200 түп ағаш отырғызылды

Уақыты: 22.04.2024
Оқылды: 239

«Таза Қазақстан» акциясы аясына аймақтағы ақ қалатты абзал жандар да өз үлесін қосуда.  «Жасыл апталық» шарасы аясында Талдықорған қаласындағы облыстық фтизиопульмонологиялық және  принаталдық орталықтарының дәрігерлері  200 түп ағаш егіп, ортаны жасылдандыруға сеп болды.

Жалпы, облыстағы емдеу орталықтары мен ауруханалар үшін ең алдымен ескерілетін дүние – ортаның тазалығы мен көркемдігі. Өйткені, бірінде адам өміріне тым қауіпті аурулар емделетін, енді бірінде еліміздің болашағы саналатын сәбилер өмірге келетін орталықтардың да басты қағидасы осыған бағытталады.

 Дегенмен, жасыл желек отырғызу оңай болғанымен, оны күтіп, баптау, өсіруге де аз күш кетпейді. Бірақ дәрігерлер: «Ем іздеп келген науқастарға қандай көңіл бөсек, жаңадан отырғызылған жас өскіндерге де сондай қараймыз» деген сенімде.

Қажет Андас