Кейбір қазақстандықтар үшін 55 жастан бастап арнайы төлем енгізіледі: Тоқаев заңға қол қойды

Уақыты: 22.12.2023
Оқылды: 885
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтіндерді әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте жолдауында зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенше, арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтқан болатын.

Фото: 24.kz