Асығыңыз. Umai-2023 сыйлығына қатысуға өтінімдер қабылдаудың аяқталуына екі апта қалды

Уақыты: 17.11.2023
Оқылды: 688
Бөлім: РУХАНИЯТ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданатынын еске салды. Биыл Umai сыйлығының саны артты, ал "Театр өнері", "Хореографиялық өнер","Музыкалық-орындаушылық өнер", "Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер" номинациялары бұрынғыша қалды.

- Umai-2023 шығармашылық мамандық өкілдерінің асқанқызығушылығын оятатындығына жәнетәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері өз қарауынаотандық өнердің дамуына тың серпін беретін қызықты да сан алуан жұмыстарды алатынына сенімдіміз. Еліміздің өңірлерінен қатысушылар саны артадыдеп күтудеміз,өйткенібайқаудыңжоғары ұлттық дәрежесі жастарға шығармашылық шыңдарды бағындыруға серпін бере алады, - деп атап өтті Umai ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті.

Ұйымдастыру комитеті өтінімдерді белсендірек тапсыруға шақырды. Қосымша толығырақ ақпаратты алу үшін "Астана Операның" ресми сайтына кіріп, "Umai-2023 сыйлығы" бөлімінде қатысуға қажетті құжаттар тізімін оқып шығу керек.

Umai ұлттық сыйлығы әуел бастанеліміздегі өнер адамдарын біріктіру үшін тағайындалған болатын.

–Біз қазақстандық мәдениеттің дамуына үлесін қосып жүрген барлық жандардыөз шығармашылығын ұсынып, әріптестерінің жетістіктерімен танысудың және шығармашылық байланыстарды нығайтудың бірегей мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Ұлттық өнерді қолдау әрі дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осы жылы сыйлықтар санынедәуір ұлғайтқанын, сәйкесінше ақшалай жүлделердіңде артқанын еске саламыз.Сонымен, биыл сыйлықтың жүлде қоры 79 миллион теңгені құрады, - деп қорытындылады ұйымдастыру комитеті.

Umai ұлттық сыйлығы – еліміздің өнер саласындағы ең мәртебелі әрі беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайын ол жаңа біртуар қайраткерлердің есімдерін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етеді.

Ақпарат дереккөзі: massaget.kz