ЖАРКЕНТ, ҚОНАЕВ ҚАЛАЛАРЫНЫҢ МАҢЫНАН БІРНЕШЕ ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАБЫЛДЫ

Уақыты: 25.09.2022
Оқылды: 1443
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу және Алматы облыстарында жасырын орыннан бірнеше қару-жарақ табылды.

ҚР Ішкі істер министрлігі көліктегі полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қонаев қаласының маңында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құрылыс қалдықтарының үйіндісі аумағында теріге оралған тегіс ұңғылы 4 аңшылық мылтық пен 12-калибрлі 22 оқ-дәрі тауып тәркіледі.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев мәлім еткеніндей, аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

«Қазіргі кезде қару мен оқ-дәрілерді сақтауға қатысы бар адамдар анықталуда. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді», - деді О.Бекеев.

Екінші дерек Жаркентте тіркелді. Қала маңындағы қараусыз қалған ғимарат ішінде мектеп сөмкесіне жасырылған оқ-дәрілері бар қару табылды. Ондағы деректерге қарағанда, рюкзакта аң аулайтын мылтықтың екі қыры, "Retay" тапаншасы, сондай-ақ, 12 калибрлі төрт патрон болды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"