АБАЙЛАҢЫЗ, МҰЗ БЕТІМЕН ЖҮРУ ҚАУІПТІ! ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЕСКЕРТЕДІ

Уақыты: 21.01.2022
Оқылды: 1219
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мұзда қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Ережелер реті мынадай:

- бір адам үшін қатқан өзен-көл үстімен жүруі үшін мұздың қалыңдығы 10 см кем емес болуы тиіс;
- мұз үстімен бірнеше жаяу адам жүретін жол жасау үшін оның қалыңдығы 15 см-ден көп болуы керек;
- автомобильдердің жүруі үшін мұздың қауіпсіз қалыңдығы - кемінде 30 см.

Бүгінгі таңда Алматы облысының өзен-көлдерінде мұздың беріктігі әлсіреген. Мұз тез ағатын арналарда, сондай-ақ, су өсімдіктері өсетін жерлерде, ағаштарға, бұталарға, қамыстарға жақын аймақта берік емес болады.

- егер ауа температурасы 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25%-ға төмендейді;
- мұздың беріктігін көзбен шолып анықтауға болады: көк түсті мұз – берік, ақ түсті – оның беріктігі 2 есе аз, күңгірт ақ немесе сарғыш түсті – сенімсіз.

Мұздың қалыңдығы 7 см-ге жеткенде ғана балық аулауға болады, бірақ егер қысқа мерзімді еру пайда болып, жаңбыр жауса, мұндай мұз қауіпті болуы мүмкін.

Мұзда балық аулау кезінде қар астындағы терең жарықтардан сақ болу керек, бір-бірінен жақын қашықтықта бірнеше тесік тесуге кеңес берілмейді - бұл мұзды әлсіретеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"