«АЛТЫНЕМЕЛ» КЕРЕМЕТІ

Уақыты: 14.06.2022
Оқылды: 1165
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Ұлттық қорық жануарларға өте бай. Мұнда қарақұйрық, құландар мен бөкендерден бөлек, омыртқалы жануарлардың 200-ден аса түрi кездеседi. Iле өзенi мен Қапшағай су қоймасында балықтың 32 түрi бар. 

Ұлттық қорық аумағы таулар, таулы қыраттар, жазықтар мен жоталардан тұрады. Өсімдіктер, омыртқалы жануарлар мен құстардың сан түрi бар. Олардың 40-ы Қазақстанның Қызыл кiтабына енген. Күз айларына қарай қорықтың тау бөктерiнде шетен шоқтары қызара бастайды. Ал жазық далада қыркүйек, қазан айларында жусан мен сораңшөптер гүлдейдi. Кейбiр эндемикаларды, жоңғар аспарасын тек осында кездестiресiз. Бұл өсiмдiктерді әлемнiң өзге елiнен iздесеңiз таба алмайсыз, тек Шолақ тауында бар. Ұлттық саябақты туристер қабылдайтын арнайы қонақүйлер орналасқан. 
 «Бесшатыр» археологиялық тарихи мұражайын, Ақтау тауында динозаврлар паркi мен палеонтологиялық мұражай, туристiк кемпингтер, этнографиялық ауылдар, шатырлы лагерьлер салу жоспарлануда. Қорықта қолдан ештеңе істеудің қажетi жоқ. Жаратылыстың өзі қазаққа сыйлаған «Айғайқұм», «Бесшатыр» қорғандары, тау сiлемдерiндегi сұлулық, Ақтау, Қатутау, 700 жылдық тарихы бар киелі ағаш, сирек кездесетiн аң-құстар саяхатшылар үшiн таптырмас көрініс. Тек бiздiң қорықшыларымыз осы сұлулықты сақтап, жабайы аң-құсты қорғап, сақтай бiлсе болғаны.
 «Бұл жолы Ақтау мен Қатутау тауларын,700 жылдық тарихы бар киелі ағашты көруге мүмкiндiк болмады. Қорықтың директоры Халық Баядiловтiң айтуынша, қорықты бiр-екi күнде толық аралап шығу мүмкiн емес. Алыстан ат арытып келетiн шетелдiк туристер мұнда апталап жатып, табиғаттың жаратқан кереметiн асықпай аралайды.

Қайрат БАЙЖҰМАЕВ, 
Алтынемел МҰТП мемлекеттік инспекторы
Басши ауылы, 
Кербұлақ ауданы