ЖЕҢІС КҮНІНЕ ОРАЙ МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМҒА БІР РЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ БЕРІЛЕДІ

Уақыты: 24.04.2024
Оқылды: 292
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жеңіс күніне орай Талдықорған қаласы бойынша 940 жан бір реттік әлеуметтік төлем алады.


Ал биыл сәуір айында «9 мамыр – Жеңіс күніне орай» берілетін төлем төмендегідей:

3 Ұлы Отан соғысының ардагеріне 1,5 млн. теңгеден, 655 тыл ардагерлеріне 60 мың теңгеден , 30 қайтыс болған Ұлы Отан соғысының ардагерінің жесіріне 60 мың теңгеден, 76 Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған әскери қызметкерге 150 мың теңгеден, 41 Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге 150 мың теңгеден, 4 Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан әскери қызметшілерге 150 мың теңгеден, 56 бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге 100 мың теңгеден, 75 бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қайтыс болған әскери қызметкердің отбасына 150 мың теңгеден төленді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"