Димаш Құдайберген: "Атам қазақ тілінде сөйлеуді бұйыратын"

Уақыты: 05.09.2023
Оқылды: 846
Бөлім: РУХАНИЯТ

Димаш Құдайберген орыс тіліне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Ресей радиосының тілшісі Димашқа тілге қатысты сұрақ қойды:

- Кеңес Одағы ыдырағанда Сіз үште болған екенсіз. Бәрі жаппай шет тілін меңгеруге ұмтылған кез. Жалпы үйіңізде орыс тілінде сөйлесесіздер ме?

- Біздің үйде темірдей тәртіп бар. Атам да, әкем де, апам да, анам да бәрімізге қазақ тілінде сөйлеуді бұйыратын. Мен мұны дұрыс деп білемін. Әр ұлт өкілі ең алдымен өз ана тілін сыйлауы тиіс, әрине өз тілінде көбірек сөйлеуге тырысуы керек. Сондай бір өтпелі кезеңде елге еліктеп кетпей, қазақтілді жас болып өскеніме мақтанамын."

Дереккөз: Айдос Жұқанұлының парақшасынан