Бүгін - Жамбыл Жабаевтың туған күні

Уақыты: 28.02.2024
Оқылды: 974
Бөлім: РУХАНИЯТ

Бүгін - ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың туған күні.

Ақынның мұрасы қазақ халқы тарихының айнасы болса, патриоттық пен сүйіспеншілікке толы поэзиясы қазақ әдебиетінің жауһарына айналды.

Ол азаматтық және саяси поэзияның дамуына орасан зор үлес қосты. Жамбыл Жабаевтың «Туған еліме» толғауы бүкіл Кеңес Одағына ақынның даңқын паш етті.

1936-1945 жылдар аралығында жарық көрген өлеңдерінің көлемі 13 мың тармақтан асты. Ақын елдің жетістіктер мен жаңалықтарын, Ұлы Отан соғысындағы жеңісі мен ерлігін ерекше ықыласпен дәріптеді.

Оның шығармалары әлемнің 50-ден астам тіліне аударылған.

Жамбыл Жабаев 1938 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына сайланып, 1941 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.

Сондай-ақ Ленин, Еңбек Қызыл Туы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.