” залына жиналудың өзі бір бақыт. Ұлдармен түнге дейін карта шайқастарын ойнап, түсініктеме жазған кезіміз  қаншама. Бір күндері  өзімнің “Электрошокерімді” мақтанышпен балаларға көрсетіп, жатақхнадан шығып кетуге  сәл қалғанмын. Кешкі ас жасап үлгермей, 3-қабаттағы терезеден секіріп, түнде  дүкенге  жүгіргеніміз де рас. Эх-х-х! Студенттік кездер-ай. Не түрлі қызықтар орын алып жатады ғой. 

Жатақханадағы ең маңызды адамдардың бірі – вахташы апайлар. Талай қызықты сәтттер осы кісілермен бастан өтті. Екінші анамыздай бар жылуын бізге беретін. Өздері сондай ашық-жарқын, көңілді адамдар. Бірақ, түнде кешігіп келгенде есік ашпай қоятындары болатын. Бір қырылысып, ертесі дым болмағандай қасында әңгіме айтып тұратын керемет жандар. Менің таңғалатыным, қаншама балалардың есімдерін шатаспай бірден жаттап алатындары.  Өзіме сондай ыстық, жүрегіме жақын Бақыт апай еді. Қасына барып, отыра қалсаң бірден түрлі жатақханадағы  оқиғаны баяндайтын. Қарным аш кезде, әжемдей кәмпит-пішінәсін тегене толтырып, салып беретін. Вахташы апаймен жақсы қарым-қатынаста болсаң, кез келген бөлменің кілтін журналға жазылмай-ақ ала бересін.  Ренжітіп алған жағдайда, бажылдатып гитарамен ән шырқаймыз. Наурыз мерекесінде барлығымыз үлес қосып, біріміз ыдыс-аяқты тасып, енді біріміз үстел-орындықтарды әкеліп, бір отбасындай дастархан басына жиналған кездеріміз де бар.

Үшінші курстың көктем айы болатын. Жатақханадағы өмір қыза түскен шақ. Бір күні бөлмеде төрт қыз болып әзілдеп, бір-бірімізге күлкілі жағдайларды айтып, ішек-сілеміз қатып отырдық. Сағат түнгі он екіге жақындап қалған. Бізге жақсы таныс, әдетте қатал көрінетін вахташы апайлардың бірі, Айман апай, түнгі кезекшілікке шыққан еді. Айман апайдың қаталдығы бәрімізге мәлім, сондықтан оның кезінде тыныштық сақтап, тәртіп бұзбауға тырысамыз.

Сол түні көңіліміз көтеріліп, ерсі қылықтар жасағымыз келіп кетті. «Апайдың түрін көрейікші, қорыққандай болайық,» – деп, бір ой келді. Біз жатақхананың дәлізінде бір жерге жиналып, қараңғы бұрышта тұрдық та, біреуіміз ақ жайма тауып алып, сол арқылы «елес» боламыз деп шештік. Көрінісіміз шынымен күлкілі болды: ақ матаның астында тұрған бойжеткен қолын созып, дәлізде жүре бастады.

Бірнеше минуттан соң, Айман апай жақындап қалды. Біз енді не боларын күтіп, тынысымызды ішке тартып тұрмыз. Вахташы апай бізді байқамай өте шығатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ ол бізді көріп, бірден тоқтады. Оның көзі үлкен болып, үрейленгендей көрінді, бірақ кенет ол жай ғана бастың селкілдегенін көрді де:

– Ойбай, елес пе деймін десем… неғылған ақымақтық! – деп, бізге қарап күлді.

Бұл күтпеген реакция болды. Біз Айман апайдың қатты ашуланатынын немесе тіпті ұрысатынын ойлаған едік. Бірақ ол біздің қылығымызды көңілді қабылдап, керісінше, өзінің күлкісімен бәрімізді жұқтырды.

Аяулым Шынгаева,
ЖУ-дың 4 курс студенті

Фото: Tengrinews.kz

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.