ТАЛДЫҚОРҒАНДА ТАЛ ЕГІЛІП, ЖАРТЫ ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Уақыты: 17.10.2022
Оқылды: 1666
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сенбі күні мекеме қызметкерлері қала көшелері мен күл-қоқыс төгілетін орындардың маңайын тазалап, көркейту мәселесіне бір кісідей атсалысып, 2 мыңға жуық тұрғын қатысты.

Сенбілікке қоғамдық, ардагерлер мен жастар ұйымдары, қалалық кәсіпорындардың қызметкерлері, мектептер мен балабақшалардың, мәдениет және спорт мекемелерінің ұжымдары және қала тұрғындары шықты. Тазалық жұмыстарына 100 дана шаруашылық керек-жарақтар, 50 бірлік жүк және қоқыс тиеу техникасы жұмылдырылды. Нәтижесінде 48 көше, 2 саябақ, 40 шақырым арық жүйесі тазартылып, 420 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Талдықорған қаласы,

Жетісу облысы