Талдықорған: +24°C
$ 464.02
€ 536.18
₽ 5.54
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»

15.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісу өнері Елорда төрінде: «Таптым-ау сені»
WhatsAppTelegramFacebook

Бүгін Астана төріндегі Qazaq Creative алаңында өтіп жатқан «Жетісу – Елорда төрінде» мәдени-креативті жәрмеңкесі Жетісудың өнері мен мәдениетін, ұлттық болмысы мен шығармашылық әлеуетін бас қала жұртшылығына кеңінен таныстыруға мүмкіндік берді. Аталған шара аясында Бикен Римова атындағы академиялық драма театры да өз өнерін ұсынып, астаналық көрерменге «Таптым-ау сені» спектаклін тарту етті. Жетісудың қасиетті топырағынан түлеген театр ұжымы шығармашылық байланысты нығайтып, жаңа қойылымды кең аудиторияға таныстырудың мүмкіндігіне ие болды. Ал Елордалық көрермен үшін бұл өңір театрындағы тың ізденістермен танысып, сахна өнерінің жаңа тынысын сезінудің сәті түсті.

Әлемдік театр алаңында көрерменмен байланыс формасы ретінде тәжірибе жасайтын қойылымдар болады. Солардың бірі  –  иммерсивті қойылым. Иммерсивті спектакльде дәстүрлі мағынадағы көрермен залы болмайды, демек, көрерменді актердан бөліп тұратын «төртінші қабырға» ұғымы жоқ. Көрермендер сахналанып жатқан қойылымды әртістермен бірге жүріп барынша сезініп, сюжет  линиясын бір локациядан екіншісіне өтіп, тіпті, кей сәтте болып жатқан оқиғаға өзі де әсер ете алады. Бұл көрерменді қойылым әлеміне толығымен тартуға негізделген.

Астаналық көрермен назарына іңкәр сезімнің иелері Асқар мен Банудың қызықты оқиғаларға құралған, жүрек қылын шертер мұңлы да сырлы махаббат хикаясы ұсынылды. Кеш келген бақыттың әсерлі хикаяларымен бөлісетін осынау шығарма кейіпкерлерінің тағдырларына жазылған өзіндік өмірлік оқиғалары бар. Мектеп қабырғасынан басталған сезім жылдар өте тағдырдың талай сынағынан өтеді. Бір-бірінен көз жазып қалған қос ғашықтың араға ұзақ жыл салып қайта табысуы арқылы спектакль адам өміріндегі махаббат, жалғыздық, сағыныш пен таңдаудың мәнін зерделейді. Қойылымның режиссері Рамазан Үсен. Ал басты рөлдерді жетісулық актерлар Батыржан Медет пен Мадина Сағымбай сомдады.

Спектакльдің басты ерекшелігі – оның иммерсивті форматта қойылуында. Яғни көрермен дәстүрлі спектакльдегідей сахна сыртында қалмайды. Көрермен мен актер арасындағы қалыптасқан шекара жойылып, театр кеңістігі тұтас бір әлемге айналады. Осы арқылы Бикен Римова атындағы академиялық драма театр көрерменге сахна өнерін қабылдаудың өзгеше формасын ұсынып қана қоймай, шығармашылық ізденістің жаңа бағытына қадам басты. «Таптым-ау сені» спектаклінің бүгін Астана төрінде сахналануының мәні де осында. «Жетісу – Елорда төрінде» мәдени-креативті жәрмеңкесі өңірдің тек экономикалық немесе туристік мүмкіндігін танытатын алаң емес, оның рухани-мәдени келбетін көрсететін үлкен шығармашылық кеңістікке айналып отыр.

«Таптым-ау сені» – екі адамның бір-бірін іздеп, жылдардан соң қайта табуы туралы ғана хикая емес. Бұл – жоғалтқанын іздеген адам, уақыттан озған сезім, жалғыздық пен үміт жайлы сыр.

Жетісу – тарихы терең, өнері өрісті өлке. Бұл өңірден талай талант түлеп ұшып, қазақ мәдениетінің дамуына зор үлесін қосуда. Ал Бикен Римова атындағы академиялық драма театры – сол рухани сабақтастықты бүгінгі заман талабымен ұштастырып келе жатқан өнер ордасы. Бүгінгі қойылым арқылы театр ұжымы Жетісудың сахналық өнерін Елорда көрерменіне бір табан болса да жақындатты. Әсіресе иммерсивті форматтың таңдалуы қойылымды жәрмеңкенің заманауи мәдени-креативті рухымен табиғи сабақтастырды. Өйткені бұл көрерменді тек тамашалаушы емес, өнер туындысының тікелей қатысушысы ретінде қабылдайтын жаңа буын театрының көрінісі.

Астаналық көрермендердің қойылымға деген ықыласы да ерекше болды. Қойылым соңында ұзақ қол соғылып, «Браво!», «Тамаша!», «Керемет!» деген жылы лебіздер айтылып, актерларға гүл шоқтары табыс етілді.  Бұл құрмет актерлердің сахнадағы еңбегіне берілген баға ғана емес, театр мен көрермен арасындағы рухани байланыстың айқын көрінісі.

Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Айсара Ғабитова дәл осы қойылымды тамашалау үшін арнайы келген. Оның айтуынша, қойылым заманауи стильде жастардың жүрегінен ерекше орын алып үлгерген.

– Қойылымды екі-ақ актер жан-жақты көрсете білді. Актерлық шеберліктеріне тәнті болдым. Қойылымның басында мұңайдық, отбасылық құндылыққа, әкенің бала өміріндегі алар орнына қатысты айтылғанда көзге жас алдым. Соңында тағдырлы жастардың басынан өткен қиыншылықтарына қарап жүрекке салмақ түсті. Соңында қос ғашық «Таптым-ау сені» деп қол ұстасып, арманға бірге аттанғанда бойымды қуаныш кернеді. Эмоцияға толы қойылым болды. Тетар ұжымына ризамын, – дейді қала тұрғыны.

Өнердің ұлылығы да осы шығар?! Бір өңірде туған спектакль екінші өңірге жеткенде, оның мәні мен мазмұны кеңейіп, көрерменнің жүрегінен ойып орын алса, мұның өзі үлкен олжа. Бүгінгі «Таптым-ау сені» қойылымы да Жетісудың мәдени тынысын Елорда төріне жеткізген айтулы өнер оқиғаларының біріне айналды.

Еңлік КЕНЕБАЙ

Суреттерді түсірген Қанат МАҚАНҰЛЫ

Астана қаласы

Қатысты жаңалықтар

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

Елордалық көрермен Мұқағали әлемімен сырласты

15.08.2026
Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

Жетісудың рухани мұрасы Елорда төрінде таныстырылды

15.08.2026
Ауыл жағдайы айтылса

Құрылтай – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам

15.08.2026
Басты мақсат – отадан кейін отбасымен   аман қауыштыру

Басты мақсат – отадан кейін отбасымен аман қауыштыру

15.08.2026
Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда

Талдықорғанда оңалту орталығы салынуда

15.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.