ТАЛДЫҚОРҒАНДА КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ТЕРЕЗЕСІНЕН БАЛА ҚҰЛАП КЕТТІ

Уақыты: 19.08.2022
Оқылды: 2067
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен бала құлап кетті.

Аталмыш факті «Қаратал» шағынауданында тіркелді. 18 тамыз күні кешкі уақытта екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлаған. Белгілі болғандай, бала ересектердің қарауынсыз қалған. Баланың анасы бүлдіршінді бір сәтке үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен. Қуанышқа орай, бала аман қалды.

«Шақырту бойынша келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оны тексеруде. Дәрігерлер балаға көмек көрсетуде. Оның анасы да сонда», – дейді Жетісу облыстық полиция департаментінің өкілі Қайсар Мұхметов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"