«Дамуға» дән риза

Уақыты: 11.04.2024
Оқылды: 541
Бөлім: ОН САУСАҚ

Жеке кәсіпкер Алпамыс Сейілханов сумен жабдықтау және кәріз жүйелері үшін құбырлар салу саласында жұмыс істейді.  

Аталған сала бойынша тәжірибесі бар кәсіпкер осы бағытта бизнеспен айналысуға шешім қабылдайды. Сөйтіп, ол арнайы тиегіш техника сатып алады. Бұл техника негізінен сумен жабдықтау және кәріз жүйелеріне арналған құбырлар мен автожолдар, сондай-ақ, басқа да құрылыс салаларында жұмыс атқарады. 

Кәсіпкер «Банк ЦентрКредит» АҚ-на жүгініп, несиеге қол жеткізеді. Жобаға «Даму» қоры 1 бағыт шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қолдау танытады.

Алпамыс Ақсұлтанұлының айтуынша, қазіргі уақытта фронтальді тиегіштер үлкен сұранысқа ие. Сондай-ақ, ол бүгінде мемлекет кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрін жасап жатқанын, кепілдік беріп, қолдау көрсеткен «Даму» қорына риза екенін және осының арқасында арнайы техника сатып алғанын, осылайша кәсібін өрістететінін сөз етті. 

А. Ыбырай
Талдықорған қаласы
Фото: damu.kz