Су қоймаларының құрылысы басталды

Уақыты: 31.03.2024
Оқылды: 279
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Биыл еліміздің әр аймағында 5 су қоймасының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.Бүгінде 8 нысанның құжаты әзірленіп жатыр. Министрлік 11 облыста 20 жаңа су қоймасын салуды көздеп отыр. 


Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуы тиіс. Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтып,137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елді мекенді су басу қаупін азайтады. 

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің айтуынша, құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес іске асырылмақ. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшегаралық өзендерге тәуелділікті азайту мақсатында жүзеге асырылмақ.