Талдықорған: +10°C
$ 448.72
€ 493.86
₽ 5.49
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
29 қараша — Мәслихаттар депутаттарының сайлауы
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет Мәслихаттар сайлауы

Қаратал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Әкімжанов Мәди Болатұлы

19 қараша 2026
Мәслихаттар сайлауы
Қаратал аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Әкімжанов Мәди Болатұлы
WhatsAppTelegramFacebook

2026-2031 жылдарға арналған «ӘДІЛЕТ» партиясынан Қаратал аудандық мәслихатының депутаттығына №12 бірмандатты сайлау округі бойынша кандидат Әкімжанов Мәди Болатұлы.

«Халық үні – басты назарда! Ауылдың дамуы – елдің болашағы!»

 

Құрметті сайлаушылар!

Мен, Әкімжанов Мәди Болатұлы, 1987 жылғы 18 қазанда Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Үштөбе қаласында дүниеге келдім. 2009 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдап, экономист біліктілігін алдым.

Еңбек жолымды 2011 жылы Алматы облысы жол полициясының инспекторы қызметінен бастадым.

Қазіргі таңда Қаратал ауданының Жаңаталап ауылында тұрамын. Депутаттық қызметім барысында аудан тұрғындарын толғандырған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтеруге, аумақтың дамуына, елді мекендерді абаттандыруға, әлеуметтік қорғау, білім беру және денсаулық сақтау салаларының өзекті мәселелерін шешуге басымдық беріп келемін.

Депутаттық жұмысымның басты мақсаты – тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тиісті органдар алдында көтеру, аудан аумағында жүзеге асырылатын әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына қоғамдық және депутаттық бақылау жүргізу.

Құрметпен, Әкімжанов Мәди

 

2026-2031 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НАҚТЫ МІНДЕТТЕР

  1. ЖОЛ ЖӘНЕ КӨЛІК

Қаратал ауданының Көкпекті және Алмалы ауылдарындағы ішкі көшелердің жол сапасын жақсарту және көлік қатынасын дамыту мәселелерін тұрақты назарда ұстаймын. Ауданның даму жоспарына сәйкес, Көкпекті ауылында Сейфуллин көшесінің 0,83 км, Жанысбаев көшесінің 0,328 км, Жамбыл көшесінің 1,24 км учаскелеріне орташа жөндеу жүргізу жоспарланған. Сонымен қатар, Алмалы ауылында Әуезов көшесінің 0,265 км, Кілтбай көшесінің 0,295 км, Мықтыбек батыр көшесінің 0,395 км, сондай-ақ Жаңсылтан көшесінің 0,45 км учаскесін жөндеу көзделген.

  1. СУ, ЭЛЕКТР ҚУАТЫ ЖӘНЕ КОММУНАЛДЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Өз округіме қарасты ауылдардың көше жарығын жақсарту мәселесін назарда ұстаймын. Көкпекті ауылында Жамбыл көшесінің 0,9 км учаскесі жарықтандырылған. Ал 2030 жылға Көкпекті ауылындағы Қарибозов көшесінің 1,4 км, Қожбан ауылындағы Әзірбаев көшесінің 0,71 км жарық орнату жоспарланған. Жобалардың сапалы әрі уақытылы орындалуына депутаттық бақылау жүргіземін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ НЕСИЕЛЕР ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ

Балпық ауылдық округінде 2026–2029 жылдары микрокредиттеу және лизинг арқылы 12 кәсіпкерлік жобаны, Айту ауылдық округінде 2026–2030 жылдары 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Нәтижесінде 32 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Осы жобалардың іске асуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына, табысын арттыруына және жергілікті кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетемін.

  1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ

Қаратал өзенінің Аққайыр тармағын механикаландырылған тазарту жұмыстарының II кезеңі аясында 2027 жылы 6,7 км арнаны тазарту жоспарланған. Жобаның жалпы құны – 165,51 млн теңге. Жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына, су арнасының өткізу қабілетін арттыруға депутаттық бақылау жүргіземін.

  1. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮШІН ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ МЕН ТАБЫС

2026–2029 жылдары Балпық ауылдық округінде 12 жоба жүзеге асырылып, 12 жаңа жұмыс орнын, ал Айту ауылдық округінде 2026–2030 жылдары 20 жоба іске қосылып, 20 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Бұл бастамалардың орындалуына ықпал етіп, ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетемін.

