ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОРТА ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ КӘРІЗ ҚҰДЫҒЫНА ҚҰЛАП КЕТТІ

Уақыты: 04.09.2022
Оқылды: 1464
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда орта жастан асқан ер адам екі метрлік кәріз құдығына құлап кетіп, аман қалды.

«Шақыру орнына дереу жедел құтқару жасағының жеке құрамы, сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлері жіберілді. 18 сағат 45 минутта ер адам тереңдігі 2 метрге жуық шұңқырдан шығарылып, "Жедел жәрдем" бригадасына денсаулығын тексеру үшін табысталды. Нақтыланған мәліметтерге сәйкес, кәріз құдығы фанерамен жабылған. Ер адамның салмағының ауырлығынан фанера жарылып кеткен. Ол аздаған жарақат алды», - делінген Жетісу облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.

Ер адамды құтқаруға 5 құтқарушы, 1 техника және 1 "Жедел медициналық жәрдем" бригадасының маманы қатысты.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"