ШЕЛЕК АУЫЛЫНЫҢ МАҢЫНДА КӨЛІК АПАТЫНАН ЕКІ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 19.08.2022
Оқылды: 2169
Бөлім: КҮНДЕРЕК

"Алматы-Шелек" автожолында көлік апатынан екі адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

«18 тамыз күні сағат 13:40-та Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 109-шы шақырымында көлік апаты болды. 27 жастағы «Хюндай Соната» көлігінің жүргізушісі бір бағытта келе жатқан «Деу Нексия» көлігіне соқтығысқан. Салдарынан «Деу Нексия» көлігі жолдың жиегіне аударылған. Оқиға орнында аталған көліктің екі жолаушысы мерт болды», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, қазір аталған оқиғаға орай ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-тармағы бойынша іс тіркелді. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"