ӘКІМ ОРЫНБАСАРЫ МЕН БАСҚАРМА БАСШЫЛАРЫ АУЫСТЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Уақыты: 05.09.2022
Оқылды: 1331
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы әкімінің өкімімен және Президент әкімшілігінің келісімімен Нұржан Кеңесұлы Құдайбергенов Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Сонымен бірге, Алматы облысында екі басқармаға жаңа басшы келді.

Нұржан Кеңесұлы 1963 жылы туған, білімі жоғары. 1986 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «архитектор» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1986 жылы Қазақстанның фосфор өндірісі ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.

Әр жылдары «Алматы бас жоспар» мемлекеттік жобалау институтының сәулетшісі, «Сәулет» шағын сәулет-өндірістік кәсіпорнының сәулетшісі, «ГеоСәулет» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының инженер-сәулетшісі, Іле ауданы әкімі аппаратының бас маманы - бас сәулетшісі, Іле ауданы қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы, Текелі қаласының, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған.

2019 жылдың қыркүйек айынан осы уақытқа дейін Райымбек ауданының әкімі лауазымында болды.

***

Алматы облысының екі басқармасына жаңа басшы келді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің өкімімен Асылан Саматұлы Ораз Алматы облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Асылан Саматұлы 1983 жылы туған, білімі жоғары. 2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша, 2016 жылы ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Саясаттану, әлеуметтік білімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, эксперті, бас эксперті, ҚР Қаржы, экономика және бюджетті жоспарлау министрліктерінің басқарма бастығы, департамент директорының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2014 жылдың қазан айынан ҚР Қаржы министрлігі көлік және коммуникация өнеркәсібі бюджеті департаменті директорының орынбасары лауазымында болды. Сондай-ақ, Алматы облысы әкімінің өкімімен Алмас Сұлтанұлы Батанов Алматы облысы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Алмас Сұлтанұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары.

2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттау жүйесі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Алматы технологиялар және бизнес университетін «стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Ноттингем Университетін «ақпараттық технологиялар менеджменті» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы «Метрология» РМК Алматы филиалының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары «Қазақстан метрология институты» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының жетекші маманы, «ҚазИнМетр» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының бас маманы, бөлім, басқарма бастығы, «ҚазИнМетр» РМК орталығының басшысы, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ бас менеджері - бас сарапшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің сарапшысы, консультанты, референті, ҚР Өңірлік даму министрлігінің департамент директоры, ҚР Премьер-Министрі Бірінші Орынбасарының кеңесшісі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі басшысының орынбасары,

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің комитет төрағасы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі, Павлодар облысы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы, Алматы қаласы қаржы басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"