Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

700 ГРАНТ БЕРІЛДІ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ УНИВЕРСИТЕТІ АШЫЛДЫ

Уақыты: 31.07.2020
Оқылды: 517
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Түркістан қаласында ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша Мәдениет және спорт министрлігі жанынан халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті құрылды.

Бұл оқу ордасы Елбасының бастамасы негізінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашылып отыр. Қазақстандағы халықаралық деңгейдегі тұңғыш университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар дайындайтын болады. Туристік бизнестің нақты қажеттілігі ескерілген университеттің 4 жылдық білім беру бағдарламасының нәтижесінде түлектер халықаралық үлгідегі екі диплом алады. Бұл олардың әлемнің кез-келген жерінде өз мамандығы бойынша еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Онда отандық және шетелдік профессорлар, ғылым докторлары мен туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП-менеджерлері дәріс оқиды. Сондай-ақ, түлектер тәжірибесін БҰҰ Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады. Университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді. Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар. Түркістан қаласындағы жаңа Халықаралық туризм университеті биылдан бастап талапкерлерді қабылдайды. Туризм мамандығына бейіндік пәні: география және шет тілі, ал ҰБТ шекті балы: 50. Денешынықтыру және спорт мамандығына шығармашылық емтихан, ҰБТ шекті балы 70.

Құрметті талапкерлер!

Осы оқу жылында біздің университетке «Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» және «Туризм» мамандықтары бойынша 700 грант берілді. УНИВЕРСИТЕТТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

* Халықаралық деңгейдегі Университет;

* жоғары білікті оқытушылар;

* халықаралық үлгідегі диплом;

* қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқыту;

* тілдік оқыту орталығы;

* практикаға бағытталған оқыту, әлемнің шетелдік тағылымдамасы;

* қызықты студенттік өмір (дебаттар, халықаралық студенттік конференциялар, спорттық секциялар));

* 30 мың теңге мөлшеріндегі Стипендия

ҰБТ-ға түсу үшін бейіндік пәндер: "География" және "Шет тілі"болуы тиіс.

ҰБТ тапсыру кезінде әр пән бойынша орташа қорытынды баға 5 балдан төмен болмауы тиіс, ал жалпы балл 50 балдан төмен болмауы тиіс.

Грантқа құжаттарды 20 шілдеден 19 тамызға дейін тапсыруға болады.

Онлайн режимінде құжаттарды тапсыру үшін қажетті құжаттарды поштаға жіберу қажет: Mutg_priem2020@mail.ru

Қажетті құжаттар:

1. Ректор атына өтініш;

2. Орта, орта-арнайы білімді растайтын құжат (түпнұсқа);

3. Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);

4. Фото 3*4 – 6 дана;

5. Бал. Анықтама 086-У;

6. ҰБТ сертификаты;

7. Скоросшиватель және конверт

Анықтама телефондары:

+7 (707) 317-43-56, +7 (778) 495-15-33, +7 (777) 192-66-91.

Біздің мекен - жайымыз: 161200, Түркістан қаласы, Байбурт көшесі, 5 (Амфитеатр), Қабылдау комиссиясы.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"