САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА
2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына № 6 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Жүнісов Қуат Әлдибекұлы.
Құрметті сайлаушылар!
Мен, Жүнісов Қуат Әлдибекұлы 1973 жылы 6 қазанда Балпық би кентінде дүниеге келдім. 1995 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Еңбек және техника» мамандығы бойынша тәмамдадым.
Еңбек жолымды 1990 жылы монтаждаушы болып бастап, білім беру, энергетика, құрылыс және коммуналдық шаруашылық салаларында түрлі қызметтер атқардым. 2010 жылдан бері «Көксу жылу-су сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келемін.
Еңбегім үшін «Отан патриоты», «Сіңірген еңбегі үшін», «Батыр шапағаты» және мерекелік медальдармен марапатталдым.
Жинақтаған тәжірибемді ауданның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосуға бағыттауды басты мақсатым деп санаймын.
Құрметпен, Қуат Жүнісов
2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК
2027-2028 жылдары Балпық би ауылындағы Жалайыри және А. Байтұрсынов көшелеріне асфальт төсеу және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу сапасын, сондай-ақ жолдардың күтіп ұсталуын бақылауда ұстаймын.
2. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
Балпық би ауылындағы Жұмабек және Исабаев көшелеріндегі тозған су құбырларын жаңартуға, электр қуатының үздіксіз берілуі мен көше жарықтарының орнатылуына ықпал етемін. Сонымен қатар, Исабаев көшесіндегі екі 60 пәтерлі тұрғын үйдің инженерлік желілерін тарту, кәріз жүйесін жүргізу және көпқабатты үйлерді газға қосу жұмыстарына жәрдемдесемін.
3. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ
Балпық және Лабасы ауылдық округтерінің тұрғындарына «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, бағдарлама талаптары туралы ақпараттың қолжетімді болуына және ауыл кәсіпкерлігін дамытуға жәрдемдесемін.
Келісім мен ашықтық – ауыл тірегі!
4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ
Мал басын көбейтуге, егін алқаптарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы өнімділігін 2 есе арттыруға бағытталған бастамаларға жәрдемдесемін.
5. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС
2026-2029 жылдарға жоспарланған инвестициялық жобалардың және 2028 жылғы агроөнеркәсіптік кешен жобасының іске асуына, жергілікті тұрғындар үшін жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ету.
6. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Денсаулық сақтау нысандарын қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге және тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсартуға ықпал етемін
7. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР
Мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсартуға, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасауға ықпал ету.
8. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ
Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жыл сайын 4-5 отбасыға әлеуметтік қолдау көрсетуге, балаларды мектепке қажетті киім-кешекпен қамтамасыз етуге және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерінің шешілуіне ықпал етемін.
9. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ
Балпық би ауылындағы Қ. Жалайыри және Н. Алдаберген атындағы мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен және цифрлық ресурстармен қамтуға, интернет сапасын жақсарту мәселелерін тиісті органдарға жеткізіп, шешілуіне ықпал етемін.
10. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН АУЫЛ
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Балпық би ауылында абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізуге атсалысамын. Тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, қоғамдық орындардың тазалығын сақтауға, жасыл желектерді көбейтуге және халыққа жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға ықпал етемін.
Халық сенімі – сөз емес, жауапкершілік!
Бала болашағы – басты басымдық!
Әр шешім – ауылдың игілігі үшін!
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Балпық ауылдық округінің болашағы – оның тұрғындарының бірлігіне, адал еңбегіне және туған жерінің дамуына деген жанашырлығына байланысты. Ауылдың өркендеуі, халықтың әл-ауқатының артуы және әрбір отбасының жарқын болашағы – басты назарда болуы тиіс маңызды міндеттер.
Біздің мақсатымыз – ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және елді мекендердің инфрақұрылымын кезең-кезеңімен жаңғырту. Ауыл жолдарының жағдайын жақсарту, көшелерді жарықтандыру, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының қолжетімділігін арттыру, кәсіпкерлікті қолдау және жастарға жаңа мүмкіндіктер жасау – алдағы жұмыстың негізгі бағыттары.
Мен үшін ең маңыздысы – халықтың сенімін ақтау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, көтерілген мәселелердің шешілуіне нақты ықпал ету. Әрбір бастама ел игілігіне бағытталып, әрбір атқарылған жұмыс ауыл тұрғындарының күнделікті өмірінен көрініс табуы қажет.
МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ
Жауапкершілік пен халыққа жақындық. Тұрғындардың сұранысы мен қажеттілігін басты назарда ұстап, елді мекеннің дамуына бағытталған бастамаларды қолдау мен үшін маңызды. Халықпен тұрақты байланыс орнатып, әрбір азаматтың мәселесіне бейжай қарамай, оның шешілуіне нақты үлес қосуға күш саламын.
Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!
Тапсырыс беруші: Жүнісов Қуат Әлдибекұлы
Көксу аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді.







