ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Уақыты: 10.05.2024
Оқылды: 357

​Бүгін Жетісу облысы бойынша «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Таза өзен», «Тазалық өзімізден басталады» сынды бірқатар экологиялық акциялар ұйымдастырылды.

Шараға 1985 адам (еріктілер, эко-белсенділер, тұрғындар) қатысты. 13 арнайы техника жұмылдырылып, 31 тонна қоқыс шығарылды.

Бір күнде облыс аумағындағы 19 өзеннің (Көксу, Қора, Шажа, Быжы, Қарсу, Қаратал, т.б.) айналасына сенбілік жұмыстары жасалып, арналары тазартылды.