Талдықорған: +29°C
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті

19.09.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті
WhatsAppTelegramFacebook

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға 47 570 тұрғын қатысып, өңірдің елді мекендерінде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Облыстық сенбілікке Жетісу облысының әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ та қатысып, ағаш отырғызды.

Ауқымды шараға мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, жастар мен волонтерлер, облыс тұрғындары белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында қоғамдық аумақтар, көшелер мен аулалар, саябақтар мен скверлер және басқа да қоғамдық орындар санитарлық тазалаудан өтіп, абаттандырылды. Сонымен қатар өңір бойынша 9 500 ағаш көшеті отырғызылды. Оның ішінде Талдықорған қаласында 1 000 көшет, «Жастар» саябағына 100 көшет отырғызылды.

Айғаным АЙТМҰХАН:

–  Тазалық әр адамнан басталады. Біз алақандай ғана қаламыздың тазалығын бірінші орынға қоюымыз керек. Жасыл желек отырғызып, айналаны қоқыстан тазарту – бәріміздің ортақ міндетіміз.

«Жастар» паркіне атбасын бұрған облыс басшысы Бейбіт Өксікбайұлы сенбілікке белсене қатысқан жұртшылыққа ризашылығын білдірді,

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Бұл – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, қоғамның мәдениеті мен азаматтардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Адамның өмір сүретін ортасы мен қоғамы таза болса, бұл – үлкен жетістікке бастайтын жол. Тазару мен жаңару әр адам үшін маңызды. Сондықтан тазалықты тек бір күндік науқан ретінде емес, күнделікті өмір салтына айналдыруымыз қажет.

Бүгінде Талдықорған қаласында абаттандыру және көгалдандыру бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. «Жастар», «Жеңіс» және «Ардагерлер» саябағындағы суару жүйелері қайта жаңғыртылды. Қаратал өзенінің жағалауын абаттандыру бағытында да бірқатар жұмыс атқарылды. Алдағы уақытта суару жүйелерін одан әрі жетілдірсек, қаламызды жасыл желекке оранған көрікті қалаға айналдыруға мүмкіндік мол, – деді аймақ басшысы.

Жетісулық белсенді жастармен ағаш көшетін отырғызған Бейбіт Өксікбайұлы жауапты сала мамандарына абаттандыру жұмысына асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігін жеткізді.

 –  Қазір аула-ауланың бәрі тазарып, көшелер көркейіп келеді. Әсіресе облыс жастарының өз еркімен келіп, осындай игі іске белсенді түрде атсалысып жүргені қуантады. Әрбір көше мен ауланың тазалығы – ортақ еңбектің нәтижесі. Біз «Үлгілі аула», «Үлгілі ауыл» секілді бастамалардың қолға алынып, тұрғындардың еңбегін ерекше атап өтіп, марапаттап жүргеніміз де тегін емес. Бұл – тазалыққа деген жауапкершілікті арттырудың, жақсы үлгіні өзгелерге насихаттаудың бір жолы.

Тазалық – тәртіптің бастауы. Ал тәртіп бар жерде жауапкершілік, мәдениет және өзара құрмет қалыптасады. Сондықтан тазалықты сақтау тек айналаны көркейту емес, бұл қоғамның жаңаруына, тәртіпке қадам басуға бастайтын түзу жол деп білемін, – деді облыс әкімі.

Сенбілік тазалық жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін 285 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 3 000 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Ерасыл СЕРІКҰЛЫ:

–  Біз таза киім кигіміз келеді. Дәл солай таза ортада өмір сүруді бірінші орынға қойғанымыз жөн. Әр тазалық күні аясында тонналап қоқыс шығарамыз. Біз күн сайын айналаның тазалығына терең мән беруіміз керек.

Жетісу облысында экологиялық бастамалар жыл басынан бері тұрақты түрде жалғасып келеді. 2026 жылдың басынан бері қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында 181 іс-шара өткізіліп, оған 180 мыңнан астам адам қатысты. Осы кезеңде 68 мың көшет отырғызылып, 15 мың тонна қоқыс шығарылды.

Дүниежүзілік тазалық күніне орай өткен облыстық сенбілік Жетісу тұрғындарының қоршаған ортаны қорғауға деген белсенділігін тағы бір көрсетті. Мұндай шаралар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға және тазалықты күнделікті өмір салтына айналдыруға ықпал етеді.

Еңлік КЕНЕБАЙ

 

Қатысты жаңалықтар

Күздік бидай себілді

Күздік бидай себілді

19.09.2026
Ақсу алқабында қызу еңбек

Ақсу алқабында қызу еңбек

19.09.2026
Қаратал пиязы – ресей нарығында

Қаратал пиязы – ресей нарығында

19.09.2026
Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті

Жетісуда Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтті

19.09.2026
«Екіашаға» ауызсу жетті

«Екіашаға» ауызсу жетті

19.09.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.