РЕФЕРЕНДУМ-2022: 97 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕ ДАУЫС БЕРДІ

Уақыты: 05.06.2022
Оқылды: 756
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ақсу ауданының Жансүгіров кентіндегі  номер №1 сайлау учаскесінде референдумға дауыс беру таңнан басталды.


Аталмыш учаскеде дауыс беру ашық, еркін жүргізілді. Мектептің кіреберіс дәлізінде 7 комиссия мүшесі, екі бақылаушы келгендердің референдумға  өз көзқарасын  еркін білдіруі үшін қызмет көрсетті.

Байқаушылардың бірі "Аманат" партиясының  өкілі Ермұхамед Сейфулмаликов пен "партиялық емес байқау орталығының" өкілі Шолпан Омарбекова. Ең  жасы үлкен  дауыс беруші 97 жастағы Рабиға Нұрғалиева. Апаға дауыс беру жәшігін сайлау комиссиясының мүшелері үйіне алып барды.  жалпы ауданда сағат 9. 00-ға дейін 23743 сайлаушының 7504-і, яғни 31,62 пайызы дауыс берді.

Гүлжан ТҰРСЫН