Талдықорған: +17°C
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАС ҚАЛАМ

Сезім сергелдеңі (әңгіме)

03.02.2025
ЖАС ҚАЛАМ
Сезім сергелдеңі (әңгіме)

Мектеп қабырғасындағы соңғы сәттерім. Қолымызға аттестатты алғаннан кейін мектеп түлектері болып естелікке суретке түстік. Бәрі мәз-мейрам. Бәріміз бас қосып саябаққа бардық. Қалтадағы ақшаны барынша жаратып жүрмін. Аудан мектептеріндегі түлектердің барлығы дерлік осында. Ауыл-аймақтан келгендер де баршылық. Саябақты айнала келе көзім бір қызды шалып қалды. Бейімбет Майлинша айтқанда «Шұға десе, Шұғадай ақ екен өзі». Кілең ұл қыздардың арасында отырған соң жанына жақындай алмадым. Көзіммен жай ғана сәлем беріп өттім. Ол да түсінгендей болды. Бала күнімде әжемнің ауылына барғанымда бір топ балалардың арасынан көрген кішкентай ғана сүйкімді қыз. Кім білген, ол қыз қазір бой жетіп, көз алдымда қатарластарымен отырарын. Көздері моншақтай, басына таққан орамалы өзіне құйып қойғандай жарасымды. Қас кірпігі Мұқағали Мақатаев айтқандай «Қарлығаштың қанатындай қап қара». Ойым сан саққа кетті. Қалай да сөйлесу керек. Жанымдағы жігіттер жан-жаққа тараса бастады. Әдейі сол сылқым отырған орындық жақтан өткім келді. Көп ойланбай саябақтың есігіне қарай беттедім. Жүре бергенім сол-ақ екен әлгі сұлу алдыма өзі келгендей, құрбысымен есік жаққа кетіп барады.

«Мүмкіндік! Маған берілген мүмкіндік қой мынау!», – дедім ішімнен. Артына мені танығандай жымиып қарап қояды. Есіктен шыға алдымда таныс жігіттер жолығып қалды. Әттеген-ай!  Солармен амандасып, хәл сұраған уақытта, аруым аққан жұлдыздай жарқ етіп, көзден ғайып болды. Ынтызарлығым лаулап жатқан отқа су сепкендей басылды. Ішім алай-дүлей. Артынан іздеп бардым. Бірақ, таба алмадым. «Не болса да ауылына кетіп қалды ау!» — дедім де, үйге қарай жол шетімен кете бардым…

Махаббаттың отына күйіп, сезімнің буына тұншығудың соңы қандай ауыр еді? Жалпы адамзат табиғатына тән махаббаттың түрлері өте көп болар. Екі адамның арасындағы сезім махаббат па? Жо-жоқ махаббат адамның өзінен басталады. Өзін-өзі құрметтеген адамның ғана екінші біреуге деген сезімі оянады. Жүрек түкпіріндегі, сана тұғырымдағы ойлау жүйе өмірдегі олқылықтарды түзетуге көмегін бере ме? Көңілсіз өткен уақыттың қарымын қайдан алса болады? Мүмкін басқа бір адамнан, бәлки өзге тіршілік иесінен? Жүрек ішіндегі құсаны арылтпай тұрған жан жарасын емдеу үшін уақыттан артық емші жоқ. Тағдырдың тайғанақты жолдары қайта жолықтырады ма, әлде ғұмырым басқа бір арудың орамалына байланып кете ме? Адамның дегені болмайды Алланың дегені болады. Оны алдағы уақыттың еншісіне тапсырдым.  

Арсен ҚАЗТАЙ
ЖУ-дың 4-курс студенті
Фото: antoniy.com.ua

Қатысты жаңалықтар

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

2060 жасөспірім түнгі уақытта көшеде жүрген: Жетісу облысында рейд өтті

13.05.2025
Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

Кремль Қазақстанның 70-ке жуық ғалымына Ресейге кіруге тыйым салды

13.05.2025
Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

Президент Қуаныш Сұлтановқа «Отан» орденін cалтанатты түрде табыстады

13.05.2025
«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

«Азаматтарға арналған үкімет» биометриялық сәйкестендіру жүйесін енгізді

13.05.2025
Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

13.05.2025

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.