Кейінгі айқасында нокаутқа түскен қазақстандық енді экс чемпионмен жекпе-жекке шығады

Уақыты: 05.05.2024
Оқылды: 348

Ресейлік АСА промоушенінің баспасөз қызметі қазақстандық Артем Резниковтың келесі жекпе-жегі туралы құлақтандырды.

Резников 28 маусым Сочиде өтетін жекпе-жек кешіне қатысады, қарсыласы ресейлік Мухамед Коков (19-12). Бұл кездесу жеңіл салмақ лимитінде өтеді. 

"Дивизиондағы ең мықты балуандардың кездесуі АСА 177 турнирінде өтеді! Бұл аттарын шығарып үлгерген споортшылар, ал Мухамед Коков жартылай жеңіл салмақта чемпион да болған. Біз стилі жағынан ұқсас және теңдей қарсыластардың айқасын тамашалаймыз", - делінген хабарламада.

Фото ©️ IG/artem.rez