ЖАРКЕНТ МАҢЫНДА ЖЕҢІЛ КӨЛІК ЕСЕККЕ СОҚТЫҒЫСЫП, БІР АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 07.10.2022
Оқылды: 2653
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолында тағы бір жол апаты тіркелді.

Бұл жолы жүйткіген жеңіл көлік есекке соғылды. Жол апатынан көліктегі екі адам зардап шекті. Тағы бір адам оқиға орнында көз жұмды.

«Жол-көлік оқиғасы кеше кешке «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының 275-ші шақырымында болған. "Audi A-4" көлігі жолға шығып кеткен есекке соқтығысқан. 21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, екі адам ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр. Есектің иесі әлі анықталған жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"