Елімізде ескі көліктерге қатысты қандай өзгеріс болады?

Уақыты: 05.05.2024
Оқылды: 374
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Елімізде енді ескі көліктерге салынатын салық мөлшері шығарылған жылына байланысты белгіленеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттарына берген жауабында көлік салығы туралы айтты.

Үкімет басшысы:

"Олар салық сомасын көліктің пайдаланылу мерзіміне және бағасына қарай белгілеу – анағұрлым әділетті болатынын алға тартады. Осыған байланысты жаңадан әзірленіп жатқан Салық кодексінің жобасында автомобильдің шыққан жылына қарай салық салу көлемін де саралап, дифференциациялау тәсілі ұсынылып отыр", – деді.

Елімізде автоколікке байланысты біршама мәселелер бар. Соның ішінде салық мәселесі көптеген жылдар бойы өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Үкімет жобада:

- шығарылғанына 10 жылдан 20 жылға дейін мерзім өткен автомобильдер үшін 0,7;

- шығарылғанына 20 жылдан асып кеткен автокөліктер үшін – 0,5 коэффициентке төмендетуді ұсынған.

Премьер-министр Салық кодексіне енетін өзгеріс пысықталып жатқанын айтты. Үкімет шешімді мақұлдаған, жоба әлі талқыланады.

Фото: depositphotos.com