  1. ҚОЛЖЕТІМДІ ЖӘНЕ САПАЛЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Көпбірлік ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны жөндеу 2028 жылға жоспарланған. Жұмыстардың сапалы орындалуы мен медициналық қызметтің қолжетімді болуын бақылауда ұстаймын.

  1. БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЗАМАНАУИ МЕКТЕПТЕР МЕН ЖАҒДАЙЛАР

2029 жылы Көпбірлік ауылындағы А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп пен Қарақұм ауылындағы Алғазин орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жұмыстардың сапалы орындалуы мен оқушыларға қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруды депутаттық бақылауда ұстаймын.

  1. ОТБАСЫЛАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ

Қаратал ауданында тұрғын үй құрылысын дамыту және пайдалануға берілетін баспана көлемін арттыру мәселесін назарда ұстаймын. Аудан жоспарына сәйкес, Айту би ауылдық округінде жыл сайын 0,5–0,6 мың м², Қызылбалық ауылдық округінде 0,3–0,4 мың м², Байшегір ауылдық округінде 0,3-0,4 мың м² тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Бұл бағыттағы жұмыстардың орындалуын бақылап, тұрғындардың баспана мәселесін шешуге ықпал етемін.

  1. ЖОҒАРЫ САПАЛЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ

Қаратал ауданындағы елді мекендерді интернет желісімен қамту сапасын арттыру мәселесін назарда ұстаймын. Аудан жоспарына сәйкес, Қызылбалық және Байшегір ауылдық округтерінде интернетке қолжетімділік деңгейін 97%-дан 2028 жылға қарай 100%-ға жеткізу көзделген. Бұл жұмыстардың орындалуына бақылау жасап, тұрғындардың сапалы интернетке қол жеткізуіне ықпал етемін.

  1. ТАЗА ӘРІ ЖАҚСЫ КҮТІЛГЕН ҚАЛА

Мәдениет және спорт нысандарын дамыту, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстарын жақсарту мәселелерін назарда ұстаймын.

Әр мәселе маңызды, әр тұрғынның үні қымбат!

 

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР! 

Қаратал ауданы – өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен қоғамдық өмірінің маңызды орталығы. Ауданның өркендеуі әрбір тұрғынның тұрмыс сапасынан, қауіпсіз орта мен нақты атқарылған жұмыстардан көрініс табуы тиіс.

Қаратал ауданындағы мектептер мен балабақшалар, медициналық мекемелер, автомобиль жолдары, көше жарығы, ауызсу, газдандыру, тұрғын үй және абаттандыру мәселелері тұрақты назарда болуы қажет. Әрбір тұрғын жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруге лайық.

Депутаттық жұмысымның басты өлшемі – тұрғындардың өзекті мәселелерін көтеру, ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалардың уақытылы орындалуын, құрылыс сапасын және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын бақылау.

Бізге құр уәде емес – нақты іс, бос ұран емес – шынайы нәтиже керек! Қаратал ауданының жарқын болашағын бірге қалыптастырайық!

МЕНІҢ ҰСТАНЫМДАРЫМ

Мен үшін депутаттық қызмет – атақ емес, халық алдындағы үлкен жауапкершілік.

Әрдайым өзекті  мәселелерді анықтап, олардың шешілу жолдарын іздеуді маңызды деп санаймын. Әрбір бастаманың заңдылығын, қаржыландыру мүмкіндігін және нақты нәтижесін ескеріп, халық мүддесіне сай шешімдер қабылдануына ұмтыламын.

 Халық сенімі – басты міндет!

 

 Тапсырыс беруші: Әкімжанов Мәди Болатұлы
Қаратал аудандық мәслихаты депутаттығына кандидаттың сайлау қоры қаражаты есебінен төленді

Қатысты жаңалықтар

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Сүлейменов Бейбіт Жаңылысұлы

Бүгін, 16:50
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Зейнелғабдылов Олжас Ерланұлы

Бүгін, 16:46
Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Ақсу аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Естібаев Марат Дәулетұлы

Бүгін, 16:40
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Ежімбеков Асан Тоқайбекұлы

Бүгін, 16:39
Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Алакөл аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Түндебаев Асхат Машенұлы

Бүгін, 16:33

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • МӘСЛИХАТТАР САЙЛАУЫ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.