«ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ – 110 ЖЫЛ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Уақыты: 17.06.2022
Оқылды: 1751
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Осыдан бірер күн бұрын Қонаев қаласында «Д. Қонаев замана заңғары» тақырыбында Алматы облыстық мұғалімдер конференциясы болып өтті. 

Салтанатты жиын барысында белгілі журналист Зарыққан Есілбаев «Дінмұхамед Қонаев – 110 жыл» медалімен марапатталды.  Халықаралық  Д. Қонаев  қоры тағайындаған  бұл марапат З. Есілбаевқа  көрнекті мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлының сан-салалы қызметі, еліне сіңірген еңбегі жайында кеңінен қалам тербеп, тұлғатануға қосқан үлесі үшін берілді. Сөйтіп, қаламгер З.Есілбаев облыс  орталығына айналған шаһарда бірінші болып қайраткер тұлға құрметіне шығарылған медальмен марапатталды. 

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"